• kz

ҚДБ мен Taiburyl «Керек адам» бірлескен жобасының шеңберінде 14 адам Қазақстанның аса ірі кәсіпорындарында тағлымдамадан өтті

Олар Қазақтың Әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің, Қазақстан-Британ техникалық университетінің, Батыс Қазақстанның Жәңгір хан атындағы аграрлық-техникалық университетінің, С.Торайғыров атындағы Павлодар университетінің, Павлодар мұнай-газ колледжінің, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің түлектері мен жоғары курстарының студенттері.

Тағы 10 тағлымгер Ақтөбе рельс-арқалық зауытында өндірістік тәжірибеден өту үшін аттанып кетті. Олар Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің: «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы», «Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы» және «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» сияқты техникалық мамандықтары бойынша оқыған түлектері.

«Керек адам» әлеуметтік-білім беру жобасының мақсаты – Қазақстанда инженерлік-технологиялық құзыреттерді танымал ету және дамыту. Жобаны ҚДБ «Taiburyl» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп іске асырады. Банк корпоративтік-әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде тағлымгерлерге тағлымдамадан өту кезеңі ішінде 50 мың теңге көлемінде ай сайынғы стипендия төлеуге 9 млн теңге сомасында грант бөлді.

Еліміздің аса ірі кәсіпорындарында, оның ішінде Банк қаржыландыратын кәсіпорындарда барлығы 30 жас кадр үшін тағлымдама ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Оған қатысатын тағлымгерлерді іріктеу конкурстық негізде екі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде талапкерлер Бірлестіктің http://taiburyl.kz сайтына өтінім береді, өтінімге мынадай критерийлерге толық сәйкестігін растайтын құжаттарын қоса берілуге тиіс:

- Қазақстан Республикасының азаматы болуы;

- бейіндік оқу орындарының бакалавриатының немесе магистратурасының 3 немесе 4-курсында оқуы не бітіргендігі туралы дипломының болуы, бұл ретте оқу үлгірімділігі GPA 3,7 баллдан төмен болмауға тиіс;

- машина жасау, металлургия, жылу энергетикасы, электроэнергетика, автоматтандыру және басқару, химия, физика, компьютерлік жүйелер, мұнай-газ ісі, стандартизация, сертификация, логистика, геология, радиотехника және т.б. сияқты техникалық мамандықтар бойынша оқуы;

- «Заманауи Қазақстан үшін менің кәсібімнің маңызы» деген тақырыпқа эссе жазу.

Оқуы кезінде наградалар алуы және республикалық, халықаралық жарыстарда жүлделі орынға ие болуы, конференциялар мен форумдарға қатысуы, әлеуметтік жауапкершілігін және кәсіби дағдылары мен білімін практикалық қызметте қолдана алу шеберлігін көрсететін өз жобаларын іске асыруы үміткерлер үшін тағлымдамадан өту жолында қосымша артықшылықтар болып табылады.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79