• kz

«АРБЗ» ЖШС Еуропа нарықтарына қол жетімділік алды

3.jpg

Осындай рельстер біз үшін үйреншікті Р65-тен: рельстің биіктігі, шейкасының биіктігі мен қалыңдығы, бастиегінің ені сияқты техникалық параметрлер бойынша ерекшеленеді. «АРБЗ» ЖШС өкілдерінің айтуына қарағанда, қазір кәсіпорынның өндірістік қуаттары жаңа өнімді коммерциялық өндіруге толығымен дайын және 60Е1 типіндегі рельстерді коммерциялық өндіруге ресми түрде сертификат алу зауыттың алдына экспорттық әлеуетті дамытудың жаңа көкжиектерін ашады.

«Қазіргі кезде біз Еуропадағы, Солтүстік Африкадағы және Таяу Шығыстағы темір жолдарды дамытуға жауап беретін басқару органдарымен келіссөздер жүргізудеміз. Бірқатар жағдайларда рельстерді экспорттау туралы алдын ала уағдаластықтарға қол жеткізілді де, Еуропа елдерінің контрагенттерімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды», - деді «АРБЗ» ЖШС бас директоры Валерий Обилец.

Ақтөбе рельс-арқалық зауыты – Еуразиялық экономикалық одақтың аумағындағы ұзындығы 120 метрге дейінгі температураға төзімді, сертификатталған темір жол рельстерін жалғыз жасаушы. Транзиттік хаб ретіндегі Қазақстанның аумағында осындай ауқымды жобаны іске асыру кездейсоқтық емес, кәсіпорын темір жолы мен сапалы темір жол полотносы экономиканы дамытуда шешуші рөл атқаратын мемлекеттің барлық стратегиялық міндеттеріне жауап береді. Теңізге тікелей шығатын жолының болмауымен және өндірістік күштерді орналастырудың орасан зор аумағының болуымен сипатталатын елдің ерекше географиялық орналасуы темір жол көлігі кешенінің рөлін барынша жоғары шектерге дейін арттырады.

1.jpg

Қазақстандық рельс өндірісі инвестициялық жобасын іске асыру 2013 жылы басталды. Осындай аса ауқымды өнеркәсіптік объектінің құрылысына Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жобаны 10 жылдан 20 жылға дейін қаржыландырған «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ, «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) қолдау көрсетті және оның құрылысын: жобалаудан бастап іске қосу сәтіне дейінгі барлық кезеңдерінде жобаны сүйемелдеді. Siemens S.p.A. компаниясынан еуропалық жабдық сатып алуға Даму банкі 47,7 млн евро сомасында байланысты қарыз берді.

Бірге қаржыландырушы банк ретінде банктік кредиттеуге Siemens компаниясымен келісімшарт бойынша авансты қаржыландырған «Ресей сбербанкі» АҚ НБ да жұмылдырылды.

Ақтөбе рельс-арқалық зауыты 2016 жылғы жазда пайдалануға енгізілді, кәсіпорынның жобалық қуаты 430 мың тонна металл прокатын: 200 мың тонна рельсті және 230 мың тонна фасондық прокатты құрайды.

4.jpg

«Үкімет тиісті кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау көрсете отырып, Қазақстандағы темір жол көлігі мен инфрақұрылымын дамытуға баса назар аударады. Темір жолдарды жаңғырту бағдарламасы қабылданды, оның шеңберінде отандық өндіріс рельстерінің сапасын халықаралық стандарттарға дейін жеткізу басым міндет болып табылады. Біз Даму банкінің қаржылық қолдауының арқасында біздің елімізде Ақтөбе рельс-арқалық зауыты құрылысының іске асырылғандығына қуаныштымыз», - деп атап өтті ҚДБ Басқармасы төрағасының орынбасары Думан Әубәкіров.

Сонымен бірге зауыт өнімінің ассортиментіне профильдің 27 түрі кіреді. Бүгінгі таңда өндірістің негізгі бөлігін ҚР СТ 2432-2013 және МЕМСТ Р 51685-2013 сапа стандарттарына сәйкес келетін ДТ350 және ДТ350СС санаттарындағы Р65 типінің дифференцияландырылған температураға төзімді рельстер құрайды. Ақтөбе зауытының өнімдері темір жолдардың ең жауапты учаскелерінде – жоғары жылдамдықты магистральдарда, жүк тасымалдылығы жоғары желілерде және ызғарлы климаттық жағдайларда табысты қолданылуда. Рельс ұзындығының ұлғаюы және түйістер санының азаюы есебінен темір жол төсемдерін төсеуге жұмсалатын қаржы шығындары азаяды, темір жол құрамдарының да, сондай-ақ рельстердің өздерінің де тозуға төзімділігі артады. Оның үстіне өндірісті оңтайландыру жолаушылар поездарына қозғалыстың, ал жүк құрамдарына – жылдамдықтың бірқалыпты болуына мүмкіндік береді.

1574403254_snimok.jpg1574403498_1111.jpg

Зауыт фасондық прокаттың да кең номенклатурасын: тең сөрелі бұрыштарды, қоставрларды, швеллерлерді шығарады. Бұл бұйымдар халықаралық стандарттарға және талаптарға толық жауап береді, өйткені өнім аты әлемге белгілі Siemens-VAI (Primetals Technologies Italy S.r.l.) компаниясының прокаттық станында дайындалады. Прокат технологиясын бақылау Италия компаниясы мамандарының қатысуымен жүзеге асырылады, бұл нәтиже сапасына кепілдік беру мүмкіндігін береді.

«АРБЗ» ЖШС өнімінің Қазақстандағы басты тұтынушысы республика магистралдық темір жол желісінің операторы – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ болып табылады. Ақтөбеде дайындалған рельстер «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында, Алматы – Шу темір жолының құрылысында, Құрық теңіз портының және Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа темір жол вокзалын салу кезінде кеңінен пайдаланылды. 2016 жылдан бастап Қазақстанның темір жолдарын салу және жөндеу барысында барлығы 400 мың тоннадан астам рельс өнімі пайдаланылды, бұл үш мың километр ұзындыққа тең. Оның үстіне, зауыт шығаратын өнімдер Қазақстанның шегінен тысқары жерлерде де мәлім. Қазіргі кезде «АРБЗ» ЖШС рельстері Ресейдің, Украинаның, Өзбекстанның, Қырғызстанның және Грузияның темір жолдарын салу және жаңарту үшін, сондай-ақ Беларусь Республикасында, Түркменстан мен Ауғанстанда сәтті қолданылуда.

5.jpg

«Қазақстанның ішінде де, сондай-ақ оның шегінен тыс жерлерде де жоғары сұранысын айқындайтын АРБЗ шығаратын өнімнің негізгі бәсекелік артықшылығы – оның халықаралық стандарттардың талаптарына толығымен сәйкес келетін жоғары және тұрақты сапасы. Зауыт өнімдерін көптеген көрсеткіштер бойынша Жапония және Еуропа өндірушілерінің өнімдерімен салыстыруға болады», деді «Темір жол көлігі ғылыми-зерттеу институты» АҚ ғылыми орталығы директорының орынбасары Алексей Игоревич Борц. Осы мәлімдемені «Қазақстан темір жол көлігіндегі сертификаттау орталығы» ЖШС рельс өнімдерін сертификаттау саласындағы сарапшы Андрей Робертович Кнайп та растайды.

Кәсіпорынның қазақстандық ЖОО түлектерінің қатарынан кадрларды іріктеу және оқыту бойынша белсенді түрде жұмыс жүргізіп жатқанын атап өту қажет. Іс жүзінде барлық технологиялық учаскелерде технологиялық процесті жетілдіруге, қосалқы бөлшектер мен материалдарды бірдейлендіруге, өзіндік рационализаторлық ұсыныстарды енгізуге ерекше назар аударылады.

Қалай айтқандада, кәсіпорын қол жеткізген жетістіктерімен тоқталып қалмайды. Болашаққа белгілеген жоспарларының бірі – орташа фасондық прокат өндіру көлемін әртараптандыру және кеңейту, сондай-ақ толық жобалық қуатқа шығу. Қазір кәсіпорында өнеркәсіптік құрылыста кеңінен пайдаланылатын, демек – зауыт клиенттерінің арасында барынша сұранысқа ие болатын орташа фасон прокатының сортаментін игеру және кеңейту бойынша жоспарланған жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, 2020 жылға белгіленген негізгі міндеттердің бірі қоставрлы арқалықтың талап етілетін типомөлшерлерін игеру және олардың өндірісін жолға қою болып табылады.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79