• kz

Баспасөз хабарламалары

Шикізаттық емес күш


Өзімізден бастайық

Әрине, біздің бәрімізді бірінші кезекте қаншалықты жақсы немесе нашар өмір сүре бастағанымыз қызықтырады. Айталық жақсырақ болды делік, ақша көбірек болды, көбірек сатып ала аламыз, жұмсай аламыз. Цифрларға жүгінейік, осы жылдың қыркүйегінде жан басына шаққандағы орташа номиналды ақша кірістері 103 мың теңгеден сәл асатын деңгейде болды және бұл өткен жылдың қыркүйегімен салыстырғанда ақша 10% көбейді деп анықтады ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті. Енді біз жұмыс істеп, ақша табатын жұмыс орындарын құратын бизнес жөнінде. Әйтсе де ең әуелі ІЖӨ туралы, 11 айдың ішінде экономика 4,4%-ға өсті, оған бәрінен де шикізаттық емес сектор көбірек көмектесті (+ 4п.п. дерлік). Жақсы, өйткені өңдеу өнеркәсібінде, саудада және қызметтер көрсету саласында көптеген адамдар жұмыс істейді және мемлекет үшін бұл сектордың өркендегені маңызды және тиімді, компаниялар алға ұмтылып жатса – оларға көмектесу қажет. Осы қисын негізге алына отырып, 2015 жылы 5 жылға шақталған индустриялық дамудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылды. Биылғы жылы ол аяқталады, демек бұл өткенді қорытындылайтын кезең. Осы жылдар ішінде шикізаттық емес экспорт 25-тен 35% дейін өсті, 2014 жылы ол 23,1% ғана құрады. Егер ақша туралы айтар болсақ, өңдеу өнеркәсібінің компаниялары 2015 жылы 13,203 млрд доллар сомасындағы тауарларын шетелге шығарды, ал 2018 жылы олар экспорттан 15,56 млрд доллар табыс тапты.


Бизнесті дамыту

Қазақстандық экспорттаушыларды қолдау – Қазақстанның Даму Банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) қызметінің бағыттарының бірі және ол осы тұрғыдан алғанда «Нұрлы жол» операторларының бірі болып табылады. ҚДБ 2015 жылдан бастап осы уақытқа дейін бағдарламаны іске асыруға Ұлттық қордан 65 млрд теңге және шығарылған облигациялардың көмегімен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 30 млрд теңге тартты. Осы жылғы 1 желтоқсанда Банк қазақстандық компанияларды экспорттық қаржыландыру үшін 420 млрд теңге бағыттады. Қазір қазақстандық компаниялар өз тауарларын Ресейге, Өзбекстанға, Түркменстанға, Ауғанстанға, Тәжікстанға, Қырғызстанға, ҚХР-ға, АҚШ-қа, Оңтүстік Америкаға, Әзірбайжанға, Швейцарияға, Словакияға, Сербияға, Беларусқа, Эстонияға және басқа елдерге табысты экспорттауда.


Тұтастай алғанда, «Нұрлы жол» шеңберінде ҚДБ қолдауы есебінен отандық кәсіпорындар 552,5 млрд теңге сомасындағы өнімді экспорттады. Яғни орта есеппен ұсынылған бір теңге қолдауға 1,4 теңге экспорттық түсім келеді. Бұл ретте ағымдағы жылғы 9 ай ішінде ҚДБ қолдау көрсеткен экспорталды операцияларының шеңберінде 107,7 млрд теңге сомасындағы дайын өнімнің экспорты жүзеге асырылды»,

  - деді Қазақстанның Даму Банкі Басқармасының төрағасы Абай Сарқұлов
Қоржында не бар?

Бұдан басқа, қазақстандық компаниялар жеңілдікпен кредит алудың арқасында 2014 жылғы рубль бағамының айтарлықтай төмендеуінен және ресейлік бәсекелестердің тарапынан болған қысымнан кейін ТМД елдерінің нарықтарында бәсекеге қабілетті бола білді. Ал рубль бағамының әлсіреуіне байланысты тауарлар құны әлдеқайда төмендеген еді. Қазір орын алып отырған кредиттік жүктемеге байланысты экспортқа бағдарланған компаниялар отандық экспортты қолдау құралдарына, мысалы, отандық өнімді импорттайтын бейрезиденттерге берілетін кредиттерге үлкен қызығушылық білдіруде. Айталық, 2018 жылы ҚДБ отандық инжинирингтік компания Қырғызстанда алтын алу фабрикасын салу жөніндегі жұмыстардың экспорты үшін 37,75 млн. доллар сомасындағы экспорттық банк кепілдігін алғаш рет шығарды.

Қазіргі сәтте ҚДБ қоржыны экспорттық операцияларды қаржыландыру шеңберінде шикізат сатып алуға және өнім өндіруге және оны экспортқа сатумен байланысты ағымдағы шығыстарды төлеуге «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 14 ашық жаңартылатын кредиттік желілерді қамтиды. Осы кредит құралы отандық экспорттаушыларға өнім үшін ақы төлеу бойынша өз сатып алушыларына қолайлы жағдайлар ұсынуға мүмкіндік береді, ал ол өз кезегінде өткізу нарықтарын қолдауға және кеңейтуге оң әсер етеді.

Бағдарлама іске қосылған сәттен бастап «Нұрлы жол» бағдарламасының шеңберінде ҚДБ-дан 17 кәсіпорын қарыз алды. Олардың қызметінен түскен салық төлемдерінің жалпы көлемі 541 млрд теңгеден асады, олардың ішінде ҚДБ экспорталды операцияларының шеңберінде бюджетке төленетін салық төлемдерінің көлемі 36,2 млрд теңге мөлшерінде бағаланады.


Даму жөніндегі жоспарлар

ҚДБ ағымдағы жылы «алдын ала талдау» кезеңін алып тастап, отандық экспорттаушыларды экспорталды қаржыландыруды қарау мерзімін 30 жұмыс күніне қысқартты. Сондай-ақ банк отандық экспортты қаржылық қолдау құралдары қоржынын кеңейту үшін жұмыс істеуде, сондай-ақ ол бейрезидент-импорттаушыларға бәсекелік сыйақы ставкасы бойынша АҚШ долларымен кредиттер беру механизмін және ішкі және сыртқы нарыққа өз облигацияларын шығару есебінен экспорттық кредиттер беру механизмін әзірлеуде.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79