• kz

Баспасөз хабарламалары

Қарағандыдағы «YDD Corporation» ЖШС ферроқорытпа зауыты өндіріс қарқынын арттыруды жалғастыруда

Кәсіпорын шығаратын негізгі өнім болат, шойын қорытпаларын өндіру және қосындылау, металлдардың механикалық және коррозиялық төзімділігін жақсарту кезінде қолданылатын жоғары маркалы ферросилиций (FeSi75) болып табылады.

DSC_6291.jpg

Зауыттың құрылысын салу кезінде әлемдік ең жаңа технологиялық әзірленімдер қолданылды. Өндіріс процесі толығымен автоматтандырылған. Шикізатты қоймаға орналастырудан, шихталық материалдарды тасымалдау мен дозалаудан бастап дайын өнімді алуға дейінгі процесстер толығымен арнайы әзірленген компьютерлік бағдарламалармен сүйемелденеді.

Кәсіпорын экономиканы технологиялық жаңғырту мен өнеркәсіпті цифрландырудың Индустрия 4.0 бағдарламасының барлық параметрлеріне сәйкес келеді.

Центр управления производством.jpg

Жобаның экологиялық жағына да ерекше назар аударылған. Бүгінде ол экологиялық жағынан әлемдегі ең таза кәсіпорындардың бірі. Зауытта орнатылған газ тазарту жүйесінің әлемде теңдесі жоқ және ол ауаны тазартудың жоғары деңгейін, атап айтқанда, 99,8% дейінгі дәрежесін қамтамасыз етеді.

«Дайын өнімді өндіру кезіндегі қазақстандық қамту үлесінің 100% құрайтыны әсіресе қазіргі кезде аса маңызды фактор болып табылады. Барлық қажетті шикізат базасымен – көмірмен, кварцитпен және т.б. отандық кәсіпорындар қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда барлық шикізаттар бойынша ұзақ мерзімді келісімшарттарға қол қойылған. Біз өндірісті кідіріссіз жабдықтауды қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндіктерді жасаймыз, зауытта жұмыс істейтін өз қызметкерлеріміздің қауіпсіздігін де ұмытпаймыз», - деді акционер Ерлан Нигматулин.

00047.JPG

Зауыттың 2019 жылғы шілде айында ашылғандығына қарамастан, бүгіннің өзінде аса қысқа мерзімде компания жоғары сапалы өнімді экспорттай отырып, әлемдік нарықтарға шығып үлгірді және әлемдік аса ірі ферросилиций өндірушілердің бестігіне кірді.

«Бүгінде біз әрбір кезеңде дайын өнім экспортының географиясын ұлғайта отырып, жеткізілімдер тізбегін мұқият қадағалап отырамыз. Біздің өніміміздің іс жүзінде 100% экспортқа бағдарланған болып табылатыны сіздерге мәлім және ол сапа саласында ең жоғары әлемдік талаптарға сәйкес келеді. Қазір біздің өніміміз Жапония, Оңтүстік Корея, Түркия, АҚШ сияқты елдерге, Еуропа елдеріне, Колумбияға, Израильге және т.б. экспортталады», - деп атап өтті акционер Давид Кемертелидзе.

00380.JPG

Сөз реті келгенде айта кетейік, «YDD Corporation» ЖШС Қазақстандағы COVID-19 коронавирусына қарсы күреске 100 миллион теңге жіберді, оның сыртында компанияның еңбек ұжымы мемлекеттің төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылын қолдау үшін Қарағанды облысының облыстық қоғамдық қорына бір күндік жалақыларын аударды.

Біздің Әріптестеріміздің әлеуметтік жауаптылығына және елдегі күрделі жағдайды жеңуге белсенді түрде қатысып отырғанына қуаныштымыз!

Жоба құнының 36,5 млрд теңгені құрағанын еске саламыз, Даму Банкі өз кезегінде 11 жыл мерзімге 24,1 млрд теңге сомасында қарыз бөлді. Қазіргі кезде зауыт 500 астам қазақстандықты тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79