• kz

ҚДБ қаржыландыруымен салынған жел станциясының бірінші іске қосу кешені «жасыл энергия» өндіре бастады

ВЭС_1.jpg

«Жобаның құны 45 млрд теңгені құрайды, бұл ретте Қазақстанның Даму Банкі (ҚДБ, «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) 30,5 млрд. теңге сомасында кредиттік желі ұсынды. Қаржыландыру мерзімі 10,5 жылды, сыйақы ставкасы жылдық 12,58% құрайды. Біз әзірше бірінші іске қосу кешенін қаржыландырып отырмыз. Бүгінгі таңда Банк осы жобаның екінші кезегі де мақұлданды», - деді Қазақстанның Даму Банкі Клиенттермен жұмыс жасау дирекциясының аға банкирі Айжан Битебаева.

Банк өкілі жаңартылатын энергия көздерін қоса алғанда, энергетика ұлттық даму институты үшін басым бағыттардың бірі болып табылады деп атап өтті.

«Осы жобаны қаржыландыруға банктің еншілес ұйымдары да қатысты. Осы жобаның кіші станциясы «ҚДБ-Лизинг» компаниясынан лизинг арқылы қаржыландырылды, сондай-ақ DBK Equity Fund үлестік қаржыландыру тартылды», - деп толықтырды Битебаева.

Айжан Битебаева_1.jpg

Ветропарктің өзінің жұмысы туралы «ЦАТЭК Green Energy» (ЦАТЭК Грин Энерджи) компаниясының директоры Еділ Сарыев нақтырақ әңгімеледі.

«Біздің станция үшін желдің кинетикалық энергиясы шикізат көзі болып табылады, оның күшіне және бағытына ветропарктің өнімділігі тікелей байланысты болады. Осыған байланысты, бірінші кезекте, жобаны іске асыру басталғанға дейін біз энергетикалық жағынан тиімді климаттық жағдайлары бар қолайлы учаске іздестіруге назар аудардық.

Жел электр станциясы құрылысының учаскелерін алдын ала таңдау БҰҰДБ дайындаған жел атласының негізінде жүзеге асырылады, оның деректері бойынша автожолдар, желілер, электр беру желілері және т.б. сияқты дамыған инфрақұрылымды иеленетін ықтимал жер учаскелері қарастырылды. ЖЭС құрылысының негізгі учаскесі айқындалғаннан кейін, жергілікті жердің неғұрлым егжей-тегжейлі метеорологиялық ақпаратын алу үшін біз биіктігі 100 метрге жуық өзіміздің метеорологиялық діңгегімізді орнаттық.

Аса ауқымды жұмыс көлемін жүргізе отырып, соның ішінде жел жылдамдығының, оның бағытының, ауа қысымының және температуралық режимнің 7 миллионға жуық көрсеткіштерін өлшеп, біз алаңның жел турбиналарын орнатуға жарамды екендігіне көз жеткіздік», - деп атап өтті ол.

Сарыев.jpg

Одан әрі, оның сөзі бойынша, бүкіл жобаның ең күрделі бөлігі – бөлшектер жеткізу басталды. Өйткені бір турбинаның негізінен бастап қалағының ұшына дейінгі биіктігі – 140 метрді құрайды, оны Нұр-Сұлтанның әйгілі объектісі – Хан Шатырдың биіктігімен салыстыруға болады.

«Бір ғана қалағының ұзындығы – 55 м. Ойлап көріңіз, қандай үлкен бөлшектер. Олар Даниядан, Германиядан және Испаниядан жеткізілді. Біздің бүкіл логистикалық маршрутымыз шамамен 6 мың км болды, турбиналарды дайындаушы – Vestas компаниясының айтуы бойынша, біздің жоба жолының ұзақтығы және жеткізілуінің күрделілігі бойынша әлемде нөмірі бірінші жоба болып шықты», - деді компания басшысы.

Жеткізу Түркия және Қара теңіз арқылы Еуропадан теңіз жолымен, сондай-ақ Еділ-Дон арнасы арқылы көлемді бөлшектері арнайы арбаларға тиелетін Самараға дейін жүзеге асырылды және Қазақстанға әкелінді.

Ветрогенераторы.jpg

«Ұзындығы бір километрден асатын колонна турбиналардың компоненттерін Ақтөбе, Қостанай, Нұр-Сұлтан арқылы құрылыс алаңына жеткізді. Ол үшін бізге жол жүру бағытының көптеген жолдарын түрлендіруге тура келді, ал ол жолдардың үстіндегі электр беру желілерінің биіктігін ұлғайту, турбиналардың габариттік емес компоненттерін, оның ішінде ұзындығы 55 метрден асатын бөлшектенбейтін қалақтардың логистикасын жүзеге асыратын тартқыштардың қауіпсіз бұрылыстарын орындау үшін жолдарды күшейту және жаңа жолдар салу деген сөз. Станцияларды орнату үшін жүк көтергіштігі 750 тонна және 400 тонна болатын екі алып кран пайдаланылды», - деп толықтырды Е.Сарыев.

Оның айтуына қарағанда, өндірілетін барлық электр энергиясы «KEGOC» АҚ жүйелік операторының желілеріне келіп түседі. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамаға сәйкес өндірілетін электр энергиясының толық көлемін сатып алушы «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есептеу-қаржы орталығы» ЖШС болып табылады.

Біздің станция желдің 3-тен 25 м/с дейінгі диапазондағы жылдамдығы кезінде электр энергиясын өндіруге қабілетті», - деп түсіндірді ол.

Бұл ретте ветропарк 119 га аумақта орналасты.

Ветрогенератор.jpg

«Бірінші іске қосу кешені пайдалануға енгізілгеннен кейін біз он бес жұмыс орнын ұйымдастырдық. Жел электр станциясының жобалық қуатына шығуы кезінде штат санын 19 адамға дейін ұлғайтамыз», - деді Сарыев.

Жобаның бірінші кезегі іске қосылғаннан кейін компания екінші кезектің құрылысына кірісті.

«Екінші іске қосу кешені де бөлінген 119 га аумақтың ішіне орналасатын болады, оған 15 қосымша турбиналарды орнату жоспарлануда. Бұл ретте олардың қалақтары ұзынырақ болады, роторының диаметрі 117 м құрайды. Компания екінші іске қосу кешенін 2020 жылдың екінші жартысында қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр. Осылайша, ветропарктің жалпы қуаты 100 МВт дейін ұлғаяды. Ол үш аудан орталығының немесе 10 мыңнан астам үйдің электр энергиясына деген қажеттілігін өтеуге жеткілікті болады», - деді парк директоры.

Мұның сыртында, кәсіпорынның энергияны зерттеу орталығын құру жоспары бар.

«Біз сарапшылардың назарын аударып қана қоймай, сонымен бірге өскелең ұрпақты табиғатқа ұқыпты қарауға, жаңартылатын энергия көздерін қалай алмастыруға болатынын және қоршаған ортаны адамзат игілігіне жаратуды үйреткіміз келеді», - деп түйіндеді Е.Сарыев.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79