Банк развития Казахстана
  • kz

Биыл Нұр-Сұлтандағы КЛО 700 000 тоннаға дейін жүк өңдейді

Нұр-Сұлтандағы «Continental Logistics» ЖШС компаниясының «А» класты көлік-логистикалық орталығы жыл соңына дейін 700 000 тоннаға дейін жүк өңдейді.

15.jpg

Бүгінгі таңда КЛО қоймаларының қуаты 50 000 паллет орынды құрайды, бұл ретте тиеу-түсіру аймағының өткізу қабілеті күніне 1000 паллет, жүктерді өңдеу қабілеті жылына 700 000 тоннадан астам жүк. Бұл жерде Астана мен өңірлер халқының қажеттіліктерін үздіксіз қамтамасыз ету үшін алты мыңнан астам азық-түлік тауарлары, көкөністер, тұрмыстық химия, техника және басқа да қажетті өнімдер сақталады.

Яғни, бұл ел ішінде де, шетелде де жоғары тиімді логистикалық байланысты қамтамасыз ететін қазіргі заманғы көлік-логистикалық жүйесі, соның арқасында бүкіл Қазақстан аумағы бойынша жүк ағыны ұлғаюда. КЛО осынысымен бірегей. Бұған дейін осы орталықтың қоймаларында болған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев короновирустың пандемиясына байланысты төтенше жағдай кезінде азық-түліктерді үздіксіз жеткізуді жолға қоюдың маңыздылығын атап өтті.

А класты қойма объектілері орынжайлардың техникалық сипаттамаларымен ерекшеленеді. Мәселен, төбелердің биіктігі 10 метрден кем емес, реттелетін температуралық режим, шаң тұрмайтын едендер және т. б.

ТЛЦ.jpg

Екіншіден, кедендік ресімдеуден, түсіруден және сұрыптаудан бастап тауарды таңбалауға және сату нүктелері бойынша таратуға дейін сапалы логистикалық қызметтерді ұсынумен ерекшеленеді.

Бірақ бүгінгі күні нарықта осы саладағы компаниялардың аз үлесі ғана қызметтердің осы спектрін толық көлемде ұсынуға дайын. Сондықтан да Third Party Logistics – 3PL – жүктерді сақтау, тасымалдау, өңдеу және басқару жөніндегі қызметтер кешені бағытындағы нарықты дамыту өзекті болып қала береді.

КЛО 2015 жылы пайдалануға берілді және елдің транзиттік әлеуетін арттыру бойынша орасан зор макроэкономикалық әсері бар. Компанияның жаңа стратегиясына сәйкес, бүгінгі таңда КЛО қызметі «FMCG-клиенттерінің жоғары айналымдағы тауарларына қызмет көрсету» тұжырымдамасын жүзеге асыра отырып, халықаралық үлгіге көшуді көздейді.

Склад ТЛЦ.jpg

КЛО-да қазір ерекше басымдықта - бағаны ұстап тұруға бағытталған тұтыну қоржынының құрамына кіретін ауыл шаруашылығы және өзге де өнімдерге қоймалық қызмет көрсету. Бұл ретте халықтың әлеуметтік осал топтары үшін мемлекеттік қолдау құралдарын пайдалану міндетті түрде ескеріледі. Мұндай тәсіл мемлекеттік маңызы бар өлшемдер бойынша КЛО-ның маңыздылығын қосымша арттырады.

Мамандардың есептеуінше, КЛО жоғарыда аталған бастамалары мемлекетке қойылған мақсаттарға жоспарлы түрде қол жеткізуге және негізгі міндеттерді орындауға мүмкіндік береді.

продукты ТЛЦ.jpg

Біріншіден, азық-түлік тауарларының бағасы төмендетіледі және жоғары стандарттарды қолдану есебінен өнім сапасы арттырылады, бұл өз кезегінде инфляцияның төмендеуіне әкелуі тиіс.

Екіншіден, жергілікті өндіріс көлемі мен қазақстандық өнімді тұтыну артады. Бұл үшін өткізу арналарына тікелей қол жеткізу қамтамасыз етілетін болады.

Үшіншіден, тарату орталықтарынан түсетін салық түсімдерінің көлемі және өңірдегі азық-түлік ритейлінің тиісті дамуы артады.

Төртіншіден, өркениетті бөлшек сауда арқылы сату көлемінің өсуі ынталандырылатын болады. Бесіншіден, ауыл шаруашылығы және азық-түлік тауарлары экспортының үлесі және олардың Қазақстан арқылы транзиті артады.

Нұр-Сұлтандағы КЛО Knight Frank халықаралық жіктемесі бойынша «А» класындағы қоймаларға қойылатын талаптарға сәйкес келеді. Сонымен, оған контейнерлік терминал, УСҚ, Кедендік бақылау аймағы және ілеспе инфрақұрылым, дистрибуциялық орталық, сондай-ақ жалпы ауданы 32 476 және 14 035 ш. м. құрғақ және климаттық қойма кіреді. КЛО-да жаңа қойма техникасы, WMS есепке алудың арнайы қоймалық жүйесі қолданылады, сондай-ақ ірі аймақтық компаниялар, жүк иелері үшін икемді жағдайлар ұсынылады.

КЛО әр түрлі температуралық сақтау режимінде жауапты сақтаудың логистикалық қызметтерінің толық кешенін көрсетеді (тоңазытқыш камералар (0+6), мұздатқыш камералар (-18), газ ортасы реттелетін камералар және көкөніс сақтау қоймасы. Қызметтер сондай-ақ клиент-компаниялардың тауарларын қабылдау, тапсырыстарды іріктеу және жөнелту бойынша, сондай-ақ темір жол вагондары мен ірі тонналық контейнерлерді беру-жинау және түсіру, ақауды сұрыптау, түгендеу және т. б. байланысты қосымша қызметтер ұсынылады. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша МКД кедендік ресімдеу орталығының КЛО аумағында болуы бір алаңда кедендік ресімдеудің технологиялық процесінің барлық кезеңдерін (тексеруді қоса алғанда) жүзеге асыруға және оn-line режимінде кедендік ресімдеудің өту жылдамдығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл кезектілікті сақтауға және декларацияны 30 минут ішінде ресімдеуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, КЛО аумағында көлемі 26,6 мың ш.м. астам дистрибуциялық орталық бар, ол көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындарына және логистикалық қызметпен байланысты компанияларға жалға береді. Көліктің екі түріне – автомобиль және темір жол көлігіне бір уақытта қол жеткізу КЛО-ның үлкен артықшылығы болып табылады.

DSC_0050.JPG

Қазіргі уақытта КЛО жұмысына компанияның 170-ке жуық қызметкері, сондай-ақ оның операциялық қызметімен байланысты көптеген мамандар жұмылдырылған.

«Бұл жобаны жүзеге асырудың мақсаты Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының негізгі бағыттарына сәйкес жалпы республикалық көлік-логистикалық құрылымға интеграцияланатын инфрақұрылым, қазіргі заманғы қойма терминалдары мен өндірістік алаңдары бар көлік-логистикалық орталықтар желісін құру болып табылады», - деп атап өтті КЛО бас директоры Игорь Переверзев.

КЛО-ны жаңғырту жалғасуда, оның ішінде «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы) тарапынан уақтылы қаржыландыру арқасында, ол осы жылдың наурыз айында FMCG клиенттерінің жоғары айналмалы тауарларына қызмет көрсету үшін қоймаларды жаңғырту және қайта бағдарлау үшін «Continental Logistics» ЖШС несие желісін ашты. Банк тарапынан қарыз сомасы 15 жылға дейінгі мерзімге 7 млрд теңгені құрады. КЛО несиелеуге ҚДБ – DBK Equity Fund еншілес ұйымы да қатысады, оның желісі бойынша 4 млрд теңге көлемінде үлестік қаржыландыру тартылған. ҚДБ даму стратегиясына сәйкес көлік саласындағы инфрақұрылым объектілері қаржыландырудың басым бағыттарының бірі болып табылады.

«Еліміздің ірі тораптарындағы жоғары дәрежелі көлік-логистикалық орталықтарды белсенді дамыту қажеттілігі айқын, өйткені, отандық логистиканы халықаралық көлік-логистикалық кеңістікке интеграциялау мүмкіндігіне қол жеткізу үшін біздің еліміз үшін маңызды стратегиялық мәнге ие. Сондай - ақ, КЛО-ның табысты жұмыс істеуі өңірлік азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, бұл осы күрделі кезеңде өзін өте жақсы көрсетті» - деп атап өтті ҚДБ Басқармасының Төрағасы Абай Сарқұлов.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79