• kz

ҚДБ: «АгромашХолдинг KZ» АҚ комбайндар өндірісін локализациялау деҚДБ: «АгромашХолдинг KZ» АҚ комбайндар өндірісін локализациялау деңгейін 60% дейін жеткіздіңгейін 60% дейін жеткізді

«АгромашХолдинг KZ» АҚ – зауытта локализациялауды арттыру үшін өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімге қол қойған Қазақстандағы алғашқы кәсіпорын. Қазірдің өзінде елдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылатын оң нәтижені – 60% көруге болады. Соған қарамастан, компания өкілдерінің айтуы бойынша бұл жетістіктің шегі емес. Өндірістің 7 жылында операциялар спектрін ұлғайту, атап айтқанда, көлбеу камера мен оның транспортерін, кабинаны және т.б. дәнекерлеуді, июді, пішуді, сырлауды қоса алғанда, дайындамаларды тереңдетіп өңдеуге көшу жоспарлануда. Осындай жаңашылдықтарды енгізу өндіріс процесін неғұрлым технологиялы етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ қолда бар локализацияны еселеп ұлғайтады.

IMG_9769.jpg 

Өндірісті «локализациялау» тақырыбы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Склярдың таяудағы сөзінен кейін әсіресе өзекті бола түсті, ол отандық өндірісті ынталандыру үшін утилизациялық алым енгізу қажеттігі туралы мәлімдеген болатын. Шынында да, сарапшылар Қазақстанның ең болмағанда негізгі позициялар бойынша өзінің ауыл шаруашылығы машиналарын жасау өндірісі болуға тиістігі туралы пікірді бірнеше рет айтқан болатын. Осыған байланысты республикадағы ауыл шаруашылығы машиналарын жасайтын аса ірі кәсіпорын – «АгромашХолдинг KZ» АҚ өкілдері қарқынды бәсеңдетпейді. Ағымдағы жылдың соңына дейін «ESSIL» маркалы астық жинау комбайндарының 400 астам бірлігін, тіркеме және аспалы техниканың 300 астам бірлігін және 250 бірлікке жуық орташа тарту класындағы тракторлар жасауды жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда кәсіпорын жыл сайын нарықтағы барлық комбайндардың 45% жуығын өндіреді. Жоспарда – өндірісті жылына 1 000 бірлік комбайнға дейін арттыру міндеті тұр.

IMG_9776.jpg 

Зауыт өткізу нарығын ұлғайту үшін ынтымақтастықты жақсарту және жаңа мүмкіндіктер іздестіру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Осы жылдың сәуір айында кәсіпорын «Петербург трактор зауыты» АҚ-мен уағдаластыққа қол жеткізді, атап айтқанда, тараптар «АгромашХолдинг KZ» АҚ-да «Кировец» маркалы тракторлар және олардың құрамдас бөлшектері өндірісін ұйымдастыру» жобасын іске асыру жөніндегі жол картасына қол қойды.

Біздің кәсіпорын базасында тиісті келісімге қол қойылып та қойды. Қазір біз жобаны іске асыру мәселесін пысықтаудамыз, қазақстандық өндіруші зауыттардың өндірістік процестердің ортақ тізбегіне қатысуы мақсатында «Кировец» маркалы тракторлардың қосалқы бөлшектерін локализациялауға арналған кооперация мәселесі талқылануда»,

- делінді компанияның баспасөз қызметінде.
IMG_9673.jpg 
Кәсіпоррын қуаттарын жаңғырту және кеңейту Даму Банкінің қолдауының арқасында мүмкін болғанын еске саламыз. ҚДБ Қостанай дизель зауытының қуаттарын қалпына келтіру және ауыл шаруашылығы техникаларына қызмет көрсету жөніндегі сервис орталықтары желісін құру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникаларын сату және оларға қызмет көрсету жөніндегі сервис орталықтарын кеңейту және жаңғырту сияқты екі бағыт бойынша «АгромашХолдинг KZ» АҚ әріптесі болып табылады.
АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79