• kz

ҚДБ әріптестері өңірлерді дамытуда

DSC06628.jpg 

Компания өкілдерінің деректері бойынша зауыт жұмысының соңғы 5 айы ішінде 5 526 тонна натрий цианидін және 1 226 тонна аммониді құрады. Тәулігіне 50 тоннаға дейін натрий цианидін шығаратын кәсіпорынның жылдық жобалық қуаты 15 мың тонна өнімді құрайды. Қалдықсыз технологияны көздейтін өндіріс процесі де жылына 5 мың тоннаға дейін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін қосымша және пайдалы өнім – аммоний сульфатын шығарады. Химия кәсіпорнының арқасында Талас аудандық бюджетіне ағымдағы жылдың басынан бері ғана 98,2 млн теңге түсті.

Біздің зауыт Жамбыл облысының Талас ауданындағы қала құраушы кәсіпорындардың бірі болып табылады. Зауыттың өнеркәсіптік-өндірістік персоналының 90% астамы жұмысқа жергілікті тұрғындардан қабылданды. Мұндай нәтижелерге өңірдің жұмыспен қамту орталығының бөлімдермен жасалған тығыз жұмыстың арқасында қол жеткізілді. Бүгінгі таңда Қаратау шағын қаласынан және жақын орналасқан елді мекендерден жұмыс күшінің басқа жаққа ағылуы тоқтады. Әлеуметтік-экономикалық жағдай жақсарды»,

- деді «Talas Investment company» ЖШС бас директоры Ерлан Нұрханов.
DSC06680.jpg 

Шынында да КСРО кезінде Қаратау қаласы химия өндірісінің орталығы және орасан зор өнеркәсіптік кешеннің орталығы болып есептелді. Халықтың саны қайта құру басталғанға дейін 60 мыңнан астам адамды құрады. Қазір ол кездегі жағдайдан естелік қана қалды. Ресми статистика бойынша ағымдағы уақытта онда 30 мыңға жетпейтін қазақстандықтар тұрады. Қаратаулықтарды тұрақты табыспен қамтамасыз етіп отырған ірі кәсіпорындардың арқасында жергілікті халықтың кетуін тоқтатуға қол жеткізілді.

Нұрханов мырзаның айтуынша, зауыт жұмысының қарқыны жыл өткен сайын артуда. Қазірдің өзінде натрий цианидінің бүкіл көлеміне дерлік келісімшарттар жасалған, өнімнің көпшілік бөлігі Тәжікстанға, Қырғызстанға және Ресейге экспортқа жөнелтіледі. Соған қарамастан, компания басшылығының болашаққа арналған жоспарлары бұдан да ауқымды. Қосымша қуаты жылына 15 мың тонна болатын зауыттың екінші желісінің құрылысын салу жоспарлануда. Мұндай қадамды өсіп отырған сұраныспен түсіндіруге болады, натрий цианиді нарығының жай-күйіне жүргізілген маркетингтік талдауға сәйкес ішкі нарықтың сұранысы 20-25 мың тоннаны құрайды. Оның үстіне, 2021-2022 жылдары тұтынудың ұлғаюы үрдісі байқалады. Жоспарланып отырған жобаны іске асыру импорт алмастыру жөніндегі мемлекеттік саясатқа толық сәйкес келеді, ол өнімнің өзіндік құнын азайтуға және қазақстандық нарықтың қажеттіліктерін отандық өндіріс өнімдерімен жабуға мүмкіндік береді. Салыстырар болсақ, бұрын Қазақстанның алтын өндіретін компанияларына натрий цианидінің жергілікті нарықта болмауына байланысты оны қазіргі бағадан 30-40% қымбат бағамен импорттауға тура келетін.

DSC06708.jpg 

Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына кіретін кәсіпорынның ҚДБ-ның қолдауымен Жамбыл облысы Талас ауданының Қаратау қаласында 2014 жылғы маусым айында іске қосылғанын еске саламыз. Банк Жобаны іске асыруға 15 жыл мерзімге 16,2 млрд теңге қарыз бөлді. Жобаның жалпы құны 80,495 АҚШ долларын құрады. Қазір бұл негізінен алтын өндіретін өнеркәсіпте сілтісіздендіруге арналған реагент ретінде пайдаланылатын қымбат бағалы импортталатын өнім – натрий цианидін өндіру жөніндегі Қазақстандағы жалғыз зауыт. Зауыттағы өндірістік процесс толығымен автоматтандырылған, бұл жерде тұрақты түрде 550 астам жұмыс істейді. Сөз реті келгенде айта кетейік, биылғы жылы «Talas Investment Company» компаниясы отандық тауар өндірушілердің «Қазақстанның үздік тауары-2019» өңірлік конкурс-көрмесінде «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Енді кәсіпорны осы номинация бойынша республикалық деңгейде үздік атану үшін күресетін болады.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79