• kz

ҚДБ-ның Қарағанды қаласындағы көшпелі семинары

IMG_20190926_123007_128.jpg

ҚДБ өкілдерінің айтуы бойынша, Қарағанды қаласының Қазақстанның индустриялық-өнеркәсіптік орталығы бола отырып, көшпелі семинар үшін алғашқы межелі пункт болып таңдалғаны тегіннен тегін емес. Бүгінгі таңда Банк өңірде бірден үш жобамен, ірі индустриялық кәсіпорындармен ұсынылып отыр, олар: «Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ, «YDD Corporation» (Уайдиди Корпорейшн) ЖШС және «Қарағанды Энергия орталығы» ЖШС. Жергілікті кәсіпкерлер мен бизнесмендер ҚДБ-дан алынатын «ұзын» және «арзан» қаржыландыруға белсенді түрде қызығушылық танытуда. Кәсіпкерлер өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алып қана қоймай, сонымен бірге өз жобалары бойынша жеке консультациялар да алды. ҚДБ-да атап өтілгендей, мұндай кездесулер әлеуетті клиенттер үшін сараптамаға арналған құжаттаманың жеткілікті пысықталмаған түрде Банкке ұсынылуы салдарынан болатын бас тарту алу қаупін азайтуға көмектеседі.
IMG_20190926_123206_279.jpg
«Ақпараттық технологиялар дәуірі жедел коммуникацияларға жол ашқаны сөзсіз. ҚДБ-ның https://www.kdb.kz/services/ сайтында қаржыландыру құралдары туралы нақты ақпарат бар. Алайда, бұрынғыша, адамдар арасындағы бетпе-бет қарым-қатынасты ештеңе де алмастыра алмайды. Мұндай кездесулер барынша тиімді, өйткені ол өзінше бір өтеусіз кәсіптік көмек. Біздер өзіміздің ықтимал клиенттерімізге жобаларды құрылымдауға көмектесеміз, олар ерекше назар аударуға тиіс болатын жағдайларды анықтаймыз, құжаттарды қалай толтыру қажеттігін түсіндіреміз, өйткені клиенттің тарапынан сапалы пысықталған жоба кредит алу мүмкіндігін барынша ұлғайтады», – деп атап өтті Владимир Ли.

Айтпақшы. Владимир Ли өңірлік экспорттаушылармен де кездесті. «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған мемлекеттік саясат шараларын түсіндіру жөніндегі семинардың шеңберінде ол өңірлік экспорттық кеңестің отырысында экспортты дамыту және ілгерілету бойынша сөз сөйледі. Іс-шараға жергілікті әкімшіліктің өкілдері және ҚР сауда және интеграция вице-министрі Азамат Асқарұлы қатысты.

Даму Банкінің мандатына ел экономикасын дамытуға және әртараптандыруға жәрдемдесу кіреді. Осыған байланысты Банк экспорттық қаржыландыруға ерекше назар аударады, өйткені бәсекеге қабілетті экономиканы дамыту көбіне экспорттық әлеуеттің даму деңгейіне байланысты болады»,

– деді Владимир Ли.
IMG_20190926_135213_770.jpg
Бағдарлама шеңберінде ұсынылатын экспорт алдындағы қаржыландыру шарттарына сәйкес, жаңғыртылатын кредит желісі кейіннен экспортқа жіберілетін дайын өнімді өндіруге арналған шикізат пен материалдарды сатып алу мақсаттары үшін берілуге тиіс, оның нысаналы саласы өңдеу өнеркәсібі болуға тиіс, сондай-ақ экспорттық келісімшарттың болуы қажет.

Бұл ретте кредиттеу мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі уақытты құрайды, қарыз валютасы – теңге, қарыздың ең аз сомасы – 1 млрд теңге.
Экспорттық операцияны қаржыландыру шарттары:
кредит сомасы – 3 млн АҚШ долларынан басталады,
қаржыландыру валютасы – АҚШ доллары, евро, Ресей рублі,
қарыз мерзімі – 10 жылға дейін.

54.png
6564.png

Экспорттық қаржыландыруға мүдделі заңды тұлғалар ҚДБ-ның Клиенттермен жұмыс жасау дирекциясына мынадай байланыс деректері бойынша хабарласа алады: +7 7172 79 26 11 (Владимир ЛИ, Динара РЫСКЕЛДИНА, Ербол СӘЛІМБАЕВ).

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79