• kz

«Проммашкомплект» ЖШС өңдеу секторы үшін жаңа даму бағыттарын ашады


2019 жылдың қазан айында «Проммашкомплект» ЖШС 10 мыңнан астам доңғалақ жасап шығарды, жылдың аяғына дейін темір жолдарға арналған тағы 30 мыңға жуық доңғалақ шығару жоспарланып отыр. Бұл ретте бірінші партияны шығару бар-жоғы бірнеше ай ғана бұрын басталғанын атап өту қажет. Дайын өнімге деген сұраныс пен тапсырыстардың ұлғаюын ескере отырып, кәсіпорын Құбыр металлургиялық компания ЖАҚ-пен (ҚМК) жыл сайын 65 мың тоннаға дейінгі көлемде шикізат, атап айтқанда, дөңгелек үздіксіз құйылатын дайындама беруге арналған келісімге қол қойды. Компанияның өнімі Қазақстан және ТМД елдерінің нарығына ғана бағдарланып қоймай, сонымен бірге алыс шетелдердің тұтынушыларынан да қызығушылықтың ұлғаюы байқалады. Мысалы, Американың General Electri корпорациясы локомотив доңғалақтарын Екібастұз өнім өндірушісінен сатып алуды жоспарлап отыр.

General Electric компаниясымен келіссөздер әлі күнге дейін жүріп жатыр, сондықтан әзірше мәміленің егжей-тегжейлері туралы айтуға әлі ерте. Соған қарамастан, өнімге деген сұраныстың болуы қуантады, біздің тауар сертификатталған және оны 1520 сорабы стандартының барлық кеңістіктерінде пайдалануға болады. Бұны біздің бос тауашаға сәтті ие болғанымыздың көрсеткіші деп есептеймін, енді кәсіпорынның қуатын дамыту және біздің негізгі тұтынушыларымыз: жылжымалы құрам жасаушылармен, вагон жөндеу депосымен және шеберханалармен, сондай-ақ жылжымалы құрамның меншік иелерімен байланысты жолға қою ғана қалып отыр», 

- деді «Проммашкомплект» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы Дмитрий Матасов.


Павлодар облысындағы темір жол доңғалақтарын жасау кешенінің 2018 жылы іске қосылғанын еске саламыз. Жоба «нөлден» бастап салынды, сондықтан оның құны 54 млрд теңгеден астам соманы құрады. Қаражаттың ауқымды бөлігін, атап айтқанда, 36 млрд теңгені «Қазақстанның Даму Банкі (ҚДБ, «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) жылдық 7% сыйақы ставкасымен 19 жыл мерзімге қарыз түрінде берді. ҚДБ-да нақ осы зауыттың өндірістік стартын бірнеше себептер бойынша тағатсыздана күтті. Біріншіден, мемлекеттік бюджеттен бөлінген салымдардың сомасы аз емес. Екіншіден, жобаның маңыздылығы оның құнына қарағанда ел экономикасы үшін өте елеулі. Оның пайдалануға енгізілуі және толық өндірістік қуатқа шығарылуы зауыттың сырттан келетін импортты алмастыратынын және ішкі нарықтағы сұранысты өтейтінін, республиканың экспорттық әлеуетін арттыратынын және бұл ретте жақын елдердегі ұқсас өндірістермен салыстырғанда бәсекелік еңбек өнімділігін ұлғайтатынын білдіреді. Қазір кәсіпорында 800 жуық адам жұмыс істейді, алайда, зауыт жобалық қуатына шыққаннан кейін жұмысшылар саны 1100 адамға дейін ұлғаяды.

 Біз Банк қаржыландырған кезекті маңызды жобаның өнім шығаруды арттырғанына және Екібастұзда өндірілетін темір жол доңғалақтарының енді әлемдік нарықта бәсеке қалыптастырғанына қуаныштымыз. Таяу уақытқа дейін ресейлік және украиналық кәсіпорындар өңірдегі негізгі ойыншылар саналған еді, енді жаңа кешеннің техникалық жарақтандырылуы жаңа кәсіпорынға доңғалақтарды бұрынғыдан 2 есе көп өндіруге, бұл ретте көршілес елдердің зауыттарымен салыстырғанда, төмен өзіндік құн бойынша өндіруге мүмкіндік береді»,

- деп атап өтті ҚДБ Клиенттермен жұмыс жасау дирекциясының аға банкирі Марина Зотова.


Машина жасау саласын дамыту өнеркәсіптің технологиялық деңгейінің негізгі көрсеткіші болып табылады және көбіне көп аралас салаларды дамытуға ықпал ету жолымен ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін айқындайды. Ол туралы ел үкіметінде бірнеше рет атап көрсетілген болатын, онда өңдеу секторы кәсіпорындарының өндіру көлеміне ерекше назар аударылады. Осы бөлікке «Проммашкомплект» ЖШС үлес қосады және Павлодар облысының дамуы үшін жаңа бағыттар ашады. ҚР Премьер-Министрі баспасөз қызметінің соңғы деректеріне сәйкес ағымдағы жылдың басынан бері өңдеу секторының кәсіпорындары республикалық өңдеу көлемінің 12% жуығын қамтамасыз етеді, машина жасау саласы 5,3% өсті.


АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79