• kz

ҚДБ: Қазақстанның электролиз зауыты алюминий өндірісін және оның экспортын ұлғайтты

4.JPG

2019 жылдың бірінші жартыжылдығы ішінде Қазақстан электролиз зауыты 130 мың тоннадан астам бастапқы алюминий өндірді. Салыстыратын болсақ, өткен жылдың осындай кезеңі ішінде кәсіпорын 127 мыңнан астам өнім шығарған болатын. Осылайша, өндіріс көлемі 2,4% ұлғайды.

Оның үстіне, зауыттың баспасөз қызметінің деректері бойынша, ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында бастапқы алюминий экспортының да 122 мың тоннаға өсуі байқалады, бұл өткен жылғы бірінші жартыжылдық көрсеткішінен (116 мың тонна) 5,2% жоғары. Ресей, Украина, Белоруссия және Өзбекстан зауыттары Қазақстан алюминийінің барынша ірі тұтынушылары болып табылады. Бастапқы алюминий өндірісі көлемінің ұлғаюы өндірістің интенсификациялануымен байланысты, ал экспорттың өсуі тұтынушылар арасында сұраныстың ұлғаюымен байланысты.

«Қазақстан электролиз зауыты» АҚ – жоғары маркалы бастапқы алюминий өндіретін Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын. Оның құрылысы ҚДБ қаржылық қолдауымен жүргізілді. Павлодар облысында қуаты 250 мың тонна бастапқы алюминий өндіру жөніндегі зауыттың құрылысын салуға Банк 15 жыл мерзімге 400 млн АҚШ доллары мөлшерінде қарыз берді. Қазір кәсіпорында 2488 қызметкер еңбек етеді, оның ішінде 2202 адам – өндірістік персонал.

BAM_7352.jpg

Бірінші кезек іске қосылған 2007 жылдың соңында Қазақстан электролиз зауыты 11 мың тонна бастапқы алюминий шығарды. 2010 жылы Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өндірістің екінші кезегін іске қосты, ол кәсіпорынды 250 мың тонна жобалық қуатқа шығарды.

Зауыт өкілдері хабарлағандай, 2018 жылы барлығы 258,4 мың тонна бастапқы алюминий өндірілді. Бұл кәсіпорын жұмысының бүкіл тарихы ішіндегі рекордтық көрсеткіш екендігін атап өтуге болады. Биылғы жылы алюминий өндірісінің 1,3% өсуі күтілуде. Болашақта 250 мың тонна ұқсас қуатымен үшінші кезектің іске қосылуы жоспарлануда. Жоба бойынша ол екінші кезек деп аталады, алайда, ол мәні бойынша үшінші. Басқаша айтқанда, зауыт ішіндегі зауыт. Қазір жоба қарастырылуда, құрылыс басталған жоқ, сондықтан тапсырылуының нақты мерзімі туралы айтуға әзірше ерте.  Дей тұрғанмен, жоба мемлекет басшысының жеке бақылауында тұр.

Павлодардағы электролиз зауытының екінші кезегінің құрылысына үлкен үміт артылады, бұл жоба 2023 жылға дейін 150 млрд теңге инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Алюминий өндіру екі есе артады»,

- деп атап өтті Павлодарға жұмыс сапарының барысында «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-да өткен еңбек ұжымдары өкілдерімен және облыс ардагерлерімен кездесуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы электролиз зауыты өндірісін кеңейту қалада 1 500 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретіндігін де атап өтті.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79