• kz

ҚДБ қаржыландыруы жағдайында 260 астам ауылдар Интернетке кең жолақты қол жетімділікпен қамтамасыз етілді

Тартылған талшықты-оптикалық байланыс желілерінің (ТОБЖ) жалпы ұзындығы шамамен 3 мың километрді құрайды. ТОБЖ Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстарының аумақтарында тартылды. Жобаны іске асырушы – «SilkNetCom» ЖШС – тағы да 160 ауылдағы 505 нүктені кең жолақты қол жетімділікке қосуды жоспарлап отыр.

АО Транстелеком (ВОЛС).jpeg

Бұған дейін Қазақстанның Даму Банкінің (ҚДБ, «Бәйтерек» Холдингінің еншілесі) баспасөз қызметі еліміздің барлық облыстарындағы ауылдық елді мекендерді интернетке кең жолақты қол жетімділікпен (КҚЖ) қамтамасыз ету жөніндегі «SilkNetCom» ЖШС  жобасы бойынша қаржыландырудың ашылғаны туралы хабарлаған болатын. Жобаның құны 16,8 млрд теңгені құрайды. ҚДБ 12 жыл мерзімге 13,3 млрд теңге сомасында несие берді. Жоба шеңберінде ҚДБ қаржыландыруымен 2020 жылға қарай «Транстелеком» АҚ-ның жұмыс істеп тұрған магистралдық желілерінен еліміздің барлық өңірлеріне жалпы ұзындығы 6 200 км болатын талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту жоспарланып отыр. Бұл 1 млн-ға жуық ауыл тұрғындарын КҚЖ-мен қамтамасыз ете отырып, 1222 мемлекеттік орган мен бюджеттік мекемелерге жоғары жылдамдықты қол жетімділік ұсынуға мүмкіндік береді.

Ауылдық елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернет желісімен қамтамасыз ету жөніндегі біздің күш-жігеріміз байланыс жылдамдығын арттыру мен жергілікті білім беру, медициналық, әлеуметтік мекемелердің жұмыс сапасын жақсартуға ғана емес, сонымен бірге тұтастай қала мен ауылдың арасындағы цифрлық теңсіздікті азайтуға да бағытталған. Басқаша айтқанда, жоғарыда көрсетілген ұйымдардың қызметкерлері ғана емес, сонымен бірге басқа тұрғындар да жоғары сапалы интернетке қол жетімділік алады. Ауыл тұрғындарында үйінде отырып қолайлы жағдайларда электрондық үкіметтің, электрондық денсаулық сақтаудың және т.б. қызметтерін пайдалану мүмкіндігі болады, ал ол оффлайн қызметтерімен салыстырғанда олардың уақыт және қаржылық шығындарын айтарлықтай азайтады»,

- деп түйіндеді «SilkNetCom» ЖШС  бас директоры Әсет Зейнуллин.

«Ағымдағы жылдың шілде айында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік саласында елеулі әлеует бар, кәсіпкерлер мемлекетпен әріптестікті өздерінің бизнес-жобаларын іске асыру базасы және көзі ретінде қарастыра бастады. Қазақстанның Даму Банкі үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік  форматындағы кредиттеу – жаңа қаржы құралы болып табылады. Мультипликативтік әлеуметтік тиімділікті ескергенде, МЖӘ шарттарындағы алғашқы жоба ауылдардың жоғары сапалы Интернетке қол жетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жоба болып отыр», - деп атап өтті ҚДБ Клиенттермен жұмыс жасау дирекциясының аға банкирі Әсем Шәкенова.

Ағымдағы жылдың жаз айларында ҚДБ өзінің кредит саясатына өзгеріс енгізгенін және кредиттеудің жаңа құралын – мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті енгізе отырып, Банктің қаржылық инструменттер қоржынын кеңейткенін атап өтеміз. Банк МЖӘ жобалары үшін ең төменгі «шекті» 3 (үш) миллиард теңге деңгейінде белгіледі.

Банктің кредит беруінің қалған шарттары айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жоқ. Инвестициялық жобаларды қаржыландырудың «шегі» 7 млрд теңгені, тамақ өнеркәсібі саласы үшін - 3 млрд теңгені, экспорттық операциялар үшін - 1 млрд теңгені құрайды.

Банктің http://www.kdb.kz корпоративтік сайтында ҚДБ Кредиттік саясаты туралы меморандумының мәтінімен, қаржыландырудың басым бағыттарымен, ҚДБ көрсететін қызметтер туралы ақпаратпен және үлгі құжаттармен танысуға болады.


АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79