• kz

ИИДМБ және Қазақстанда мұнай өңдеуді дамыту

KPA АНПЗ.jpg

Өндірілген мұнайдың бір бөлігі Шымкентте, Атырауда, Павлодарда, Ақсайда және т.б. орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына келіп түседі. 2015-2019 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде Қазақстаның Даму Банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) қаржыландырған ірі мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту олардың мұнайды жоғары қайта өңдеу өніміне айналдыру жөніндегі өндірістік қуаттарын кеңейтуге ықпал етті.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің шілдедегі кеңейтілген отырысында атап өткендей, Бағдарлама экономикадағы өңдеу секторының үлесін сақтауға және Қазақстанда бұған дейін болмаған жаңа өндірістер құруға мүмкіндік берді. Мәселен, Индустрияландыру шеңберінде Атырау мұнай өңдеу зауыты хош иісті көмірсутегілерін шығару жөніндегі жаңа өндірістік кешенді іске қосты, ол жыл сайын параксилол және бензол сияқты мұнай-химия өнімдерін тиісінше 496 мың тонна және 133 мың тонна  көлемінде өндіруге мүмкіндік береді.  Жақында мұнайды тереңдетіп қайта өңдеу жөніндегі жаңа кешенді пайдалануға енгізу күтілуде, ол ақшыл мұнай өнімдерін шығару көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Жаңғырту нәтижесінде кәсіпорын қайта өңдеу көлемін жылына 5,5 миллион  тоннаға дейін ұлғайтады.

Панарама АНПЗ1.jpg

Шымкент мұнай өңдеу зауытын реконструкциялау зауыттың шикізатты қайта өңдеу жөніндегі  қуаттарын жылына 6 млн тонна деңгейіне дейін және қайта өңдеу тереңдігін 90% дейін ұлғайтады, сондай-ақ Евро-4 және Евро-5 стандарттарына сәйкес өнім өндіруді қамтамасыз етеді.

Павлодар мұнай-химия зауытын жаңғырту шығарылатын бензиннің сапасын Евро-4, жазғы және қысқы дизель отынының сапасын – Евро-5 стандарттарына дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

фото ПНХЗ 1.jpg

Батыс Қазақстан облысындағы «Конденсат» АҚ аз тонналы мұнай өңдеу зауытының қуаттарын кеңейту Евро-5 стандартындағы жоғарыоктанды бензин мен дизель отынының, газойл фракциясының, вакуумдық газойлдың, гудронның өндірісін жолға қоюға мүмкіндік берді.

«ҚДБ қоржынында мұнай-химия саласындағы жобалардың жалпы құны 2,2 трлн теңгеден асады, бұл ретте осы жобалардағы Банктің кредит қаражатының  көлемі 960 млрд теңгені құрайды. Жоғарыда көрсетілген мұнай өңдеу кәсіпорындарының жиынтық қуаты жаңғыртудың арқасында жылына 16,6 млн тоннадан астам шаманы құрайды. Тұтастай алғанда, өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларға кредит беру Қазақстанның Даму Банкінің мандаты, сондай-ақ оның 2015-2019 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының операторы ретіндегі функциясы болып табылады. ҚДБ Клиенттермен жұмыс жөніндегі дирекциясының мұнай-химия саласындағы негізгі міндеті көмірсутегі шикізатының жоғары қайта өңделуіне бағытталған жобаларға қаржылық қолдау көрсету болып табылады», - деп атап өтті ҚДБ аға банкирі Серік Ахметов.

Индустрияландырудың екінші бесжылдығы шеңберінде Банктің 13 жобаны мақұлдап, қаржыландырғанын атап өтуге болады, олардың ішінде Қарағанды қаласындағы ферросилиций өндіру жөніндегі зауыттың, Шымкент қаласындағы күш трансформаторларын жасау зауытының, Ақтөбе рельс-арқалық зауытының, Ақмола облысындағы бройлерлер өсіретін құс фабрикасының құрылысы бар. Осы кәсіпорындарда 2,5 мыңнан астам жұмыс орындары құрылды.

ҚДБ жаңа кәсіпорындар салуға және жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға ИИДМБ бойынша әртүрлі кредит құралдарын ұсынады:

  • Өндіріс саласы: өңдеу өнеркәсібі
  • Қарыз сомасы: 7 млрд теңгеден басталады
  • Сусындар мен тамақ өнімдерін өндіретін кәсіпорындарға қарыз 3 млрд теңгеден басталатын сомада беріледі
  • Қаржыландыру валютасы: теңге
  • Кредиттеу мерзімі: 5 жылдан 20 жылға дейін
  • Компанияның меншікті қаржысымен қатысу мөлшері ҚДБ ұсынатын таңдап алынған кредит құралына байланысты.

Банктің http://www.kdb.kz корпоративтік  сайтында қаржыландырудың басым бағыттарымен, ҚДБ қызметтері туралы ақпаратпен және үлгі құжаттармен танысуға болады.


АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79