• kz

Баспасөз хабарламалары

«Қазақстан алюминийі» АҚ шаң шығарылымдарын азайтуға арналған гибридтік сүзгілер сатып алуға және монтаждауға 3 млрд теңгеден астам қаржы жіберді

Informburo.kz «Қазақстан алюминийі» АҚ президенті Роман Романовпен әңгімелесті және Павлодар алюминий зауыты қалай жұмыс істеп жатқанын және кәсіпорынның өз өнімінің жаңа шектерін қалай дамытатынын білді.

11.jpg

- Роман Сергеевич, әңгімемізді кәсіпорын жұмысының басты көрсеткішінен – глинозем шығарудан бастайық. Жыл басынан бастап қанша өнім өндірілді?

- 2019 жылдың сегіз айы ішінде Павлодар алюминий зауытында 900 мың тоннадан астам глинозем өндірілді. Жылдың аяғына дейін барлығы 1,4 млн тонна өндіруді жоспарлап отырмыз. Осындай өнім көлемін өткен жылы да шығарған болатынбыз.

Кәсіпорынға глинозем өндіруге арналған шикізат Краснооктябрь және Торғай боксит кен басқармаларынан келеді. Олар орта есеппен жылына 4,5 млн тонна руда жөнелтеді.

- Біздің білуімізше глиноземнің бір бөлігі Қазақстан электролиз зауытына (ол да Павлодарда орналасқан және Eurasian Resources Group (ERG) құрамына кіреді) жіберіледі, сол жерде тікелей алюминий өндіруге пайдаланылады. Глиноземнің қалған бөлігі экспортқа кете ме? Кетсе, қандай елдерге?

- Біз жеткізілімдерді және өз өнімімізді өткізу нарықтарын әртараптандыруға тырысамыз. Мәселен, өнімді ішкі нарыққа беруді жүзеге асырудан басқа, кәсіпорын глиноземді Ресейге, Қытайға және Тәжікстанға экспорттайды. 2018 жылы Ресейге біздің өніміміздің миллион тоннаға жуығы, осы жылдың сегіз айы ішінде 369 мың тонна жіберілді. Қытай мен Тәжікстанға 2019 жылдың cегіз айы ішінде шамамен 200 мың экспортталды.

- Экспорт демекші. 2015 жылы сіздің кәсіпорын экспорттық операциялар жүргізу үшін Қазақстанның Даму Банкінен кредит желісін ашты. Осы туралы нақтырақ айтып бере аласыз ба?

- Бірінші кезекте ERG мен ҚДБ-ның жемісті жұмысын атап өтуге болады. Біріншіден, Қазақстанның Даму Банкі инвестициялық жобаларды талдау және іріктеу кезінде жақсы сараптау қабілеті мен құзыретті иеленеді, ол ұзақ мерзімді қаржыландыру беруге қабілетті және ең маңыздысы Банк ел экономикасын индустрияландыруды және дамытуды мақсат етеді. Екіншіден, ҚДБ коммерциялық банктердің ұсыныстарымен салыстырғанда ҚДБ өте тартымды шарттарды ұсынады. Сондықтан қаржыландыруды да содан тарту шешімі қабылданды.

Айталық, Қазақстанның Даму Банкінің белсенді түрде қатысуы кезінде «Еуразиялық топ» екі стратегиялық жобаны, оның ішінде алюминий өндіру жөніндегі зауыт салуды іске асырды. Қазір энергетика саласында тағы бір инвестициялық жоба іске асырылуда, бірнеше жоба Банктің қарауында жатыр.

Сіз еске салған қарыздың мақсаты – ол глинозем өндіру жөніндегі экспорттық операцияны қаржыландыру. Бірінші лимит бойынша 3 млрд теңге үш жыл мерзімге және екінші лимит бойынша 70 млн доллар бес жыл мерзімге берілген қаражатты біз экспорттық өнім өндіру үшін қажетті тауарлар мен қызметтерге ақы төлеуге бағыттадық.

Печи спекания Павлодарского алюминиевого завода.jpg

- Кен-металлургия саласындағы басты тренд деп қазір цифрландыруды айтып жүр. «Еуразиялық топ» шеңберінде Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігінде жұмыстың «ақылды карьер» жобасы бойынша жүргізілетіні белгілі. «Қазақстан алюминийі» объектілерінде цифрландыру және автоматтандыру бойынша жобалар енгізіле ме?

- Иә, бізде мұндай жобалар көп. Бүкіл Павлодар алюминий зауытының технологиялық процестерін жедел бақылау жүйесінің кідіріссіз жұмыс істеуін жаңа аппараттық және бағдарламалық кешен қадағалайды.

Қызметкерлердің еңбегін қорғау үшін біз «Сигнал» бағдарламасын енгіздік, ол өндірісте жарақаттануды болдырмауға көмектеседі. Сөз реті келгенде айтайық, бұл «Еуразиялық топтың» өз әзірленімі.

Жұмыс уақыты мен арнайы тамақтануды, сондай-ақ кәсіпорын бөлімшелеріндегі, сондай-ақ кеніштердегі бейне бақылауды есепке алу жүйесі қазір тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдаланудан өтуде.

Автомобиль көлігінің қоғалысын, материалдардың әкелуі мен әкетілуін бақылау және есепке алу жүйесі – жеке жоба. Ол отын шығынын қысқартуға және жүргізушілердің жұмыс маршруттары мен режимін сақтауын бақылауға көмектеседі.

Осындай жұмыс «Қазақстан алюминийінің» кеніш базасында да жүргізіледі. Краснооктябрь боксит кен басқармасында біз кен тасымалдау кешенін басқару жүйесін енгізудеміз. Ол тұрып қалуларды қысқарту есебінен экскаваторлар мен самосвалдардың еңбек өнімділігін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Работа стакера-реклаймера с бокситом.jpg

- «Қазақстан алюминийінің» негізгі өндірістік объектілері орналасқан Павлодар облысы үшін маңызды мәселе – ол қоршаған ортаны қорғау. Павлодар алюминий зауытында шығарылымдарды азайту үшін қандай шаралар жүргізіледі?

- Өнеркәсіптік кәсіпорындар көп орналасқан Павлодар облысы үшін экология мәселесі шынында да ең маңызды мәселелердің бірі. Біз зауытта шаң шығарылымдарын азайту үшін электр сүзгілерін гибридтік сүзгілерге біртіндеп ауыстыру бағытында жұмыс істейміз, оларды қолдану шығатын газдардағы шаң концентрациясын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді. Мәселен, бар-жоғы екі сүзгіні реконструкциялау қатты бөлшектердің атмосфераға шығарылымдарын жылына 2,4 мың тоннаға дейін азайтады.

Бірінші электр сүзгіні біз шілденің басында бөлшектей бастадық, ал қазір немістің Thyssen Krupp компаниясы гибридтік сүзгілер орнатуда. «Қазақстан алюминийі» компаниясының оларды сатып алуға және монтаждауға жұмсайтын жиынтық шығыны 3 млрд теңгеден асады.

Бұдан басқа, «Қазақстан алюминийіне» тиесілі ЖЭО-дағы күлтұтқыш қондырғыларды реконструкциялау жоспарымызда бар. Қазір жұмыс істеп тұрған ылғалды күл тазартқыш қондырғылардың орнына жеңдік сүзгілер орнатуды және шығатын газдардың шаңдылығын Еуропалық ауа сапасы нормативтері деңгейіне дейін азайтуды жоспарлап отырмыз.

Аталған барлық бастамалар Еуразиялық топтың атмосфераға тарайтын шығындыларды азайту жөніндегі стратегиясында жазылған. Оны іске асыруға ERG 200 млн астам евро жұмсайды.

- Сұқбатыңыз үшін рахмет!

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79