• kz

Ақтоғай КБК: кеңейту перспективалары

274445e3095da453e1f97e755f6.jpg

- Жобаны іске асыру қандай кезеңде тұр?

- Қазір құрылыс белсенді түрде жүруде. Жаңа ғимараттардың іргетастарын қалау аяқталып та қойды, металл конструкциялары тұрғызылды, қазіргі кезде біз қысқы уақыт ішінде жұмысты жалғастыра беру үшін ғимаратты жауып жатырмыз. Жаңа байыту фабрикасында бірінші руда 2021 жылы қайта өңделетін болады. Құрылысты біздің жобалық персоналымыздың басшылығымен жергілікті мердігерлердің жүргізіп жатқанын атап айтқым келеді.

Жоба аяқталғаннан кейін кеніште жылына 80 мың тонна мыс қосымша өндірілетін болады. Осы күні пайдаланылып жатқан Бозшакөл және бірінші Ақтоғай кен байыту фабрикаларын есептегенде, бұл Қазақстанда 2016 жылдан бастап KAZ Minerals құрылысын салған аса маңызды үшінші кен өндіру жобасы болады. 2016 жылғы желтоқсанда бірінші Ақтоғай кен байыту фабрикасының құрылысына да Қазақстаның Даму Банкі 300 млн доллар мөлшерінде қарыз бергенін атап өту қажет. Сондықтан ҚДБ Ақтоғай І және Ақтоғай ІІ құрылысында өндірісті кеңейту жобаларын іске асырудағы негізгі қаржы әріптестерінің бірі болып табылады.


- Егер жоба экономикасын тұтастай бағалайтын болсақ, одан қандай нәтиже күтесіздер?

- Ақтоғай ІІ айтарлықтай ұзақ мерзімді пайда әкеледі. Жобаға мердігер ұйымдардың 3 мыңға жуық қызметкерлері жұмылдырылатын болады. Ал тікелей өндірістің өзінде 1 мыңдай тұрақты жұмыс орны ашылатын болады, біз қазірдің өзінде персонал жинай бастадық.

Жаңа өнеркәсіп – бұл өнім өндірудің озық технологиялары, сондықтан біз персоналды оқытуға да инвестиция саламыз. Жергілікті мектептермен және колледждермен жұмыс істейміз, техникалық курстар әзірлейміз, жабдықтар және өзіміздің объектілерімізге қол жетімділік ұсынамыз, солардың нәтижесінде болашақ түлектерде неғұрлым жоғары біліктілік пайда болады. Біз тағлымгерлердің алғышқы тобын мақтан етеміз – қазіргі кезде 200 жас түлек Ақтоғайда оқып жатыр.

Қосымша өндіріс көлемі де Қазақстан бюджетіне салықтар түсімін ұлғайтады, ол ел үшін экспорттық кірістерді және экономикалық өсімді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ біз жергілікті өнім берушілерге баса назар аударамыз, ол жанама жұмыспен қамтуға және одан арғы экономикалық өсімге әсер етеді.

- Сіздердің негізгі өткізу нарықтарыңыз – Қытай. Бұл жерде «бір клиентпен ғана жұмыс істеу» тәуекелі жоқ па?

- Шикізат тақырыбын талдаушылар мыстың әлемдік нарығы орта мерзімді перспективада жұмыс істеп тұрған шахталарда өндіру көлемінің азаюына және салынып жатқан жобалардың шектеулілігіне байланысты ұсыныстың тапшылығына тап болады деп болжам жасайды. Мысқа деген сұраныс жоғары болып қала береді, өйткені экономикалық даму мен урбанизацияның дәстүрлі факторлары өндіріске таза энергияның инвестициялары және электромобильдердің неғұрлым кеңінен енгізілуі жаңа сұраныспен толықтырылатын болады.


Қытай – әлемдік өндірістің 50%-ын тұтынатын мыс өткізудің аса маңызды нарығы. Қазақстан Қытаймен тығыз қарым-қатынас жасайды және KAZ Minerals өзінің қытайлық әріптестерімен тығыз байланыс орнатты, және оның ұзақ мерзімді перспективада да сақталатынына сенімдіміз.

- Кез келген өндірістің жұмыс істеу мерзімі бар. Ақтоғай кен орнынан кен өндіру мерзімі – 30 жыл. Болашақта өндірісті қайта бағдарлау, кәсіпорынды жаңғырту жоспарлары бар ма?

- Әрине, оны жобалау кезеңінің өзінде-ақ болашақта кенішті жабу мәселелері мұқият пысықталған болатын. Иә, Ақтоғай үшін бұл мерзім – шамамен 30 жыл. Біз жауапты әзірлеуші және оператор ретінде осы жоспарларды мезгіл-мезгіл өзекті етіп, қайта қарап отырамыз.

Әйтседе, бүгінде біз осы жобаны аяқтауға негізгі назарды аударамыз, әрі Қазақстанда жаңа мүмкіндіктер іздеуді жалғастырамыз. Біздің жаңа кеніштер әзірлеудегі тәжірибеміз ҚДБ тарапынан қолдау жағдайында әріптестігімізді ел игілігі үшін одан әрі дамытуға қызмет ететініне сенімдіміз.


АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79