• kz

Нұр-Сұлтанда ҚДБ «DBK Legal Day» заң форумы өтті

2019102519384612434_spikery.jpg

Форум шеңберінде сонымен бірге: «Unicase» заң компаниясының әріптесі Раушана Чалтабаева, «Ресей жинақ банкі» АҚ еншілес банкінің Заң департаментінің директоры Владимир Савченко, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры Зәуреш Өмірәлиева және заң фирмаларының («Саят Жолши және Әріптестер», «Right Partners Company»,«Integrites Kazakhstan»,«Olipex Advisers», «Астана» халықаралық қаржы орталығынің әкімшілігі» АҚ, «Атамекен» ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасы», «GRATA International» және т.б.) өкілдері сөз сөйледі.

«DBK Legal Day» форумы қаржы саласында жұмыс істеп жүрген жетекші заңгерлер тарапынан өткізілген жеті сағаттық практикалық шебер-сыныпқа айналды десе де болады. Жалпы дискуссиялардың форматы кездейсоқ таңдалған жоқ, қатысушыларға осындай достық және еркін атмосферада қазіргі кезде қазақстандық заң қоғамдастығының алдында тұрған барлық өзекті сұрақтарға жауап алу мүмкіндігі туды. Талқылауға арналған тақырыптар жан-жақты және сонымен бірге терең мазмұнды болды. Қатысушыларға форум шеңберінде Қазақстандағы МЖӘ жобаларының қаржылық тартымдылығымен, міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі ретіндегі сақтандырумен байланысты маңызды проблемалар, еліміздегі ағымдағы реттеуді ескере отырып, банк бизнесін дамыту мүмкіндіктері, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру жолдары туралы пікірлермен алмасудың сәті түсті.

«Инвестициялық жобаны ойдағыдай іске асыру үшін инвестордың өзінің шарт шеңберіндегі мүдделерінің толық шамада қорғалатындығына сенімді болуы қажеттігі ешкімге құпия емес. Сол үшін ол жобамен тікелей байланысты тәуекелдерді түсінуге тиіс. Тәуекелдердің: қарыз алушының құқықтық мәртебесіне, қарыз алушының міндеттемелерінің қамтамасыз етілуіне, жобаны іске асыру орнына, мәміленің құрылымдалуына,ЕРС-келісімшартқа, Offtake-келісімшартқа және өзге де тәуекелдерге байланысты әртүрлі бағыттары бар. Тәуекелдерді басқару саласындағы бірқатар маңызды құралдарды бүгін «DBK Legal Day» шеңберінде спикерлер айтты, біз бизнес қоғамдастықтың, банк секторы өкілдерінің, сондай-ақ елдің жетекші заң компанияларының жемісті диалогы үшін форумның тиімді алаңға айналғанына қуаныштымыз», - деді «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқармасының мүшесі Асқар Әміртаев.

Аскар Амиртаев.JPG

Осындай форумдарды тұрақты түрде өткізу заң форумын ұйымдастырушылардың жоспарында тұр. Оның үстіне, ҚДБ-ның Finday, ITday, Techday сияқты базасындағы осындай форматтағы кездесулерді өткізу мүмкіндігі талқылануда.

Қазақстан даму банкі 2001 жылы құрылған Қазақстан экономикасының шикізаттық емес және инфрақұрылымдық секторларын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұлттық даму институты екенін еске саламыз. Қызметінің негізгі бағыттары: өндірістік инфрақұрылымды және өңдеу өнеркәсібін дамыту, ел экономикасына жәрдемдесу және сыртқы және ішкі инвестициялар тарту. ҚДБ индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламаларының аса ірі инвестициялық операторларының бірі болып табылады. ҚДБ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның құрылымына кіреді.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79