• kz

Экология үшін зиянсыз өндіріс

ТОО YDD Corpotation.JPG

2019 жылғы шілдеде Қарағандыда «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) қаржылық қолдауымен салынған «YDD Corporation» автоматтандырылған жаңа ферроқорыту зауытының ашылу салтанаты болып өтті.

Зауыттың негізгі өнімі – металдардың механикалық және коррозиялық төзімділігін жақсарту үшін болатты, шойын қорытпаларын өндіру және қоспалау кезінде қолданылатын жоғары сапалы, жоғары маркалы ферросилиций (FeSi75). Ферросилиций өнеркәсіптік, азаматтық құрылыста, кеме, авиа, автомобильдер жасауда пайдаланылады.

Зауыт іске қосылғаннан бастап 5 мың тоннадан астам дайын өнім өндірді. Компания өз өнімдерін Еуропаның, АҚШ-тың, Түркияның, Оңтүстік Кореяның, сондай-ақ Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің нарықтарына белсенді түрде экспорттауда.

Әлемдік өнеркәсіптің үдемелі дамуы мен цифрлануы жағдайында Қарағанды ферроқорыту зауыты ТМД аумағында да, сондай-ақ әлемде де металлургия саласындағы айтулы кәсіпорын болып табылады.

Ерлан Нигматуллин2.jpg
Ерлан Нигматулин

- Қазір бірінші кезеңнің жобалық қуаты жылына 180 мың тонна жоғары сапалы өнімді құрайды, ал екінші кезеңді іске асыру кезінде зауыттың қуаты жылына 240 мың тоннаға дейінгі дайын өнімге артады, ол шамамен 550 жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Бірінші кезеңнің өндірістік қуатқа шығуымен Қазақстан әлемдік рейтингте сенімді түрде 6 орын алатынын атап өткен маңызды, ал екінші кезең іске қосылғаннан кейін ол ферросилиций өндіруші аса ірі елдердің бестігіне кіреді, - дейді компанияның акционері Ерлан Нигматулин.

Ферроқорытпаға жедел өсіп отырған әлемдік сұраныс салаға инновациялар енгізуді талап ететінін атап өтпеуге болмайды. Тұрақты өндіріс, табиғи ресурстар мен энергияны тиімді пайдалану, қызмет ету мерзімін ұзарту, экологиялық аспектілерді ескеру – міне осының бәрі саланың әлемдегі үздік кәсіпорындарын сипаттайтын ерекшеліктер.

Қазақстандық зауыт бірегей деп тегіннен тегін аталған жоқ. Зауытты салу кезінде Швецияның, Данияның, Түркияның, ҚХР-дың, Грузияның, Ресейдің және Қазақстанның әлемнің үздік өндірістік технологиялары пайдаланылды.

- Ең алдымен акционерлердің алдына жоғары қосылған құны бар отандық өнімнің экспортын арттыру және ең үздік деген әлемдік тәжірибелерді пайдаланатын заманауи автоматтандырылған өндіріс ұйымдастыру мақсаты қойылған болатын. Бүгінде біз пайдалануға енгізілген зауыт бүгінгі күннің талабына толық жауап беретін және өз секторында жоғары технологиялы зауыт деп мақтанышпен айта аламыз. Тағы бір маңызды фактор дайын өнімді өндіру кезіндегі қазақстандық қамту үлесінің 94% асатыны болып табылады. Барлық қажетті шикізаттық базаны – көмірді, кварцитті, жоңғақты – отандық кәсіпорындар береді. Бүгінгі таңда бүкіл шикізат бойынша ұзақ мерзімді келісімшарттарға қол қойылды. Тұтастай алғанда Қарағанды облысы – Қазақстанның аса ірі шикізат базаларының бірі болып табылады, онда бай және сапалы қорлар бар, ол сапалы өнім өндіруге ықпал етеді, - деп атап өтті Ерлан Нигматулин.

Ерлан Нигматулин, Аскар Мамин, Давид Кемертелидзе.jpg

- Біздің зауыт – әлемдік инвестициялық қоғамдастыққа қазақстандық экономиканың мүмкіндіктері және инвестициялық ахуалы туралы message. Маған әлемнің әртүрлі елдерінде, соның ішінде инвестициялық ахуал дәстүрлі түрде тартымды деп есептелетін Еуропа елдерінде жұмыс істеудің сәті түсті. Алайда мен әлемнің еш жерінде де инвесторлар үшін мемлекет тарапынан ұсынылатын ойластырылған әрі функционалдық сервисті кездестірмедім. Біздің жобаны іске асырудың жоғары қарқыны орталықтағы да, өңірлік деңгейдегі де мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың ұйымдасқан іс-әрекеттері есебінен қамтамасыз етілді деп ерекше атап өткім келеді, - деді «YDD Corporation» ЖШС ферроқорыту зауытының акционері Давид Кемертелидзе.

Зауытты салу кезінде жобаның экологиялық зиянсыздығы жағына зор көңіл бөлінді. Бүгінгі таңда ол әлемдегі экологиялық жағынан ең таза кәсіпорындардың бірі. Атап айтқанда, зауытта орнатылған газ тазарту жүйесінің іс жүзінде әлемде теңдесі жоқ, ол ауаны тазартудың ең жоғары дәрежесін, яғни 99,8% дейінгі дәрежені қамтамасыз етеді.

Газ тазартудың осы кешені өндірістік шаңды жинап, оны құрылыс өнеркәсібінде, соның ішінде жоғары маркалы цемент, бетон және т.б. өндіру үшін пайдаланылатын жанама өнім – микрокремнеземге айналдырады.

сырьевая база.jpg

Технологиялық тізбектер барынша автоматтандырылған, тіпті шикізатты бөлшектеп берудің өзі автоматтық режимде жүзеге асырылады. Барлық өндірістік желілерде кез келген жарамсыздықты немесе технологияның іркілісін онлайн режимде көруге мүмкіндік беретін бақылау жүйелері орнатылған. Кәсіпорында өндірісті басқарудың арнайы орталығы жұмыс істейді, онда операторлар 24/7 режимінде: шикізатты беру мен тиеуден бастап су тазарту жүйесінің жұмысына дейінгі әрбір өндірістік тізбекті қадағалап отырады. Кез келген ақау дереу монитордан көрінеді және оператор сол сәтте іркіліс орын алған бөлімшенің тиісті басшысын хабардар етеді. Осының арқасында іс жүзінде технологиялық процестің ықтимал бұзылулары жоққа шығарылады.

Жаңа ферроқорыту зауыты Қазақстан экономикасын жаңғырту мен өнеркәсіпті цифрландырудың «Индустрия 4.0» бағдарламасының барлық параметрлеріне толығымен жауап береді деп сеніммен айтуға болады.

Центр управления производством.jpg

опиковочная машина.JPG

«YDD Corporation» зауыты құрылысының жалпы құны шамамен $92 млн. құрады. Жоба индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының шеңберінде ҚДБ-ның қарыздық қаржыландыруын тарту арқылы толығымен қазақстандық және еуропалық инвесторлардың жеке қаражаты есебінен іске асырылды. Банк қарыз түрінде 11 жыл мерзімге жылдық 8,8%-бен 24 млрд 120 млн теңге берді.

- Біз осы жобаның индустриялық даму мемлекеттік бағдарламасына толығымен сәйкес келетініне сенімдіміз, - дейді «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ басқармасының төрағасы Абай Сарқұлов. – Зауыт жылына 180 мың тонна өнім шығаратын болады, ең консервативтік сценарий жағдайында оның орташа бағасы $1000 деңгейінде (бір тонна үшін) болады. Яғни жыл сайын $180 млн сомасындағы өнім шығарылатын болады. Бұл еліміз кіріс ретінде алатын ауқымды сома.

Абай Саркулов.png Абай Сарқұлов

ҚДБ басшысы кәсіпорынның өтінімін қарау кезінде саланың ең нашар деген сценарийін модельдеумен әртүрлі стресс-тестілеудің жүргізілгенін мойындады.

- Стресс-тесттің барлық ең ауыр деген сценарийлері жағдайында өндіріс қиындықты жеңеді және қарызға қызмет көрсетіп, кредитті мемлекетке қайтарады. Тұтастай алғанда, бүгін елімізде осындай зауыттың пайда болуы Қазақстан өнеркәсібінің отанымыздың экспорттық әлеуетін дамытуға бағытталған мүлдем жаңа деңгейін қалыптастырады деп сеніммен айтуға болады, - деп түйіндеді Абай Сарқұлов.

Розлив металла.JPG

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) – 2001 жылы құрылған Қазақстан экономикасының шикізаттық емес және инфрақұрылымдық секторларын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұлттық даму институты. Қызметінің негізгі бағыттары: өндірістік инфрақұрылымды және өңдеу өнеркәсібін дамыту, ел экономикасына жәрдемдесу және сыртқы және ішкі инвестициялар тарту. ҚДБ үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламаларының аса ірі инвестициялық операторларының бірі болып табылады. ҚДБ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның құрылымына кіреді.

«YDD Corporation» ЖШС– өнімді кейіннен экспорттық нарықтарда сату мақсатында Қарағанды қаласында ферросилиций өндіру жөніндегі зауыттың құрылысын салумен айналысатын Компания.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79