• kz

Баспасөз хабарламалары

Ақтөбе рельс-арқалық зауыты

Жобаны Қазақстанның өлшемі бойынша шынында да ауқымды деп атауға болады, ол таңқаларлық жайт емес, өйткені елдің географиялық орналасуына және орасан зор көлеміне байланысты темір жол көлігі әрқашан да ел экономикасында үлкен рөл атқаратын болады. Жобаны іске асыру Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жобаны қаржыландырған «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ, «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) қолдауымен 2013 жылы басталды. Бірге қаржыландырушы банк ретінде «Ресей жинақ банкі» АҚ ЕБ іске қосылды. Зауыттың негізгі өнімі және «визиткасы» ДТ350 санатындағы ұзын өлшемді рельстер болып табылады. Рельстердің осы түрі әсіресе жоғары жылдамдықты магистральдар мен ауыр жүктерге шыдас беретін желілерде пайдалану кезінде тиімді. Рельстердің ұзындығының ұлғаюы есебінен түйістердің саны азаяды, яғни темір жол төсемдерін төсеу кезінде қаржы шығындары қысқарады және рельстер мен темір жол құрамдарының беріктігі артады. Жолаушылар поездары үшін ол жүрістің бірқалыптылығының жақсаруынан да көрініс табады.

1.

2019 жылдың күзінде зауыт еуропалық үлгідегі 60Е1 темір жол рельсін жасауға жүргізілген сертификаттау рәсімінен сәтті өтті, EN 13674-1:2017 стандарты бойынша сертификат алды. Рельстердің осы типі Еуропалық одақ, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка мемлекеттерінде пайдаланылады. Қазақстанда пайдаланылатын Р65 рельстерінен олар көптеген техникалық параметрлері – рельстің биіктігі, шейкасының биіктігі мен қалыңдығы, бастиегінің ені, табан қалақшасының биіктігі бойынша ерекшеленеді.

Сондықтан 2020 жылдан бастап рельстерді Еуропалық одақ елдеріне, негізінен – Шығыс Еуропа мен Балтық жағалауы елдеріне сату жоспарлануда.

2. Өнім өндіруге арналған дайындамалар.

3. Дайындамалар кранның көмегімен прокат желісіне тасымалданады.

4. Зауыт өнімдері Siemens-VAI (Primetals Technologies Italy S.r.l.) прокат станында дайындалады. Прокаттың технологиясын бақылау италиялық компания мамандарының қатысуымен жүзеге асырылады.

Әуелі дайындамалар пешке жөнелтіледі.

5. Қыздыру кезінде металл созылмалы болады және оны өңдеу оңайланады.

6. Бірінші оператор бөлмесі.

7. Металл оны қажетті ұзындыққа дейін созу үшін валкалардың арасына қысылады.

8. Прокат станында әртүрлі кезеңдерден өтуіне қарай металлға қажетті нысан және сипаттама беріледі.

9. АРАЗ «ноу-хауының» арасында – өнімге жоғары төзімділік қасиетін беретін металды ағындағы ауа қоспасымен шыңдау технологиясы бар.

10. Кәсіпорын рельстерден басқа орташа фасондық прокаттың әр алуан түрлерін – швеллер, тең сөрелі бұрыштарды және қоставрлы арқалықтарды шығаруы мүмкін.

11.

12. АРАЗ-дың жобалық қуаты 430 мың тонна металл прокатын: 200 мың тонна рельстерді және 230 мың тонна фасондық прокатты құрайды.

13. АРАЗ өнімдерінің Қазақстандағы негізгі тұтынушысы «Қазақстан темiр жолы» болып табылады. Осы жерде өндірілген рельстер мысалы Алматы – Шу темір жолының құрылысында, Құрық теңіз портының және жаңа Нұрлы жол темір жол вокзалын салу кезінде пайдаланылды.

2016 жылдан бастап Қазақстанда Ақтөбеде өндірілген 400 мың тонна (3 мың км жуық) рельс өнімі пайдаланылды.

14. Қазіргі кезде экспорттың үлесі жалпы сату көлемінің 18%-ын құрайды. Қазақстан рельстері Ресейде, Украинада, Өзбекстанда, Қырғызстанда және Грузияда Беларусь Республикасында, Түркменстанда, Ауғанстанда және т.б. пайдаланылуда.

15. Өнімнің сапасын бақылау үшін желіде менеджменттің интеграцияланған жүйесі орнатылған. Одан басқа Орталық зауыт зертханасы (ОЗЗ) жұмыс істейді, онда беріктікті, қаттылықты, тұтқырлықты және ұзындықты тексеруге арналған барлық сынақтар жүргізіледі.

16. ОЗЗ

17. 2015 жылы зауытта оның электр энергиясына деген қажеттігін толығымен қамтамасыз етуге арналған қуаты 38,9 МВт болатын меншікті газ-поршень электр станциясы іске қосылды.

18.

19. Электр станциясының операторлар бөлмесінде.

20. Технологияның тағы бір қызғылықты бөлігі – ағынсыз өнеркәсіптік өндіріс технологиясы. Өндірісте пайдаланылатын су қосымша тазартудан өтеді және қайтадан өндірісте пайдаланылады.

21. Осындай технологияның есебінен, біріншіден, қоршаған ортаны өнеркәсіптік ағындармен ластау азаяды, екіншіден, суды тұтыну 70% дейін – шамамен жылына 300 мың текше метрге дейін қысқарады.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79