• kz

Алматы облысындағы қуаты 100 МВт Nurgisa КЭС туралы фоторепортаж

"Eneverse Kunkuat" жобасының құны 27,7 млрд теңгені құрады. «Қазақстанның Даму банкі» АҚ (ҚДБ, «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) 10 жыл мерзімге 10,8 млрд теңге сомасында кредит желісін ашып, жобаға қолдау көрсетті, 8 жыл мерзімге 6,5 млрд теңге сомасындағы лизингтік қаржыландыруды Банктің еншілес құрылымы – «ҚДБ-Лизинг» АҚ берді. Тұтастай алғанда, электр станциясының жұмысы 160 млн киловатт сағат энергия өндіру есебінен жылына 150 мың тонна көмір қышқыл газының шығарылымдарын қысқартуға мүмкіндік береді. Nurgisa КЭС-та әрқайсысының қуаты 330 Вт болатын барлығы 303 048 жартылай кремний күн панельдері орнатылған.

КЭС-тің қысқы кезеңдегі жұмысы мен ерекшелігі туралы Яков Фёдоровтың арнайы фоторепортажынан танысуға болады.

Осы жылғы тамыздың басында қазақ композиторы Нұрғиса Тілендиевтің құрметіне аталған Алматы облысындағы ең қуатты КЭС жұмыс істей бастады.

Nurgisa КЭС-к аттанар алдында мен әлемдегі күн энергетикасының дамуы жөніндегі цифрларды қарап шықтым. Серпін өте таңқаларлық болды.

Мысалы, таядағы уақытта ғана – 2004 жылы АҚШ-тың барлық күн электр станцияларының қуаты 100,8 мегаватт болыпты (қазіргі Nurgisa КЭС-індегі сияқты), 2018 жылы бұл цифр 150 есеге жуық – 14 762 МВт өскен. Көршілес Қытайдағы серпін одан да көбірек таңдандырады – 2007 жылы 100 МВт, ал 2018 жылы 174 630 МВт (11 жыл ішіндегі өсім 1746 есе) – яғни барлық КЭС-тердің әлемдік қуатының 32%-ы.

Көпшілік қауым күн қуаты аса жеткілікті емес деп есептеуі мүмкін Германияда 2018 жылы тұтынылатын энергияның 7,9%-ы КЭС-тарда өндіріледі.

Біздің елімізде де күн энергетикасы электр энергетикасын өндірудің басқа түрлерімен салыстырғанда өте жедел қарқынмен дамып келеді. Биылғы жылдың өзінде бірқатар ірі КЭС-тер пайдалануға енгізілді.

1. 2018 жылғы қыркүйекте «Eneverse Kunkuat» ЖШС Қапшағай қалысының жанынан қуаты 100 МВт күн электр станциясының құрылысын бастады. Бар-жоғы бір жылдың ішінде оның құрылысы аяқталды. Жаңа КЭС қазақ композиторы, КСРО халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің құрметіне аталды.

2. Nurgisa КЭС-та әрқайсысының қуаты 330 Вт болатын барлығы 303 048 жартылай кремний күн панельдері орнатылған.

3. Жобаның жалпы құны 27,7 млрд теңгені құрады. Оның 10,8 млрд теңгесін «Қазақстанның Даму банкі» АҚ (ҚДБ, «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) 10 жыл мерзімге қарыз түрінде ұсынды, 8 жыл мерзімге 6,5 млрд теңге сомасындағы лизингтік қаржыландыруды Банктің еншілес құрылымы – «ҚДБ-Лизинг» АҚ берді, қажетті инвестициялардың қалған көлемі – 10,4 млрд теңгені «Eneverse Kunkuat» ЖШС қамтамасыз етті.

4. Жоба бойынша күн электр станциясы жыл сайын 160 млн киловатт-сағатқа жуық электр энергиясын өндіретін болады, ол жылына 150 мың тонна көмір қышқыл газының шығарылымдарын қысқартады.

5. Метеорологиялық приборлар.

6. Маған станцияның қысқы кезеңдегі жұмысының ерекшелігі туралы білу қызғылықты болды. КЭС мамандарының айтуынша, осындай климаттық жағдайларда панельдерді пайдалану тәжірибесі бойынша панельдердің күңгірт түсі және көлбеу бұрышы есебінен мұз қату немесе қар басу проблемалары болмайды.

7. Күн панельдері стрингтерге (қатарларға) жиналған, Nurgisa КЭС жағдайында әр стрингте 18 панельден.

8. Әрбір панельден кернеуі 44 вольтқа дейінгі ток өндіріледі.

9. Одан әрі электр қуаты панельдерден 1000 вольқа дейінгі жинау шкафтарына (комбайнер-бокстарға) беріледі.

10. Мысалы, мына комбайнер-бокстағы кернеу 670 вольтты құрайды.

11.

12. Ток комбайнер-бокстардан кабельдердің бойымен инверторлық станцияларға беріледі.

13. Инверторлық станцияда тұрақты ток әуелі 380 воль кернеудегі ауыспалы токқа өзгереді, ол кернеуді 35 000 вольқа дейін арттыратын трансформаторға келіп түседі. Одан әрі ток жабық бөлу құрылғысына келеді.

14. Жабық бөлу құрылғысы.

15.

16. Содан кейін күш трансформаторларының көмегімен кернеу тағы да 35-тен 220 киловатқа дейін артады.

17. Кернеу 220 кВ дейін артқан соң ток ашық бөлу құрылғысы (АБҚ) арқылы 220 кВ жоғары вольтты желілерге және одан әрі тұтынушыға жіберіледі.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79