• kz

ҚДБ және Германияның аса ірі қаржы институттары ынтымақтастықты кеңейтуде

WhatsApp Image 2019-12-06 at 17.47.55.jpeg

ҚДБ Басқармасының төрағасы Абай Сарқұлов ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға алғашқы ресми сапарының барысында Deutsche Bank AG-пен келісімге қол қойды, ол сол арқылы екі ұйымның іскерлік қатынастарын дамытуға жаңа серпін берді. 2010 жылы тараптардың Қазақстанда стратегиялық жағынан маңызды даму жобаларын қаржыландыру үшін негізгі келісімге қол қойғанын еске саламыз. Алайда енді, бүгін Берлинде қол қойылған ынтымақтастық туралы жаңа меморандумның арқасында Даму Банкінің өкілдері жобалар үшін экспорттық кредиттік агенттіктерді (ЭКА) сақтандыру өтеуімен Deutsche Bank-тен 500 млн евро құрылымдық қаржыландыру тарта алады.

Оның сыртында, әлеуетті қарыз алушылар тарту және ҚДБ инвестициялық жобалары бойынша неміс әріптестерімен ынтымақтастықты жандандыру үшін Германияның Euler Hermes Aktiengesellschaft сақтандыру компаниясымен жобаларды сақтандырып өтеуді қамтамасыз ету талап етілетін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Осылайша, екі тарап та экспорттық қаржыландыру саласындағы мәмілелердің іске асырылуын көтермелеу және оған жәрдемдесу ниетінде.

Қазақстанның Даму Банкінің біздің Германиядағы әріптестерімізбен ынтымақтастығының жыл өткен сайын кеңейіп және нығайып келе жатқандығына біз өте қуаныштымыз. Бұл бизнес үшін оң белгі қызметін атқарады, Қазақстанға инвестициялар ағынына жол ашады. Бүгінгі таңда ҚДБ қоржынында неміс компаниялары қатысатын кемінде екі жоба бар. Ынтымақтастық туралы бүгінгі құжаттарға қол қойылғаннан кейін мұндай жобалар саны әлдеқайда көбірек болады деп ойлаймын»,

  - деді ҚДБ Басқармасының төрағасы Абай Сарқұлов.
Қазақстанның Даму Банкі Германияның аса ірі қаржы институттарының бірінен саналатын KfW Ipex Bank және Commertzbank AG сияқты ұйымдарымен де ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Қол қойылған келісімдер ынтымақтастыққа және өзара тиімді инвестициялық жобаларды практикалық іске асыруға жаңа серпін береді. Атап айтқанда, с KfW Ipex Bank ұжымымен жасалған келісім ҚДБ-ға Германияның және KfW IPEX-Bank-тің еуропалық клиенттерінің тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің экспортын Euler Hermes Aktiengesellschaft сақтандырып өтеуімен қаржыландыру көзделетін жобаларды іске қосуға мүмкіндік береді. Өз кезегінде Commertzbank AG-пен жасалған ынтымақтастық туралы меморандум экспорттық кредиттік агенттіктердің сақтандырып өтеуін тарта отырып, мәмілелерді құрылымдық қаржыландыру желісі бойынша өзара іскерлік қатынастарды дамытуға көмектеседі.

срез.jpg

«Бүгінгі күн сөзсіз ҚДБ тарихына кіреді. Қол қойылған меморандумдардың біздің елдеріміздің арасындағы инвестициялық әлеуетті одан әрі дамытуға ықпал ететіндігіне сенімдімін, ал ол ҚР мемлекеттік даму бағдарламалары бойынша қаржы операторы ретіндегі ҚДБ үшін неміс компаниялары қатысатын ірі ауқымды инвестициялық жобаларды қаржыландыру шеңберінде германиялық әріптестермен ынтымақтастықты жандандыруға ұнамды әсер етеді», - деп ҚДБ Басқармасы төрағасының орынбасары Дмитрий Бабичев ойымен бөлісті.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79