• kz

Баспасөз хабарламалары

ҚДБ: Отандық химия алыптары өндірістік және экспорттық көрсеткіштерін арттыруда

Өндірістік көрсеткіштердің осылайшы өсуі қатарынан екі жыл бойы байқалып отыр. Өткен жылы секторда өнеркәсіптік өндірістің көлемі 401,1 млрд теңгеге жетті.

Атап айтқанда, фосфорлы минералдық тыңайтқыштарды өндіру және оларды шығару өткен жылдың ұқсас кезеңі ішіндегі көрсеткіштермен салыстырғанда 31% ұлғайды.

Фосфорлы тыңайтқыштардың 90%-дан астамы еліміздің оңтүстігінде, Жамбыл облысының «Қазфосфат» ЖШС кәсіпорнында өндірілетіні көңір аудартады. Қазір кәсіпорын ішкі нарықтың қажеттіліктерін толығымен өтейді, сондай-ақ сыртқы нарықтарда айтарлықтай бәсекелестік тудырады. «Қазфосфат» ЖШС-ның минералдық тыңайтқыштар өндіру көлемі 2017 жылы 297 690 тоннаны, 2018 – 256 355 тоннаны, ал 2019 жылдың 10 айы ішінде – 324 975 тоннаны құрады. Ағымдағы жылдың соңына қарай 400 000 тонна көрсеткішіне қол жеткізу жоспарлануда.

Мәселен, өнімнің 75% астамы алыс және жақын шет елдердің экспорттық нарықтарына жөнелтіледі. Осындай көрсеткіштерге қол жеткізілуі 7 млрд теңге мөлшерінде қарыз берген Қазақстанның Даму Банкінің қаржылық қолдауының арқасында мүмкін болды. Қаражат «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының және шикізат сатып алу және экспорт алдындағы операциямен байланысты өзге де шығыстардың шеңберінде отандық экспорттаушыларды қолдауға бағытталды. Кәсіпорын 2015-2019 жылдарға арналған ИИДМБ бағдарламасының шеңберінде «Қазфосфат» ЖШС-ның «Минералдық тыңайтқыштар» Тараз филиалының ЭФК-1 технологиялық жүйесін оның қуатын жылына 220 мың тонна Р2О5 дейін жеткізе отырып реконструкциялау» инвестициялық жобасын жүзеге асырды, ол минералдық тыңайтқыштар шығаруды 140 мың тоннаға жуық деңгейден жылына 300 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Казфосфат_цех 2.jpg

«Біз мемлекеттің Даму Банкі арқылы отандық экспорттаушыларды толық қолдап отырғанына және Қазақстанның өңделген өнімі экспортын ұлғайту қажеттігін түсінетіндігіне өте қуаныштымыз. Бүгінде, ҚДБ-ның қаржылық қолдауының арқасында өндіру мен сату көлемін ұлғайту үшін инвестициялық жобаларды іске асыра алдық, жоғары нәтижелерге қол жеткіздік. Уақтылы көрсетілген қаржылық қолдау және сол арқылы жобалармызды іске асыру Жамбыл облысының ғана емес, сонымен бірге тұтастай республиканың да экономикасын дамыту үшін мультипликациялық оң тиімділік берді, біз өз қызметкерлеріміздің әл-ауқатының артуын қамтамасыз еттік. Біздің кәсіпорында 6200 адам еңбек етеді, олардың барлығы да тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етілген, сондай-ақ компаниямыздың айналасында ШОБ-ның 20 астам компаниясы дамуда және жұмыс істеуде», - деді «Қазфосфат» ЖШС Басқармасы төрағасының орынбасары Нұрзия Лесбекова.

Өз кезегінде азотты тыңайтқыштар өндіру 294,4 мың тоннаны құрап, 1,8% қысқарды. Соған қарамастан, сектордың даму серпінін ескергенде, көрсеткіштер тұтастай алғанда тұрақты: 2017 жылы азотты тыңайтқыштар өндіру көлемі 302,3 мың тоннаны, 2018 жылы – 299,9 мың тоннаны құрады. Минералдық және химиялық азотты тыңайтқыштардың 87%-ы Маңғыстау облысында шығарылатынын атап өтуге болады, онда «ҚазАзот» АҚ зауыты орналасқан.

КазАзот.jpg

Кәсіпорын өндірісті ауқымды жаңғыртуды жалғастыруда, ол алдағы уақытта дайын өнім шығару жөніндегі өндірістік қуаттарды одан әрі арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстанның Даму Банкі осы мақсаттар үшін 10 жыл мерзімге 30 млрд теңге мөлшерінде қарыз берді. Жобаның толық құны 56,087 млрд теңге. Оның үстіне, ҚДБ қазір кәсіпорынның экспорттық көрсеткіштерді арттыру жөніндегі ниетін қолдайды. Банк кәсіпорынның 3 млрд теңге жалпы сомадағы шикізат сатып алуға жұмсалатын шығындарын және экспорт алдындағы операциялармен байланысты өзге де шығыстарын қаржыландыруды бекітті.

«Біз көрсеткен қаржылық қолдау кәсіпорынға тауар өндірудің жылдық өнімділігін 300 мыңнан 340 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Алайда, ең бастысы – жаңғыртудың нәтижесінде аммиак, әлсіз қышқыл, азотты минералдық тыңайтқыштар өндірудің өзіндік құнын қысқартуға мүмкіндік берді – бұл «ҚазАзот» АҚ-ның әлемдік азот тыңайтқыштары нарығындағы елеулі артықшылығы», - деп атап өтті Клиенттермен жұмыс жөніндегі дирекцияның аға банкирі Анна Ярошенко.

«ҚазАзот» АҚ өкілдерінің деректері бойынша қазір кәсіпорын Украина, Түркменстан және Ресей нарықтарына дайын өнім береді. Қазіргі сәтте өндірістің жалпы көлеміндегі экспорттық көрсеткіштердің үлесі 27% құрайды.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79