• kz

Қазақстанға өзінің сынақ зертханасы қажет

Зауыттың жоспарларында шығарылатын өнімді көрші нарықтарға белсенді түрде экспорттау және ішкі нарықты жылдамырақ игеру бар. Іске қосылған осы зауытқа ұлттық компаниялардың оффтейк-келісімшарттары көмектеседі (оффтейк-келісімшарттар – ол кейінге қалдырылған жеткізу шарттарымен ұзақ мерзімді сатып алу жоспарына сәйкес кемінде 36 ай мерзімге жасалатын тауарларды сатып алу туралы келісімшарттар). Бұған дейін «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ мемлекеттік даму институты жобаға «ұзын» ақшалар бөлген болатын.


Informburo.kz Alageum Electric басқармасы төрағасының стратегиялық мәселелер жөніндегі орынбасары Еркебұлан Ілиясовпен қазақстандық экспорттаушылардың шет елдерде тап болатын проблемалары туралы әңгімелесті.
- Еркебұлан Сайдоллаұлы, Asia Trafo зауыты ел үшін бірегей кәсіпорын болып табылады. Осы зауыт қандай өнім өндіреді?


- «Asia Trafo» зауыты Alageum Electric компаниялары тобына кіреді. Кәсіпорын өткен жылдың желтоқсан айынан бері жұмыс істейді және кернеуі 110, 220 және 500 киловольт күштік трансформаторлар, автотрансформаторлар және реакторлар шығарады. Ең көп қуаты – 630 мың киловольт-ампер, зауыттың қуаты жылына 120 дана трансформатор.

Зауытта 120 адам жұмыс орындарымен қамтамасыз етілген, толық жүктелген кезінде ол 500 астам адамға жетеді. Біз шығарылатын өніммен ішкі нарықтың да, сондай-ақ көрші елдердің нарықтарының да қажеттілігін қамтамасыз етеміз – жиналған трансформаторлардың жартысына жуығын көрші елдерге – Ресейге, Өзбекстанға және Тәжікстанға экспортқа жіберуді жоспарлап отырмыз.

- Қанша трансформатор шығарып үлгірдіңіздер?

- Бүгінде зауыттағы тапсырыстар көлемі 7 млрд теңгені құрайды. Бұл жылдың аяғына дейін. Түркістан облысы үшін 110 және 220 киловольт екі трансформатор шығардық. «KEGOK» АҚ-ның қажеттіліктері үшін 500 киловольт кернеудегі тағы екі реактор жасалу сатысында, Нұр-Сұлтанға кернеуі 110 киловольттық төрт трансформатор және Қызылорда облысына 220 киловольттық екі трансформатор жасау жоспарда тұр.

Келесі жылға біз KEGOC, "Қазақстан темір жолы" және "Самұрық-Энерго" ұлттық компаниялары тарапынан оффтейк-келісімшарттар бойынша тиісті көлеммен қамтамасыз етілдік.


- Asia Trafo жобаны Қазақстанның Даму Банкі мен «ҚДБ-Лизинг» қаражатын тарта отырып іске асырды. Неліктен нақ осы даму институттары таңдалды?

- ҚДБ-мен біз көптен бері және жемісті ынтамақтасудамыз. Банк бұған дейін «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде біздің «Кентау трансформаторлар зауыты» АҚ-ның экспорттық операциясын 1,5 млрд теңге сомасында қаржыландырған болатын. Сондықтан Asia Trafo құрылысының жұмысы басталған кезде біз қаржыландыруды сұрап қайда өтініш жасайтынымызды білдік. Банк 9,6% пайызбен 12 жылға 8,6 млрд теңге мөлшерінде кредиттік желі ашты, ал «ҚДБ-Лизинг» технологиялық жабдықтар сатып алу үшін 5,9 млрд теңге бөлді. Жобаның жалпы құны – 19,1 млрд теңге.

- Зауытты өзін-өзі ақтау кезеңіне қашан шығармақсыздар?

- Біздің бизнес-жоспарымыз бойынша – ол 7 жыл, бәрі кәсіпорынның жүктелуіне байланысты. Біз біртіндеп ұлғайып отыратын орташа жүктеме қойдық, алайда молырақ жүктеу жағдайында өзін-өзі ақтауға тезірек қол жеткіземіз.

- Сіз өз өніміңізбен шетелдік нарықтарға шығу жоспарлары туралы айттыңыз. Қазақстандық экспорттаушылар үшін қиындықтар бар ма?

- Бірінші кезекте ол отандық өнім өндірушілер үшін Қазақстанның аумағында сынақ зертханаларының жоқтығы. Қазір біз шетелдерде бар зертханаларды пайдаланамыз. Ең жақыны – Ресейде.

Егер қандай да бір кәсіпорын, мысалы, Ресей нарығына шыққысы келсе, ол үшін тендерге қатысу кезінде немесе нарықта сату кезінде сынақ зертханасынан өткені туралы сертификаттың болуы міндетті шарт болады.



Трансформаторлар үшін ол, атап айтқанда, электрлік сынақтар ғана емес, сонымен бірге климаттық, сейсмикалық және акустикалық сынақтар. Қазақстанда осындай сынақтарды жүргізетін зертханалар жоқ.

Қазір біздегі жағдай қандай? Кемінде 100 тонна тұратын трансформаторды Ресейге апару қажет – ол сынақ базасына дейін тасымалдау, сынақтан өткізу, кері қарай тасымалдау деген сөз.

Трансформатордың тестіден өте алатыны немесе өте алмайтыны тағы белгісіз, ал өнімнің бұл түрі тасымалдаудан «қорқады», сондықтан дұрыс тасымалдамау оның істен шығуына әкеп соқтыруы мүмкін. Өнімнің әрбір түрінде осындай қауіптер болады.

Жоғары вольтты және қабылдап алу-тапсыру сынақтарын біз өз кәсіпорнымызда өткізе аламыз. Бірақ басқа түрлерін ұйымдастыру үшін жүйелі шешім қажет. Қазақстан машина жасаушылар одағымен және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп біз Машина жасауды дамытудың «жол картасында» ел ішінде сынақ зертханаларын ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыру қажеттігі туралы жазғанбыз. Енді бұл мәселені бейіндік министрліктермен пысықтау қажет.

Осы мәселе шешімін тапқаннан кейін отандық кәсіпорындардың экспортқа бағдарланған өнімдері сынақтан еркін өтетін, қажетті сертификаттарын алатын және шет елдерге жөнелтілетін болады.
Мәселе сертификаттарды өнім шығарудың бүкіл кезеңіне бір рет алуға болмайтындығында – олардың кейбірін әр жылы, кейбірін – үш жылда бір рет жаңарту қажет. Ал ол көп қаражатты талап етеді.
Сондықтан шетелге ақша жұмсағанша, осындай сынақ зертханасын Қазақстанда салған тиімді.

- Сертификаттаудан басқа, экспортпен байланысты тағы қандай проблемалар бар?

- Екінші мәселе – ақша қаражатының қол жетімділігі мәселесі. Қазір өңдеу секторында айналым қаражаты жоқ – бұл үлкен кассалық алшақтық деген сөз.



Бұл қалай болады? Айталық, трансформаторлар шығару үшін мен өнім берушіден шикізат – трансформаторлық болат сатып аламыз, алдын ала төлем екі ай бұрын төленеді. Тағы бір-екі ай болат өндіру мен оны жеткізуге, содан соң шамамен екі ай – трансформатордың өзін жасауға кетеді. Одан кейін тапсырыс берушіге тасымалдау мен монтаждау, ол бір айды құрауы мүмкін. Осыдан кейін ғана біз өнім үшін ақшаны ала аламыз.

Ресейде мемлекеттік сатып алу қағидалары бойынша төлем өнім жеткізілгенен кейін екі айдан соң жүргізіледі, Қырғызстанда ол алты айдан тоғыз айға дейінгі аралықты алады.

Басқаша айтқанда, кассалық алшақтық кемінде алты айға дейін созылуы мүмкін. Нәтижесінде қазақстандық кәсіпорындарға әлденені экспортқа жөнелткенше ішкі нарыққа жеткізген және ақшаны тезірек алған тиімді.

Біз осы проблеманы шешу үшін экспорттаушыларға олардың шығындарының бір бөлігін субсидиялауды қамтамасыз ету қажет деп есептейміз. Қазір Үкіметтің көлік шығындарына субсидия беріп жатқаны қуантарлық.

- Өткен жылы Сіздің компания Asia Trafo зауытын іске қосты. Alageum Electric компаниясының одан арғы жоспарлары қандай?

- 2015 жылы біз Ресейдің еуропалық бөлігінің сұранысын қанағаттандырып жатқан Орал трансформаторлар зауытын іске қостық. Енді Сібірдің нарығын бақылаудамыз және Петропавлда кернеуі 6-10 киловольт трансформаторлар зауытын салуды жоспарлап отырмыз.

Қазір Австрия мен Түркиядағы әріптестерімізбен Қазақстанда мыс және алюминий илемдерін күштік трансформаторлардың өткізгішіне дейін қайта жасау өндірісін ұйымдастыру туралы мәселені пысықтаудамыз. Қазір ол шет елдерден жеткізіледі.

Талдау трансформаторларда өзіндік құнның 30%-ға жуығын нақ осы мыс және алюминий өткізгіштері құрайтынын көрсетті. Мыс және алюминий өткізгіштері өндірісін ұйымдастыру арқылы біз өзіндік құнды азайтып, жергілікті қамтуды арттыра аламыз. Бұдан басқа, өнімнің бір бөлігін экспортқа жөнелтеміз.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79