• kz

Жыл құрылысы: «Сарыарқа» газ құбыры

IMG_6916.JPG

«Сарыарқа» газ құбырының салынған бөлігі қандай аумақ арқылы өтеді?

Жаңа газ құбыры «Қызылорда - Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Нұр-Сұлтан» бағыты бойынша төселген. Жобаны іске асырумен «АстанаГаз ҚМГ» АҚ айналысады. Компанияның сайтындағы мәліметтерге сәйкес трассаның басы ретінде «Қараөзек» КС кейінгі жұмыс істеп тұрған «Бейнеу-Шымкент» газ құбырының 988 км түйіскен жер қабылданған. Газ құбыры трассасы Қызылорда облысының Сырдария және Шиелі аудандары аумағында Жезқазған бағытындағы «Қызылорда-Павлодар-Успенка – РФ шекарасы» бойымен солтүстік бағытта тартылды. Одан әрі 430 – 896 км учаскесіндегі «Борсеңгір» ауылынан газ құбыры трассасы «Павлодар-Шымкент» МН техникалық дәлізінде шығыс бағытта Теміртау қаласына дейін өтеді. Теміртаудан «РФ шекарасы – Алматы» М-36 республикалық маңызы бар автожолдың бойымен солтүстік-батыс бағытта Нұр-Сұлтан қаласына бағыт алады.

Жоспарланып отырған газ құбыры Қарағанды облысының аумағынан кейін 943,069 км бастап Ақмола облысындағы Аршалы ауданының аумағымен жүреді. Газ құбырының жолындағы осьтің оң және сол жақтарында шағын көлдер мен су қоймалары орналасқан. Трассаның жалпы бағыты «РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Қостанай, Нұр-Сұлтан, Қарағанды арқылы Алматы М-36 республикалық маңызы бар автожолдың және «Петропавл-Қарағанды-Шу» темір жолы бойымен солтүстік-батыс бағытында.

«Сарыарқаның» инвесторлары

Қазақстандағы ірі индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларға ұзақ мерзімді кредиттерді төмен пайызбен халықаралық қаржы ұйымдары және ұлттық даму институты – Қазақстанның Даму Банкі (ҚДБ, «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) береді. Ағымдағы жылғы 3 шілдеде ҚДБ және Еуразиялық даму банкі «Сарыарқа» магистралдық газ құбыры құрылысының бірінші кезеңіне бірлесіп қаржыландыру ашу туралы келісімге қол қойды.

Қаржыландыру қандай схема бойынша жүзеге асырылды? ЕАДБ синдикат көшбасшысы ретінде 102 млрд теңге сомасындағы «АстанаГаз ҚМГ» АҚ жобалау компаниясының облигацияларын 10 жыл мерзіммен сатып алды. 51 млрд теңге сомасындағы ЕАДБ қаражаты және ұқсас соманы, яғни 51 млрд теңге мөлшеріндегі қаражатты ҚДБ-дан қарызға алу қаржыландыру көздері болып табылды.

Саркулов.jpg

Бұл өте қысқа мерзімде іске асырылған ірі инфрақұрылымдық жоба. Оны қаржыландыру Банк үшін жаңа құрал болып табылатын облигациялық қарыз түрінде Еуразиялық даму банкімен бірлесіп жүзеге асырылды. Магистралдық газ құбыры құрылысының бірінші кезеңін аяқтау тұрғын үйлердің, мектептердің, бала бақшаларының және басқа да әлеуметтік объектілердің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатқан, бұл ретте бүкіл инфрақұрылым қазып алынатын отын есебінен жылытылатын Нұр-Сұлтан сияқты жедел даму үстіндегі қала үшін өте маңызды. Келесі жылы жылыту маусымы «Сарыарқа» газ құбырының арқасында астанаға келетін көгілдір отынның есебінен қамтамасыз етілуі күтілуде»,

- деп атап өтті Қазақстанның Даму Банкі Басқармасының Төрағасы Абай Сарқұлов.

Магистралдық газ құбырының бірінші кезегі құрылысының жалпы құны – 267,3 млрд теңге. 102 млрд теңге сомасындағы ЕАДБ мен ҚДБ ақшасынан басқа жобаға «Самұрық-Қазына» АҚ (құрылымына «АстанаГаз ҚМГ» АҚ кіретін) қаражаты да қатысады.

Газ астанаға және қала маңына қалай қосылатын болады?

Магистралдық газ құбыры құрылысының бірінші кезеңінің аяқталуы астананың және жақын орналасқан ауылдардың тұрғындарына көгілдір отынға қол жетімділік береді. Соның нәтижесінде 13,5 мың үйді газбен қамтамасыз ету жоспарлануда. Мәселені шешумен қалалық әкімдік айналысады. Жоспарларға сәйкес жобаның бірінші кезегі ЖЭО-1,2,3, Көктал-1,2, Железнодорожный кентінің, Оңтүстік-Шығыс шағын ауданының (оң жағы және сол жағы) дейін газ бөлу желілеріне дейін газ беруді болжайды. Жобаның екінші кезегі – Мичурино, Интернациональный, Күйгенжар (1-2 ПК), Тельман (3-ші ПК), Пригородный, Garden Village, Family Village (4-ші ПК) тұрғын үй алаптары. Ильинка (1-2-ші ПК), Шұбар (3-ші ПК), Өндіріс (4-ші ПК) тұрғын үй алаптары үшінші кезекте газдандырылатын болады. Газ құбыры пайдалануға енгізілгеннен кейін ол газ тасымалдауды жүзеге асыратын «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ға жалға беріледі.

«Сарыарқа» магистралдық газ құбыры құрылысының арқасында қандай өңірлер көгілдір отынға қол жетімділік алады?

Ұзындығы 1000 км асатын «Қызылорда – Нұр-Сұлтан» маршруты бойынша газ құбырының желілік бөлігінің құрылысы – ол «Сарыарқа» магистарлдық газ құбыры құрылысының жобасын іске асырудың бірінші кезеңі екені белгілі.

IMG_7139.JPG

Бірінші кезеңде ұзындығы 276 км газ құбырын «Астана-Көкшетау» маршруты бойынша төсеу болжанады. Оған 48,2 млрд теңге қажет болады. Үшінші кезең – жалпы құны 18,9 млрд теңге болатын «Көкшетау – Петропавл» газ құбыры трассасының 177 км тарту. Төртінші кезең – «Жезқазған КС және «Теміртау» КС. Құрылыстың барлық кезеңдерін аяқтау 2032 жылға жоспарланып отыр (мәліметтер «АстанаГаз ҚМГ» АҚ-ның astanagas.kz ресми сайтынан алынды).

Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық тиімділіктер

Жаңа магистралдық құбыр 171 елді мекенді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазып алынатын отынның орнына газды пайдаланудың арқасында жылыту маусымы барысында Нұр-Сұлтан қаласының экологиялық жағдайын елеулі түрде жақсарту жоспарлануда. Тұтастай алғанда жылына 34,6 мың тонна шығарылымды азайту жоспарлануда.

Газ құбырын пайдалану кезеңінде 190 астам жаңа жұмыс орындары құрылатын болады.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79