• kz

Баспасөз хабарламалары

Сатып алуларды бақылау қызметі "Бәйтерек" холдингі жанынан жұмыс істей бастады

Қызмет жүйелік проблемаларды анықтауға және "Бәйтерек" холдингінің компаниялар тобындағы сатып алу жүйесін жетілдіруге ниетті. Ол сатып алу ережелерінің сақталуына ішкі бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ сатып алу кезінде жол берілетін ережелердің бұзылуына әлеуетті өнім берушілердің шағымдарын қарайды. Бұл ретте, СБОҚ Холдинг басқармасына тәуелсіз және тікелей Директорлар кеңесіне есеп береді.

Холдингтің және оның еншілес ұйымдарының сатып алуды жүргізу ережелерін бұзуға тап болған әлеуетті өнім берушілері Тапсырыс берушінің іс-әрекетіне немесе әрекетсіздігіне, шешіміне "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңның 186-4-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімде СБОҚ-ға шағымдануға құқылы.

Белгіленген мерзімде шағым берген кезде сатып алу туралы шарт жасасу шағымды қарау мерзімі аяқталғанға дейін СБОҚ-да тоқтатыла тұратынын атап өту қажет. Шағымда көрсетілген фактілер расталған жағдайда, СБОҚ Заңда белгіленген, сатып алу қорытындыларын жоюға дейін тиісті шаралар қабылданатын болады.

Әлеуетті жеткізушілердің СБОҚ-ға уақтылы жүгінуі сатып алу кезінде жіберілген қателіктерге жедел ден қоюға және оларды жою және болашақта жол бермеу үшін ұсынымдар мен тетіктерді әзірлеуге мүмкіндік береді.

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның немесе оның еншілес ұйымдарының сатып алуды жүргізетін әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағымды мына мекен-жай бойынша СБОҚ-ға беруге болады: Қазақстан Республикасы, Z05T2H3, Нұр-сұлтан, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55 А үй. Сондай-ақ шағымды Электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесі арқылы беруге болады.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79