• kz

«ҚДБ ЕДБ-мен тығыз ынтымақтастықты дамытуға, «жасыл» жобалармен және өңдеу өнеркәсібінің басқа да жобаларымен жұмыс істейтін инвесторлармен ынтымақасуға мүдделі»


- 2018 жылдың қорытындылары бойынша ҚДБ өзінің кредиттік қоржынын айтарлықтай арттырды, оны ұйым тарихындағы рекордтық көрсеткішке дейін жеткізді – биылғы жылы Банктің жобаларды кредиттеу серпіні қандай және оның қорытындылары бойынша кредиттік қоржынды ұлғайту болжанады ма?

- Қазақстанның Даму Банкі өзінің Даму стратегиясына сәйкес 2014 – 2023 жылдардағы кезеңде өңдеу өндірістері мен өнеркәсіптік инфрақұрылымды дамытуға шамамен 4,4 трлн. теңге салуды жоспарлап отыр.

Және бүгінгі таңда Банк кредиттік қоржынның жақсы сапасын ұстап тұруды жалғастырады. Жобалар бойынша игеру мөлшері банкаралық кредиттеуді есепке алғанда 474,2 млрд теңгені құрады (2018 жылы – 451,2 теңге), кредиттік қоржынның мөлшері – 1,7 трлн теңге. 2019 жылғы 30 қарашадағы жағдай бойынша жалпы кредиттік қоржындағы жұмыс істемейтін қарыздардың үлесі 2,2%, ал провизиялардың деңгейі 5,2% құрады. Сондай-ақ 2019 жыл ішінде ірі қарыз алушылар Банк алдындағы міндеттемелерін мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асырды. Бұл олардың өздерінің жақсы сезінетінін және ҚДБ қарыздарын мерзімінен бұрын өтей алатынын көрсетеді. Біз әрине, оларды қолдаймыз. Сондықтан біздің акционер белгілеген Банкті қызметінің барлық негізгі көрсеткіштері толығымен орындалатын болады.

2020 және 2021 жылдары жобалар бойынша тиісінше 430 млрд теңгені және 459 млрд теңгені игеру жоспарлануда. Осылайша, 2021 жылға қарай Банк өзінің кредиттік қоржынын екі триллион теңгеге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл біз ұмтылатын меже.

- Өткен жылы ҚДБ басшылығы 2019 жылы 11 ірі кәсіпорында жоспарлау ниеті туралы мәлімдеген еді, жалпы сомасы 371 млрд теңгедегі жобалардың пайплайны қалыптастырылған болатын – осы жоспарларға қол жеткізілді ме?

- Банк өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылымдағы ірі жобаларды кредиттеуде үдемелі өсімді көрсетіп келеді. 2019 жыл ішінде Банк 13 жобаның қаржыландырылуын мақұлдады, бұл ҚДБ 424,7 млрд теңге сомасымен қатысқан жалпы құны 1 002 млрд теңге болатын 10 инвестициялық жоба және жалпы сомасы 8 млрд теңге 3 экспорталды операциялары.

Жобалардың барлығы көрнекті, біз олар туралы жыл бойы айтып келеміз. Ол Қапшағай қаласындағы «ENEVERSE KUNKUAT» ЖШС-ның қуаты 100 МВт күн электр станциясының құрылысы. Астанада ұзақ күтілген «Сарыарқа» магистралдық газ құбырының құрылысы. Сондай-ақ біз үшін өте маңызды мәміле – «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС іске асыратын ШҚО-дағы Ақтоғай КБК екінші кезеңінің құрылысы. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының шеңберінде ауылдық елді мекендерді интернетке кең жолақты қол жеткізумен қамтамасыз ету жөніндегі жобаны да атап өту қажет. Оларды «SilkNetCom» ЖШС және «Қазақтелеком» АҚ іске асырады. Сондай-ақ біз Шымкент қаласында метил-трет-бутил эфирін өндіру зауытының және «Астана EXPO-2017» жел электр станциясының 50 МВт екінші іске қосу кешенінің, Макинскдегі бройлерлер өсіретін құс фабрикасының екінші кезегінің құрылысын салу жөніндегі жобаны қаржыландыруды мақұлдадық.


Сонымен бірге, темір жол доңғалақтарыың, кабель өнімінің және азот тыңайтқышының экспортын жүзеге асыратын қазақстандық үш өндірушіні экспорталды қаржыландыру мақұлданды.

Бұдан басқа, 2019 жылы бұған дейін ҚДБ-дан қаржыландыру алған жобаларды іске қосу жүзеге асырылды, олар: Қарағандыдағы «YDD Corporation» ЖШС-ның ферросилиций өндіретін жоғары технологиялы зауыты,


Шымкенттегі «Asia Trafo» ЖШС-ның күштік трансформаторлар жасайтын зауыты,


«Цатек Green Energy» ЖШС-ның Ақмола облысындағы «Астана EXPO-2017» жел электр станциясының бірінші іске қосу кешені,


сондай-ақ Атырау қаласындағы қазақстандық машина жасау саласының алыбы – «АтырауМұнайМаш» ЖШС-ның жаңа цехтары.


Бұлар біздің еліміздің салаларына үлкен мультипликативтік әсері бар айтулы жобалар.

- Соңғы бес жыл ішінде Банктің теңгемен берілетін кредиттік операцияларының үлесі екі еседен астам артты – бұл қарыз алушыларға не берді және Банк осы валюталық үрдісті одан әрі ұстану ниетінде ме?

- Банктің кредиттік қоржынының валюталық құрылымы теңгемен берілетін қарыз үлесін ұлғайту бойынша оң үрдісті көрсетуді жалғастырады. Кредиттік қоржын құрылымында ұлттық валютамен берілетін қарыздар үлесі 2018 жылғы 42,5%-дан 51,8% дейін ұлғайды. Бүгінгі таңда Банктің теңгемен жүргізілетін кредиттік операцияларының өсуі біздің қарыз алушыларымызға ұлттық валютамен қаржыландыруға қол жетімдік алуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде валюталық түсімі жоқ клиенттеріміз үшін валюталық тәуекелді айтарлықтай азайтады. Демек, қарыз алушылар өздерінің Банк алдындағы міндеттемелерін уақтылы орындайды. Қазіргі кезде клиенттерден теңгемен қаржыландыруға өтінімдер ағыны ұлғайып отыр. Бәрі де экономикадағы теңгенің артықшылығын түсінеді, өйткені көптеген кәсіпорындар соңғы девальвациялар кезінде өздеріне валюта тәуекелін қабылдады және бүгінгі күні өздерінің қаржы модельдерін жоспарлауда, бизнес-жоспарларын негізінен теңгемен әзірлеуде. Осыны ескере отырып олар операциялық шығындар жасайды.

- ҚДБ-да ішкі немесе сыртқы нарықтағы қарызға мұқтаждық бар ма немесе қазіргі кезде қалыптасқан қолма-қол ақшаның меншікті көлемі операциялық қызметті жүзеге асыруға жете ме?

- ҚДБ-ның ауқымды жобаларды қаржыландыратынын назарға алатын болсақ, қолма-қол ақшаның қалыптасқан меншікті көлемі әрдайым жеткілікті бола бермейді. Банк ішкі және сыртқы нарықтарда белсенді эмитент болып табылады. Қаражат ішкі нарықтан жиі тартылады, өйткені ҚДБ индустрияландыру бағдарламасы бойынша жобаларды теңгемен кредиттейді. Валюта тартуға келетін болсақ, біз шетелдік валютадағы қаражатты валюталық түсімі бар жобалар үшін ғана тартамыз. Сол арқылы валюталық тәуекелдерді табиғи түрде хеджирлейміз және біздің клиенттеріміз осы тәуекелдерді өздеріне алуына жол бермейміз. Қазақстанның Даму Банкі – сенімді және тұрақты әріптес. Евробондтар дебюті өзін жақсы ставкалар және жақсы мерзімдер бойынша өздерін жақсы жағынан көрсетті. Өз сараптамамызды, өз рейтингімізді ескере отырып, міндеттемелерді орындаймыз. Халықаралық инвесторлар тарапынан Даму Банкіне деген үлкен қызығушылық байқалады.

- ҚДБ тарапынан тікелей кредиттеу көлемінің 80% жуығы өңдеу өнеркәсібі жобаларына келеді – Банк осы үрдісті сақтау ниетінде ме немесе қоржынды салалар бойынша әртараптандыру мүмкіндігін қарастыра ма?

- 2013-2015 жылдары бізде мұнай саласы мен металлургиядағы жобалар көп болды. Бүгінде әртараптандыру ұлғайды. Қазір біз химия саласындағы, машина жасау, экспорттық қаржыландыру, банкаралық және басқа да салалардағы жобаларды белсенді түрде қаржыландырамыз.

Банк, әрине, өңдеу өнеркәсібіне баса назар аударатын болады, дәл жобаларға көбірек және тереңірек барады. Мысалы, олар түсті металлургия ғана емес, сонымен бірге сирек жер металдары, химия саласы, фармацевтика және агросектормен және қайта өңдеумен байланысты барлық жобалар.

Біз сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы құзыретті арттырамыз. ЖЭК бүгінде Қазақстандағы барынша тартымды инвестициялық тауашалардың бірі. Үкімет заңнама бөлігінде үлкен жұмыс жүргізді және осы саладағы жобаларды іске асыру үшін арнайы тарифтер алу мүмкіндігі бар. ҚДБ бүгінгі таңда ЖЭК саласында – жел энергетикасы, күн энергетикасы, гидроэнергетика сегменттерінде төрт жобаны іске асырды. Яғни жаңартылатын энергия көздерінде де біз әртараптандырамыз.

- Осы жылы атқарылған істер және таяудағы жылдарға не жоспарланды?

- Егер жыл қорытындылары туралы айтар болсақ, бізде мәмілелердің үлкен ағыны жүрді. Сондықтан бизнес-процестерді автоматтандыруды жалғастырдық. Мамырдан бастап электрондық-цифрлық қолтаңбаға толығымен көштік, сол арқылы бүкіл қағаздағы құжат айналымын қысқарттық. Заңнамамен шектелмегендердің барлығын ЭЦҚ көшірдік. Бұл құжаттарды қарау мерзімін анағұрлым қысқартты. Тағы бір маңызды аспект – Банктегі адами капиталы. Біз өз қызметкерлеріміздің оқуына, біліктілігін, құзыретін арттыруына көп көңіл бөлеміз. Осы жыл бойында бірнеше ішкі жаттықтырушы даярладық, олар қызметкерлердің құзыретін тар бағытта ғана емес, басқа бағыттар бойынша да арттыра отырып, олармен жұмыс істейді.


Сондай-ақ Банк өміріне белсенді түрде қатысатын Банк Директорлар кеңесінің ауқымды жұмысын атап өткіміз келеді. Биылғы жылы Директорлар кеңесінің құрамына «Бәйтерек» холдингінің екі өкілі кірді. Олар стратегиялық менеджментке зор үлес қосады. Банк ДК мүшелері көшпелі сессияға қатысты, біздің қаржыландыру объектілерімізге барып, олардың жұмысымен танысты. Жобалар кабинетте ғана қарастырылмайды, сонымен бірге мақұлдау кезінде объектілерге де шығамыз. Осы практиканы жалғастыратын боламыз.

Келесі жылға арналған жоспарларымыз бұрынғыдан да зор: Банк стратегиясын қайта қарамақпыз. Біздер үшін өте маңызды стратегиялық бастамалар бар, экспорттық нарықтарға көбірек шыққымыз келеді. Банкте бәсекелестер жоқ деуге болады, қажетті құзырет бар. Егер Қазақстанның ішінде мәселелер бар болса, біз кейде екінші деңгейдегі банктермен бәсекелесетін болсақ, сыртқы экспорт нарықтарына шығатындар және осындай мәмілелерді кредиттейтіндер аз. Біз келесі жылы осы жұмысты белсенді түрде жүргіземіз және экспорттаушыларды сыртқы нарықтарға шығарамыз.

Дамытуды жоспарлап отырған бағыттарымыздың бірі «жасыл» жобалар болып табылады. Олар ЖЭК ғана емес, сонымен бірге экологияны аз ластайтын өңдеу секторындағы жобалар. Мұның барлығы Банкте жасалады, өкінішке орай олар әлі стандартталмаған және регламенттелмеген. Бұ банк саласындағы жаңа ағым. Біз ЭЫДҰ-мен белсенді жұмыс жүргізудеміз, олармен бірге стратегиялық сессиялар өткіземіз және 2020 жылы екі жылдық кезеңге арналған жол картасына қол қоюды жоспарлап отырмыз. Алғашқы жарты жылда олар Банк қызметін, оның заңнамасын толығымен талдайтын болады.

Біз жұмыс істейтін стратегиялық бастамалардың тағы бірі жобалар фабрикасы деп аталады, оған жобаларды бірлесіп қаржыландыруға қатыстыру үшін ЕДБ шақыратын боламыз. Оларда өтімділіктің бар екенін білеміз, алайда ЕДБ инвестициялық фазада жоба тәуекелдерін өзіне қабылдауға әрдайым дайын бола бермейді. Сондықтан біз жоба тәуекелдерін толық жабамыз – бізде олар үшін қажетті құзыреттер мен сараптамалар бар. Жоба жұмысын сәтті бастап кеткеннен кейін жобаны ЕДБ алады және оны қайта қаржыландыратын болады. Біз өз кезегінде келесі жобаны іздестіреміз, сол арқылы өз өтімділігімізді экономикаға бере отырып, оның айналымдылығын ұлғайтамыз. Бұл ретте екінші деңгейдегі банк жобаны өзіне алу үшін активтердің жақсы сапасын сақтау қажеттігін түсінеміз. Осындай модель ЕДБ-ға да, қарыз алушыларға да қызғылықты болуы мүмкін. Даму Банкі үшін көбірек тауашалар мен табысты жұмыс істейтін қызғылықты жобалар тапқан маңызды. Келесі жылға арналған стратегия шеңберінде мынадай пайым бар, олар: экспорт, екінші деңгейдегі банктермен бірге іске асырылатын көбірек жобалар, «жасыл» бағыт.


Стратегиялық бастамаға ұсынуды жоспарлап отырған тағы бір маңызды сәттердің бірі ол халықаралық даму институттарымен жұмыс. Биылғы жылы біз «Сарыарқа» газ құбыры бойынша Еуразиялық даму банкімен жақсы жұмыс істедік. Жобаны облигациялық қарыз арқылы бірлесіп іске асырдық. Келесі жылы осы бағытты дамытуға үміттенеміз. Сенімді әріптестер бар, олар: Внешэкономбанк, ЕАДБ, Қытай Мемлекеттік Даму банкі. Желтоқсанның басында Мемлекет басшысының Германияға сапары болды. Біз Қазақстан аумағында ҚДБ-мен бірлесіп инвестициялық жобаларды бірге қаржыландыруға және қаржыландыруға қатысуға дайындығын білдірген Deutsche Bank, Euler Hermes экспорттық-кредиттік агенттігімен келісімге қол қойдық. Біз осындай мәмілелерді нарыққа белсенді түрде беретін боламыз.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79