• kz

Баспасөз хабарламалары

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ дағдарысқа қарсы шараларына қатысты ақпараттық хабар

Ұлттық валюта бағамының өзгеруінің және Covid-19 пандемиясының салдарынан ҚДБ қаржыландыратын инвестициялық жобаларға теріс әсерді азайту және жою мақсатында Банк қазіргі сәтте Дағдарысқа қарсы жоспар әзірлеп, оны бекітті, оның шеңберінде мынадай іс-шаралар көзделген.

1. Банктің қаржылындыруындағы немесе әкімшілендіруіндегі, сондай-ақ тәуекел аймағына жатқызылған жобалар үшін мынадай шаралар көзделді:

- ұлттық валютамен қаржыландырылған жобалар үшін қарыздарға қайта құрылымдау жүргізу мәселесі қаралатын болады, ол негізгі борышты өтеу мен сыйақылар графигін өзгертуді, қарыз мерзімін ұлғайтуды, сондай-ақ ағымдағы сыйақы ставкасын сақтауды білдіреді;

- шетелдік валютамен қаржыландырылған жобалар үшін Үкімет тарапынан жеңілдетілген қорландыру ұсынылған жағдайда қарызды конвертациялау мүмкіндігі қаралатын және төлемдер мерзімін ауыстыру, қажеттілік шеңберінде кредиттік желі қалдығын ішінара игеру және игерілмеген қалдықты жою мәселесі қаралатын болады.

2. Сыртқы факторлардың теріс әсері күшейген жағдайда қажетті іс-шаралар жүргізу талап етілетін және күшейтілген мониторинг талап етілетін жобалардың watch-list қалыптастырылды.

3. Қаржыландырылатын жобалар бойынша қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды азайту мақсатында Банк Банктің кепіл саясатына және басқа да ішкі актілеріне өзгерістер енгізуге бастамашылық жасады.

4. Жобаларды жаңа қаржыландыру құралдарын қолдана отырып қаржыландыру мүмкіндігі:

- нарықтық инвестиципялық жобаларды тең қаржыландыруға ЕДБ тарту;

- ұйымдастырушы Банк ретінде ҚДБ-ның қатысуымен ЕДБ-мен және басқа да кредиторлармен бірлесіп ҚДБ-ның инвестициялық жобаларын синдиткаттап қаржыландыру.

Covid-19 коронавирус инфекциясының таралуынан туындаған қолайсыз эпидемиялық жағдайдың қалыптасуына байланысты Банк жұмысының қашықтықтан (алыстан) жұмыс істеу форматына көшкенін еске саламыз, бұл ретте Банктің барлық негізгі және қолдаушы бизнес-процестері әдеттегі режимде жұмыс істеуде.

Сұрақтар туындаған жағдайда Банктің сайтында көрсетілген байланыс деректері бойынша хабарласауға болады.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79