• kz

ҚДБ мен ЭЫДҰ ынтымақтастығы негізіне алғашқы кірпіш қаланды

IMG_1610.JPG

Халықаралық әріптестермен ынтымақтастықты күшейту – Даму Банкінің басымдықтарының бірі болып келді және бола да береді. Мұндай қажеттілікті ұлттық экономиканың шикізаттық тәуелділіктен жоғары сападағы өндірісті дамытуға өтуін қамтамасыз етуге бағытталған ірі ауқымды жобалар үшін ұзақ мерзімді қаржыландыру беруден көрінетін ҚДБ-ның Қазақстан экономикасындағы стратегиялық рөлі талап етеді. Мұндай жобалар көбінесе жоғары тәуекелдермен, өзін өзі ақтауының ұзақ мерзімдерімен және жабдықтардың импортымен сипатталады. Ұзақ мерзімді қаржыландыруды іздестіру мақсатында жобалардың саяси және коммерциялық тәуекелдерін сақтандыратын, сол арқылы біздің клиенттеріміз үшін ақырғы құнды төмендететін шетелдік экспорттық кредиттік агенттіктер (ЭКА) тартылады.

Экспорттық кредиттік агенттіктердің баға ұсыныстарын қалыптастырудың нақ осы процесінде ЭЫДҰ-ның елдік сыныптауышы зор рөл атқарады.

ЭЫДҰ-ның елдік сыныптауышына сәйкес Қазақстан Республикасы қазір 5-ші деңгейде тұр. Бұл, даусыз, біз қаржыландыратын жобалардың экономикасына, Банктің ағымдағы мәмілелерін құрылымдау шарттарына әсер етеді, өйткені олар енді бұрынғыларға қарағанда әлдеқайда жоғары тұр. Нақ сондықтан да, біз елдік тәуекелдің сыныптауышын жақсартудың ықтимал жолдарын білу үшін ЭЫДҰ-ның сарапшыларын шақырдық»,

- деді ҚДБ Басқармасы төрағасының орынбасары Дмитрий Бабичев.

Юрий Бабичев.JPG


«Халықаралық сарапшылар жұмысының басты ерекшелігі олардың қандай да бір елде жүргізіліп жатқан мемлекеттік бағдарламаларына немесе реформаларына назар аудармайтындығы болып табылады, олар басқарудың барлық деңгейлеріндегі нақты қадамдарды бағалайды. Сондықтан бұл мәселеде ақпаратпен және біліммен бөлісуге мүмкіндік беретін нақ осындай түрдегі ынтымақтастықтың болғаны өте маңызды», - деп атап өтті ЭЫДҰ Жаһандық қатынастар хатшылығы Еуразия Дивизионының басшысы Уильям Томпсон.


Уильям Томпсон в середине.JPG

Өткен кездесудің тағы бір маңызды лейтмотиві «жасыл» жобаларды талқылау болды. Бүгінгі таңда Қазақстан үкіметі елімізде қалыптасқан экологиялық проблеманы түсіне отырып, жаңартылатын энергия көздерін дамытуға үлкен мән беріп отыр.

Қазақстанның «жасыл» экономикаға өтуі жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес, 2050 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің өндірілетін энергияның жалпы көлеміндегі үлесін 50 пайызға дейін жеткізу қажет. Осыған байланысты ҚДБ өкілдері ЭЫДҰ сарапшылармен әдіснама, тәжірибе және практикамен тұрақты негізде алмасып отыруға уағдаласты. Ұйымның аса бай білім қорын ескеретін болсақ, ҚДБ үшін мұндай ынтымақтастық әсіресе құнды.

Энергияның дәстүрлі көздерінен жаңартылатын энергия көздеріне өту қажеттігі Қазақстанда өткір мәселе болып тұр. Жаһандық үрдістер бізді айналып өтпейді, олар ағымдағы қызметке «жасыл» стандарттарды енгізу қажеттігін талап етеді. Қазір ҚДБ қоржынында ЖЭК саласындағы 5 жоба жатыр, жаңа өтінімдер келіп түсуде, сондықтан ЭЫДҰ-мен тығыз кооперация біздің «жасыл» жобаларды қаржыландыру тәсілдемелерімізді жақсартуға, оларды халықаралық қаржы ұйымдарының деңгейіне жеткізуге мүмкіндік береді»,

- деп өз ойымен бөлісті ҚДБ Басқармасының төрағасы Абай Сарқұлов.
Абай Саркулов.JPG

ЭЫДҰ өкілдері де зерттеу нәтижелерін ҚДБ-мен тұрақты түрде бөлісуге, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ны жұмыс топтарының отырыстарына қатысу үшін шақыруға уәде берді. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының көптеген елдердің үкіметтері үшін экономикалық мәселелердің кең шеңбері бойынша ұсынымдар мен саясаттар әзірлейтін барынша беделді халықаралық ұйымдардың бірі болып табылатындығын еске саламыз. ЭЫДҰ 1948 жылы құрылды, оның штаб-пәтері Париж қаласында орналасқан. ЭЫДҰ-ның құрамына 36 ел кіреді, олардың үлесіне әлемдік ЖІӨ-нің 60%-ы келеді. ЭЫДҰ қызметі тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге және мүше елдердің өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған үйлестірілген саясат жүргізуді мақсат етеді.
IMG_1626.JPG
АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79