• kz

ҚДБ Green Action Task Force-мен ынтымақтастықты нығайтуда

20191002_093548.jpg

«Жасыл» экономика табиғи капиталды, экожүйені және биологиялық әртүрлілікті сақтау үшін қажет, бұл ретте кірістердің және жұмыспен қамтушылықтың өсуі де қамтамасыз етіледі. Жан-жақты және тұрақты дамуға жаһандық ұмтылыс пайда болды, Қазақстан да осындай түсінікті басшылыққа алып, тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін ұлттық және регламенттелген бағдарламалар қабылдады. Бірқатар заңнамалық құжаттар қабылдау арқылы Қазақстан «жасыл дамуға» көшуге арналған ұйымдық-құқықтық негіз жасаған Орталық Азиядағы бірінші мемлекетке айналды. Мәселен, 2013 жылы «жасыл экономикаға» көшудің тұжырымдамасы жасалды. Мемлекет жаңартылатын энергетиканы, таза технологиялар мен инфрақұрылымды дамытуда көптеген халықаралық қаржы мекемелерімен және стратегиялық әріптестермен тиімді қатынастар орнатты.

Бүгінде ел экономикасына шетелдік және ішкі инвестициялар тартуды ынталандыратын басты даму институты – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ, «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) осы бастаманы жалғастыруда. ҚДБ Басқарма төрағасының кеңесшісі Асылхан Айтжанов табиғат қорғау мақсаттарын әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар процесіне ықпалдастыруды көтермелеу жолымен Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия өңірінің өтпелі экономикасы бар елдерінде экологиялық саясатты жақсартуға жәрдемдесу басты миссиясы болып табылатын ЭЫДҰ-ның Green Action Task Force бағдарламасының Париждегі жыл сайынғы конференциясына қатысты. Айтжанов мырза, атап айтқанда, Банк қызметіне тұрақты даму қағидаттарын енгізу бойынша ҚДБ қабылдайтын шаралар туралы әңгімеледі, ҚДБ қаржыландырған «жасыл жобаларды» таныстырды, жасыл энергетиканы қаржыландыруды жақсарту тәсілдері туралы мәселелерді Green Action Task Force бағдарламасы мүшелерінің және халықаралық қаржы ұйымдары өкілдерінің талқылауына ұсынды.

IMG_20190930_140447.jpg
«Басты мақсат – тәжірибемен және білімдермен алмасу, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін дамыту саласындағы ынтымақтастықты нығайту. Жағдайлар жасау, осы саладағы процестер мен инфрақұрылымды дамыту. ҚДБ Қазақстан үшін «жасыл экономика» тұжырымдамасының маңыздылығын түсінеді, нақ сондықтан да осы бағыт Банк үшін басым болып табылады», – деп атап өтті Асылхан Айтжанов.

Даму стратегиясына сәйкес Қазақстанның жасыл экономикаға өту мерзімдері 2013 – 2050 жылдар аралығы деп белгіленген. Елдің географиялық орналасуы мен климаттық жағдайларын ескеретені болсақ, шағын ГЭС-тер, күн және жел энергиясы барынша перспективалы жаңартылатын энергия көздері болып табылады.

Бүгінгі таңда үкімет жаңартылатын барлық энергия көздері үшін FSC сертификаттаумен электр энергиясын аукциондық бағалар бойынша сатып алу үшін 15 жылға келісімшарттар жасасу, пайдаланудың екінші жылынан бастап аукциондық бағаларды жыл сайын индекстеу және т.б. түріндегі мемлекеттік қолдаудың әртүрлі құралдарын ұсына отырып, жасыл энергетиканы қолдау бойынша кешенді жұмыс жүргізуде.

Қазақстанның Даму Банкі 2019 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша жаңартылатын энергия көздерін (жел, күн және су) дамыту бойынша 5 жобаны қаржыландырды. Мысалы, олардың ең ірілері: құны 117 млн АҚШ доллары болатын қуаты 100 МВт «Астана ЭКСПО-2017» жел электр станциясының құрылысы (бірінші кешеннің қуаты 50 МВт), оның 79 млн АҚШ долларын қарыз түрінде ҚДБ берді, сондай-ақ Алматы облысындағы Қапшағай қаласының маңындағы құны 68 млн АҚШ доллары тұратын қуаты 100 МВт күн электр станциясы, осы жобадағы ҚДБ-ның қатысу үлесі 28 млн АҚШ долларын құрады.

PAI_0176.jpg

«ҚДБ ЖЭК дамыту жөніндегі мемлекеттік тұжырымдаманы қолдайды. Бүгінгі таңда энергетика секторына арналған ҚДБ-ның кредиттік қоржынындағы ЖЭК жобаларының үлесі (кВтс-мен) 3% құрайды. Банк жаңартылатын энергия жөніндегі жобаларды қаржыландыруды ұлғайту үшін GREEN Action Task Force-мен ынтымақтасуға дайын. Банк қаржыландыру ұсынатын негізгі критерийлер жасалған. Атап айтқанда, ол мемлекеттік меморандумға сәйкес инвестициялық басымдықтарды сақтау, жобаның тиімділігі мен өзін-өзі ақтауы, экологиялық талаптардың сақталуы, білікті менеджменттің болуы, сондай-ақ төлем қабілеттілігі.

СЭС близ Капчагая.JPG

Конференцияда қоршаған ортаны қорғауға арналған мемлекеттік қорлар құру мәселелері де талқыланды, Қазір қызметін іске асырып жатқан табиғат қорғау және экологиялық қорлармен жұмыс істеудің халықаралық тәжірибесі зерделенді. ЭЫДҰ өкілдері жасыл технологияларды дамыту жөніндегі жұмыс мүдделі тараптардың базасын кеңейту қажеттігін білдіретінін атап өтті. Бұл жұмыс іскер топтардың, азаматтық қоғам ұйымдарының және ғылыми ортаның, сондай-ақ басқа да мүдделі топтардың неғұрлым белсенді қатысуын талап етеді. Институционалдық әлеуетті кеңейтуге және басқаруды жетілдіруге ерекше назар аудару және ресурстар бөлу қажет.

Қазақстан тұрақты экономикалық өсімді және электр энергиясының елдің ең шалғай өңірлеріне қол жетімділігін қамтамасыз ете алатын ЖЭК-нің зор әлеуетін иеленеді

.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79