• kz

Баспасөз хабарламалары

Сандуғаш Кенжебаева: «ҚДБ ІТ-жаңғыртуы осы заманның стресс-тестілерінен ойдағыдай өтуге мүмкіндік береді»

photo5199427610164178241.jpg

- Коронавирус пандемиясы компаниялар үшін өзінше бір стресс-тестке айналды, соның арқасында осы заманғы сын-тегеуріндерге техникалық жағынан кімнің дайын, кімнің дайын емес екенін анықтаудың сәті түсті. Бүкіл әлемде жұмыс істеудің дәстүрлі тәсілі өзгерді. ҚДБ-да бұл процесс қалай өтуде, Банк пандемия басталғанға дейін ІТ-инфрақұрылымын жаңартып үлгірде емес пе? Банкте енді қандай мүмкіндіктер бар?

- Егер карантин жарияланған жағдайда қашықтықтан жұмыс істеу режиміне өту процесі туралы айтатын болсақ, Банк Басқармасы тиісті жоспарды алдын ала әзірлеп, бекітті. Үш апта бойында дайындық жүргізілді: біз қызметкерлерге нұсқаулар тараттық, қолда бар ресурстарды бағаладық, ықтимал сценарийлер мен техникаға тест жүргіздік. Оның сыртында, бизнес-процестер мен заңнамалық талаптарды, Банк міндеттемелерін, заңнамалық, қаржылық тәуекелдер мен ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін негізге ала отырып, бөлімшелердің және қызметкерлердің тізімін, сондай-ақ олардың жұмыс істеу нысандарын алдын ала айқындадық. Осының барлығы жұртшылыққа, қызметкерлер мен контрагенттерімізге БАҚ арқылы мәлімдеме жасауды қоса алғанда, қашықтықтан жұмыс істеу режиміне бір күн ішінде көшуді жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Осылайша, ағымдағы жылғы 15 наурызда, жексенбіде Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың мәлімдемесінен кейін бір сағат ішінде аталған жоспар дереу іске қосылды.

Ал Банктің инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі негізгі жұмысты біз қауіпсіздікті, үздіксіз қызметті және ІТ-жүйесінің төзімділігін қамтамасыз ету мақсатында бекітілген ҚДБ-ның ІТ-инфрақұрылымын дамыту бағдарламасына сәйкес 2019 жылы толық аяқтаған болатынбыз. Бұл жұмыс төтенше оқиғалар жағдайында резервтік жүйелер бойынша жұмыс істеу мүмкіндігімен еңбек өнімділігі сақтала отырып, нақты уақыт режимінде жұмыс істеу мүмкіндігімен жүзеге асырылуға тиіс болдыц. Сонымен бір мезгілде еңбек өнімділігін ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілді. Қазір ол 30 есе өсті.

Екі жыл бұрын Банк жаңа ғимаратқа көшті, бірақ сервер құралдары бір жылдан кейін ғана көшірілді. Осы көштің басын менің алдымдағы кісілер жүргізді де, мен оны іске асырудың нағыз қызу кезіне тап келдім. Өткен жылдың сәуірінде мен Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалдым, нақ осы уақытта жүйелерді көшіру жұмыстары жүргізілді. Ақпараттық технологиялар департаменті қадамдық жоспар әзірледі, онда оқиғалар дамуының барлық нұсқалары көзделді және осы нұсқалардың әрқайсысында өзіндік іс-қимыл сценарийлері болды. Жабдықтарды көшіру банктің операциялық қызметіне кедергі келтірмеуге тиіс болды, сондықтан жұма күнгі түннен дүйсенбінің таңертеңгі уақытына дейін 3 күн ішінде көшіп болдық. Әуелі деректерді резервтік қоймаға виртуалды түрде енгіздік, содан соң іс-жүзінде бос жабдықтарды көшірдік. Жауапкершілік өте жоғары болды, өйткені сөз Банктің бүкіл деректер базасы туралы болды. Мен әріптестерімнің көздерінен қауіптенушілікті көрдім, бірақ бақытымызға қарай бәрі сәтті орындалды. Бүгінде Ақпараттық технологиялар департаментіндегі әріптестерімнің осы міндетті ойдағыдай атқарғанын мақтанышпен айта аламын.

Коронавирус пандемиясына келітін болсақ, оның тиісті түзетулер енгізгені және ҚДБ алдына жаңа сын-тегеуріндер қойғаны даусыз. Автоматтандыру мәселесі карантин кезеңінде барлық қызметкерлердің жұмысы үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз ету бөлігінде ғана маңызды, қазір біз клиенттердің Банк қызметкерлерімен тікелей байланысын болдырмау үшін жұмыстың уақытша тәртібін бекіттік. Алайда біздің әріптестеріміздің жасап жатқандары ел және Банк үшін анағұрлым маңызды. Мен ҚДБ барлық қызметкерлерінің жұмысқа тартылу деңгейін ерекше атағым келеді, оларға оқшаулану жағдайында аса күрделі міндеттерді шешуге тура келеді. Өте қысқа мерзімде жұмыла жұмыс істеу, жаңа оқыс жағдайларға бейімделе білу, жалпы команда болып ұйымдасу, дағдарыс кезінде жаңа мүмкіндіктерді көру қабілеті – осының барлығы кәсібиліктің жарқын дәлелі сияқты: жан-жақтағы дүниені өзгерту үшін өзгеру.

- Қазір Банкте қашықтықтан жұмыс істеу қалай жүріп жатыр? Банк жұмыстың осындай форматына алғашқылардың бірі болып өтті емес пе?

- Банк қызметкерлері өздерінің жұмыс орындарына дербес токенде сақталатын сертификатпен қорғалған VPN қосылысты пайдалана отырып қосылады. Қызметкерлер үшін VPN қосылуды, жұмысқы қашықтықтан істеуді қоспағанда жұмыс процесінде ештеңе өзгерген жоқ. Отырыстар мен жұмыс кездесулері ZOOM өтеді, пайдаланушылардың өтінімдері барлық қол жетімді месаенджерлерде қабылданып, қашықтықтан өңделеді. Қашықтықтан орындауға заңмен тыйым салынған операциялар ғана локальды түрде жүргізіледі. Қиындықтар қызметкерлер тұрып жатқан жерлердегі интернет трафигінде ғана кездеседі.

- Жаңа ІТ жаңғыртуға қажеттілік бола ма?

- ІТ стратегиясы 2017 жылы бекітілді. Банкте бар мүмкіндіктерді және оның сыйымдылықтарға қажеттіліктерді негізге ала отырып, бүкіл ІТ-инфрақұрылымды жаңғырту негізгі міндет болды. Әрине, бірнеше жылдан кейін қуаттарды кеңейту қажеттілігінің туындайтынын жоққа шығаруға болмайды, өйткені бизнестің сұраныстары өсуде және ақпараттық қажеттіліктер өзгеруде. Сөз деректер базасын құру, ҚДБ сайтындағы жеке кабинет базасында – бәрі клиенттер мен контрагенттер үшін CRM жүйелерін дамыту бастамасы, соның ішінде статистикалық деректерді сатып алу, онлайн-режимінде ақпарат алу, data science базасындағы бизнес-талдағыш туралы болып отыр.

ҚДБ-ның өзінің ақпараттық мүмкіндіктерін жаңарта отырып, өз қызметкерлерінің ойлауын да өзгертетін ұйымдардың бірі екендігі қуантады.Жабдықты жай ғана сатып алу аз, оның мүмкіндіктерін барынша пайдалануды да үйрену қажет, әйтпесе оны дұрыс пайдалана алмасаң сатып алудың қажеттігі жоқ. Бұл сәнді гаджет немесе аса көп операциялы жаңа смартфон сатып алып оларды калькулятор немесе байланыс құралы ретінде пайдаланғанмен бірдей. Сондықтан Банкте жаңа бағдарламалық қамтамасыз ету орнатумен қатар қызметкерлерді оқыту жүргізілді. Оның үстіне бізді сыртқы сарапшылар Банктің және оның ұжымының ІТ меңгергендігіне мерзімді түрде тексеріп отырады.

ІТ-жаңартудың практикада жобалар бойынгша шешім қабылдаумен байланысты бизнес-процестерімізді жеделдетуге қол жеткізуге мүмкіндік бергенін атап өткім келеді. Мысалы, бұрын банк сараптамасының нәтижелерін алу мен одан әрі жобаны уәкілетті органның қарауына шығару сәтінен бастап хаттамаларға қол қоюға дейін 1,5 ай уақыт кететін. Бүгінде бұл процесс, егер барлығы дұрыс ұсынылса және егер техникалық жағынан барлық мәселелер айқын және дәл пысықталса, бір күн уақыт алады. Біздің мамандар бұрынғыдай кабинеттерден қолтаңбалар жинауға көп уақыт жұмсамайды. Бізде директорлар кеңесі мүшелерінің бірі басқа құрлықта, екіншісі – Бостонда және қалғандары Нұр-Сұлтанда болғанда уәкілетті органдардың отырыстарын онлайн режиімінде өткізу тәжірибесі бар.

- ҚДБ толық көлемде электрондық құжат айналымына көшкені туралы мәлімдеді. Осы арқылы неге қол жеткізіңіздер және бұл компания қызметінің қандай аспектілерінде көрініс табады?

- Электрондық құжат айналымына Paper Free қағидаты бойынша көшу ҚДБ-ның жаңа басшысы Абай Сарқұлов қызметіне кіріскеннен кейін дереу басталды. Мен ағымдағы міндеттеріме осының алдында ғана кірістім, сондықтан цифрландыру жөніндегі міндеттерді шешу ҚДБ-дағы осы бағытқа жетекшілік ететін мен үшін алғашқы кәсіптік сын-тегеуріндердің бірі болды. Бизнес-процестер департаменті Ақпараттық технологиялар департаментімен бірлесіп қадамдық іс-қимыл жоспарын әзірледі, оны іске асыруға Адам ресурстарын басқару департаменті мен Құқықтық қамтамасыз ету департаменті де қатысты. Әріптестерді электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, жаңа жүйе бойынша жұмыс істеуге оқыту арқылы бүкіл Банкті 4 жұмыс күнінің ішінде осы іске жұмылдырдық. Осының барлығы дәстүрлі түрде мерекелік демалыс күндеріне толы мамыр айының басына келуімен, соған қоса ҚДБ бірінші басшысының ауысуына орай ұйымның құқық белгілейтін құжаттарына өзгеріс енгізуімен байланысты қиындай түсті. Бұл өзгерістерді мемлекеттік органдарда тіркеу талап етілді, ал ЦОН-дардан ЭЦҚ алу үшін Банктің заңды басшысының қолтаңбасын алу қажет болды. Осындай кедергілерге қарамастан, біз міндетті орындадық және мақсатымызға қол жеткіздік: Банктің 226 қызметкері 4 жұмыс күнінің ішінде ЭЦҚ алды және оны жұмыс компьютерлеріне орнатты. Осылайша, Банк құжат айналымының 80% жуығы электрондық форматқа көшірілді. Қағаз жеткізгіште сақталуы тиіс құжаттар, мысалы, Банкке кепілдікке ұсынылған мүліктің құқық белгілеу құжаттары, кредит желісін ашу туралы келісімдер және т.б. сияқты құжаттар, сондай-ақ әзірше қағаз жеткізгіштермен жұмыс істейтін біздің контрагенттеріміздің құжаттары ғана бұл тізімге кірмеді.

- ҚДБ енді ВРМ тілінде жұмыс істей ме?

- Иә, Банкте ВРМ пайда болуы «егер бүкіл ұйымның жұмысын жедел өзгерту қажеттілігі туындаса, не істеу керек?», «ал егер бұл ретте автоматтандыру енгізілсе?» деген сияқты бірқатар сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік берді. Біз үшін ВРМ – бұл нотациялар құрудың және бизнес-процестердің көмегімен жұмысты ұйымдастырудың әдімнамасы, негізгі қағидаттар мен тәсілдемелердің жиынтығы. Бизнес-процесстердің әрқайсысы бизнес процестердің иелерімен қайталанатын сұхбаттармен, тестілеулермен және қателіктер бойынша жұмыстармен қоса оны құрудан бастап енгізуге дейінгі белгілі бір циклдан өтеді. Бұл цикл шексіз рет қайталануы мүмкін. Кез келген бизнес немесе ұйым – қатып қалған монолит емес, ол айналасы тұрақты түрде өзгеріп отыратын даму үстіндегі организм. Процестер стандартталып, цифрландырылған кезде – олар қай елде болғанына қарамастан түсінікті, яғни бірдейлендірілген халықаралық қағидалар қызметтің ашықтығын қамтамасыз етеді. Оның үстіне, цифрландыру мен автоматтандыру сыбайлас жемқорлық тәуекелінің кез келген түрін жоюға көмектеседі, өйткені компьютер – бұл құжаттардың қандай да бір нормаларын дәлме-дәл түсіні мүмкіндігінсіз, сұрақтарға не «иә» не «жоқ» деп жауап беруді көздейтін машина. Алайда сараптамалық пайымдау, яғни құжаттарды, келісімшарттарды, шарттарды, тікелей жобаның міндеттемелерін оқу талап етілетін жағдайда – біз әрбір жобаны сарапшының жеке талдауы практикасын сақтаймыз. Бұл ретте, әрбір осындай талдау бойынша «электрондық із» сақталады, өйткені бізде әрбір құжатқа қызметкердің жеке өзі ЭЦҚ-мен қол қояды. Бұл шығарылған пайымдау үшін біздің әрбір сарапшымызға тәуелсіздік бере отырып, оның дербес жауапкершілігін күшейтеді. Өмірде бұл әрқашан осылай – кез келген еркіндік міндеттілік пен жауапкершілікті білдіреді.

- Банкте киберқауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі?

- Киберқауіпсіздікті арттыру мәселелері тікелей Банк Басқармасы төрағасының қарауында болады. Бірінші басшыға тікелей бағынатын ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі арнайы қызмет ұйымдастырылды. Ұсынылатын барлық ІТ-бастамалар Ақпараттық қауіпсіздік қызметінен тексеруден өтеді: сыртқы қауіптерге осалдыққа кросс-тест жүргізіледі және ол осы қызметтің мақұлдауымен іске асырылады. Бұдан басқа, аталған Қызметтің бірнеше жылға арналып нақты әзірленген іс-шаралар жоспарлары бар, олар бойынша жұмыс жүргізіледі.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79