• kz

ҚДБ қазақстандық экспорттаушыларды қалай қолдайды

ҚДБ Инфрақұрылымдық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – «Нұрлы жол» бағдарламасы) іске асырудың «отандық экспорттаушыларды қолдау» бағыты бойынша операторы бола отырып, 2015 жыл – 2019 жылдың 1-тоқсаны аралығындағы кезең ішінде 360,8 млрд теңге сомасында 17 кәсіпорынға қолдау көрсетті. Соның нәтижесінде, ҚДБ-ның осы қаржылық көмегінің арқасында шетелдік нарықтарға 452 млрд теңгеден астам сомадағы отандық өнім экспортталды.

Image2.jpeg

Банктің мандаты Қазақстан экономикасын тұрақты дамытуға және әртараптандыруға жәрдемдесуді қамтиды. Өз міндеттерін сапалы орындау үшін Банкте құралдардың мынадай: инвестициялық жобаларды орта мерзімді және ұзақ мерзімді қаржыландыру, лизинг және саудалық қаржыландыру, жобаларды және кері капиталды қаржыландыру, Қазақстан банктерін және резидент емес банктерді банкаралық кредиттеу сияқты кең спектрі жұмыс істейді. ҚДБ экспорттық қаржыландыруға да ерекше назар аударады. Мысалы, өткен жылдың тамыз айында біз «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша шикізаттық емес экспортты қолдау шеңберінде қаржыландыру ставкасын азайттық. Қарыз алушылар үшін сыйақының ақырғы ставкасы теңгемен жылдық 8% аспайтын шаманы құрады»,

- деді Владимир Ли.

Шынында да, бәсекеге қабілетті экономиканы дамыту көбіне-көп мемлекеттің экспорттық әлеуетінің дамуына байланысты болады. Сауда саясатын жүйелі түрде құру, жұмыс істеп тұрған өткізу нарықтарын кеңейту және жаңаларын іздеу қажет. Оның үстіне, президент Тоқаев атап өткендей, көлемді ұлғайтып қана қоймай, сонымен бірге экспортталатын тауарлар қоржынын да «күрделендіру» маңызды. Ресми деректер бойынша, бүгінгі таңда отандық экспорттың 70% астамын өндіру өнеркәсібінің өнімдері құрайды. Даму Банкі өз кезегінде шикізатты өңдеу саласындағы инфрақұрылым мен өнеркәсіпті дамытады, сол арқылы Қазақстан экономикасының әртараптануына жәрдемдеседі. Айталық, Қолдау бағдарламасының барлық жұмыс істеген кезеңі ішінде өз өнімін халықаралық нарықтарға экспорттайтын ҚДБ әріптестері қазынаға салық аударымдары түрінде 30 млн теңгеге жуық қаржы төледі. ҚДБ жобалары жинағында тамақ өнеркәсібінің 6 экспорттаушысы бар екенін атап өту қажет, олар: "RG Brands Kazakhstan" ЖШС, "Баян-Сулу" АҚ, "Маслодел" ЖШС, "Шымкентмай" АҚ, "Сүт өнімі" ЖШС және "ПК "Сей-Нар" ЖШС.

Бағдарлама шеңберінде ұсынылатын экспорталды қаржыландырудың шарттарына сәйкес, жаңартылатын кредиттік желі кейіннен экспортқа жіберілетін дайын өнім өндіруге арналған шикізат пен материалдар сатып алу мақсаттарына берілуге тиістігін еске саламыз, өңдеу өнеркәсібі нысаналы сала болуға тиіс, сондай-ақ экспорттық келісімшарттың болуы қажет.

Экспорттық операцияны қаржыландыру шарттары:

қарыздың ең аз сомасы – 1 млрд теңге;

қарыз валютасы – теңге

кредиттеу мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімді құрайды.

Экспорттық операцияны қаржыландыру шарттары:

кредит сомасы – 3 млн АҚШ долларынан басталады,

қаржыландыру валютасы – АҚШ доллары, евро, Ресей рублі,

қарыз мерзімі – 10 жылға дейін.

3.png 
4.png 

Экспорттық қаржыландыруға мүдделі заңды тұлғалар ҚДБ Клиенттермен жұмыс жөніндегі дирекцияға мынадай байланысу деректері бойынша хабарласа алады: +7 7172 79 26 11 (Владимир ЛИ, Динара РЫСКЕЛДИНА, Ербол СӘЛІМБАЕВ).


АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79