• kz

Баспасөз хабарламалары

Қазақстандық ауылдарда интернеттің қандай мүмкіндіктері пайда болды

102341930_3200538653345665_4689973226304962560_o.jpg

Екі компанияның консорциумы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (МЖӘ) шартын жасады. Консорциум 1 222 мемлекеттік орган мен бюджеттік мекеме орналасқан 412 ауылдық елдімекенді ТОБЖ-мен қамту міндетін өз мойнына алды.

МЖӘ шарты шеңберінде қызметті тұтынушылар мемлекеттік органдар мен ауылдағы бюджеттік мекемелер болып табылады – бұл әкімдіктер, мектептер, ауруханалар, полиция пункттері, ветеринарлық және өрт сөндіру қызметтері). Мектептер үшін интернет жылдамдығы шамамен 10 Мбит/с, басқалары үшін – 20 Мбит/с қарастырылған. ҚИҚ осы тұтынушыларға ауылдық елдімекенге қосылған сәттен бастап 2031 жылға дейін ұсынылатын болады. Бұл қызметтер ауыл үшін тегін болады, себебі шарт шеңберінде осы көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі болып табылады.

Консорциум ұсынған инфрақұрылымдардың арқасында ауылдық медициналық мекемелер телемедицина немесе қалалардағы немесе шетелдердегі басқа әріптестермен онлайн-консультация қызметтерін енгізе алады. Ауыл мектептері шетелдік білім беру ресурстарына қолжетімділікті және жалпы қашықтықтан білім алу мүмкіндігін ұсына алады. Ауылдардағы полиция бөлімшелері   жалпы дерекқордан қажетті ақпаратты жедел түрде алып, жібере алады.

0eb907ef-1ef7-437e-96f5-5b8ed241a5c7.jpg

«Жылдар бөлінісінде ТОБЖ арқылы Интернетке кеңжолақты қолжетімділік 2018 жылы – 49 ауыл, 150 мемлекеттік орган, 2019 жылы – 212 ауыл, 565 мемлекеттік орган қамтамасыз етілді, 2020 жылы 168 ауыл, 507 мемлекеттік орган жоспарланған – қазіргі уақытта жұмыстар 50% - ға орындалды және шамамаен, 85 ауыл ТОБЖ-ға қосылды», - деп хабарлады SilkNetCom компаниясының бас директоры Әсет Зейнуллин.

Ауылдық елдімекендерге ТОБЖ өткізу бойынша жұмыстар Қазақстанның барлық аумағында орындалуда және қазіргі уақытта Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында толығымен орындалды.

Жобаны жүзеге асыру үшін 2019 жылы Компания «Қазақстан Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы) 12 жылға 13,3 млрд теңге сомасында қарыз тартты - жобаның толық құны 16,8 млрд теңгені құрайды. ҚДБ-ның телекоммуникация және байланыс саласындағы осындай жобаларды қаржыландыруда жеткілікті тәжірибесі бар және оның портфелінде қазірдің өзінде бүкіл ел бойынша талшықты-оптикалық байланыс құрылысын және 4G желілерін салуды қаржыландыру бойынша табысты іске асырылған жобалар бар.

школа2.jpg

«Біз республикалық деңгейдегі мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шартына бірінші қол қоюшы болуымызға байланысты, бастапқыда жобаны жүзеге асыру барысында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік құралының өзінде қиындықтар туындады. Сонымен қоса, жобаны іске асыру туралы ауылдықтардың нашар хабардарлығынан бастап келісу, қаржыландыру процедураларын өткізгенге дейін, алайда Қазақстан Даму Банкімен бірлесе істеген жұмыстың арқасында жобаны қаржыландыру және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге қарыз бөлу мүмкіндігі пайда болды. Жұмыстардың негізгі көлемі ТОБЖ құрылысы болып табылатындығын ескере отырып, құрылыс бойынша түрлі мәселелер туындайды, бірақ олар жергілікті атқарушы органдардың құрылыс ведомстволарының өкілдерімен бірлесіп жұмыс барысында жедел шешілуде», - деп мәлімдеді Зейнуллин.

Жобаға арналған негізгі материалдар, тауарлар мен жабдықтар Қазақстанда сатып алынады, бұл отандық өндірушілерді қолдауға көмектесті. Сондықтан ұлттық валютаның девальвациясы жобаны іске асыруға аса әсер еткен жоқ. «Полиэтилен құбыры, талшықты-оптикалық кәбіл- бұлардың барлығы жергілікті өндірушілерден сатып алынды, сондай-ақ қазақстандық «Элтекс Алатау» компаниясы шығаратын құрал-жабдықтар пайдаланылуда», - деп хабарлады компания басшысы.

Жобаға әсер етуі мүмкін тағы бір ұзақ процесс, бұл Қазақстанда жалғасып жатқан урбанизация. Кейбір ауылдық елдімекендер жабылып қалуда, себебі тұрғындары қалаларға, сондай-ақ аудан орталықтары мен ірі ауылдарға көшуде. 2010 жылдың басында қала тұрғындарының үлесі республикада 54,4%, ал ағымдағы жылдың басында 58,7% құрады.

школа 3.jpg

Зейнуллин жоба ауылдық елдімекендердің мәртебесін, ондағы халықтың санын, сондай-ақ халықтың кетуін, түрлі мекемелердің санын, аудан орталығынан алыстығын және басқа да көрсеткіштерді ескереді деп атап өтті. «Интернет трафигі төмендеген жағдайда да біз жеке әріптес ретінде өз міндеттемелерімізді орындап, Интернетке қолжетімділікті 10 және 20 Мбит/с деңгейінде ұстаймыз», - деді ол.

Бұдан басқа, консорциум мүшелері өз қызметтерін басқа тұтынушыларға, атап айтқанда заңды және жеке тұлғаларға сата алады. Жобаны жүзеге асырудың арқасында Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының Суықбұлақ кентінде алғашқы 50 үй интернетке жоғары жылдамдықты қожетімділік мүмкіндігіне ие болды.

«Сонымен қатар, ауылдық жерлерде орналасқан шағын зауыттардан, фабрикалардан, фермалардан ұсыныстар келіп түсуде. Біз ынтымақтастыққа дайынбыз және өтінім келіп түскеннен сәттен бастап Интернетке жоғары жылдамдықты қолжетімділікті ұсынуға дайынбыз», - деп атап өтті Зейнуллин.

Сонымен қатар, ол жоба бойынша негізгі міндеттеме мемлекеттік органдар мен бюджеттік мекемелердің интернетке жоғары жылдамдықты қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылатынын еске салып өтті.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79