• kz

Баспасөз хабарламалары

Порт нарық толқынында

сухогрузные причалы 2.jpg
2005 жылы "Ақтау теңіз халықаралық сауда порты" ҰК" АҚ-ның (бұдан әрі – Ақтау теңіз порты) Ақтау теңіз портын солтүстік бағытта кеңейту жобасын іске асыруға "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-нан (бұдан әрі-ҚДБ, "Бәйтерек" холдингінің еншілес құрылымы, Банк) жалпы сомасы 82,2 миллион АҚШ долларына қаржыландыру тартылды.

ҚДБ қарыз қаражаты есебінен Ақтау теңіз айлағы қолданыстағы порттың инфрақұрылымын толқын әсерінен қорғайтын және солтүстік бағытта акваторияны құрайтын гидротехникалық мол мен толқыннан қорғағыш құрылыстарды салды, меншікті қаражаты есебінен солтүстік акваторияның түбін тереңдету жүмыстары жүргізілді.

Коммерциялық айлақтар мен жерүсті инфрақұрылымы өз кезегінде Ақтау теңіз портын солтүстік бағытта кеңейту жобасын іске асыру шеңберінде "Ақтау теңіз солтүстік терминалы" ЖШС-мен (бұдан әрі қарай- "АТСТ" ЖШС) салынды.

DSC_0060-1.JPG

Ақтау теңіз порты құрған солтүстік бағыттағы инфрақұрылым теңіз кемелеріне "АТСТ" ЖШС айлақтарына тиеуге/түсіруге кіруге мүмкіндік береді және теңіз кемелеріне қызмет көрсету жөніндегі порттың мүмкіндігін арттырды.

Ақтау теңіз порты 2002 жылдан бастап ИСО 9001 сапасын басқару жүйесінің халықаралық стандарттары бойынша жұмыс істейтін, теңізде жүзу және кемелерге қызмет көрсету қауіпсіздігінің талаптарына жауап беретін Қазақстанның жалғыз сауда порты болып табылады. Сондай-ақ, Ақтау теңіз порты облыстың қала құраушы кәсіпорындарының бірі болып табылады. Қазіргі таңда кәсіпорында 472 қызметкер жұмыс істейді. Порттың ең жоғары өткізу қабілеті жылына 17,5 млн. тонна жүк.

Ағымдағы жылы пандемияға байланысты және әлемдік мұнай өнімдері нарығындағы дағдарыстың салдары ретінде сауданың баяулауы себепті порт арқылы 3 млн.тоннадан астам жүк өтеді деп күтілуде.

Ақтау теңіз порты арқылы жөнелтілетін жүктердің арасында айтарлықтай үлес дәстүрлі түрде мұнайға тиесілі екенін және жүктердің жалпы құрылымында шамамен 60% құрағанын атап өту керек.

DSC_0156.JPG

2009 жылдан бастап Ақтау порты арқылы мұнайды экспортқа ауыстырып тиеу көлемінің 2009 жылғы 11,3 млн.тоннадан 2019 жылғы 2,2 млн. тоннаға дейін, яғни 5 еседен астам төмендеуі байқалады, бұл жүк ағынын құбыржол көлігіне қайта бағдарлаумен байланысты.

Соңғы жылдары мұнайды ауыстырып тиеу көлемі жылына орташа 2,2 млн. тоннаны құраған.

Алайда, қазір барлық жердегң карантин мен көптеген өндірістердің тоқтауына байланысты мұнай мен мұнай өнімдерін тұтыну көлемі азайып, мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді, бұл сондай-ақ Ақтау теңіз порты арқылы да мұнайды ауыстырып тиеу көлемінің төмендеуіне себеп болды.

Бұл әсіресе аз көлемде мұнай тиейтін жергілікті компанияларға (олардың үлесі - жылына 500 мың тонна) қатты әсер етеді.

DSC_4478.JPG

Ақтау теңіз порты арқылы елге Ираннан цемент әкеледі, бірақ қазіргі уақытта отандық өндірушілерді қолдау мақсатында Қазақстан Үкіметі үшінші елдерден цемент әкелуге (6 ай мерзімге) тыйым салып отыр. Осы себепті Ақтау теңіз порты цементті ауыстырып тиеуден алатын табысын жоғалтты. Қазіргі уақытта маусымдық жүк - астықты жөнелту аяқталды, келесі партиялар шетелге тек күзде ғана экспортқа шығады.

Коронавирус пандемиясы, сондай-ақ Қытайдан Ақтау теңіз порты арқылы транзиттік жүктерді тасымалдауға әсер еткенін атап өту керек.

Қазіргі уақытта Қытайдан әкелінетін транзиттік жүктердің жоғалған көлемі Өзбекстаннан Түркияға Ақтау теңіз порты арқылы транзитпен жіберілетін "түсті металдар" жүктерінің көлемімен ішінара өтеледі.

Осыған байланысты Ақтау теңіз порты "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ, "Атамекен" ҰКП және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне портқа қолдау көрсету, оның ішінде танкерлердің кеме қатынасы қызметтерін қайта реттеу, салық бөлігінен босату және ҚДБ қарыздары бойынша сыйақы есептеуді тоқтата тұру мәселесі бойынша шаралар көрсетуді туралы өтінішімен жүгінді.

Сондай-ақ, Ақтау теңіз порты Қазақстанның Даму Банкіне Қазақстандағы ТЖ режимінің әрекет ету кезеңіне сыйақы есептеуді тоқтата тұру және ағымдағы банктік қарыз шарты бойынша негізгі борыш пен сыйақы төлеу мерзімін ағымдағы банктік қарыз шарты бойынша ағымдағы жалғы қараша айына ауыстыру туралы өтініш білдірді.

DSC_0027.JPG

Порттың өтінішін қарау қорытындысы бойынша ҚДБ уәкілетті органы негізгі борыш пен сыйақы бойынша кезекті төлемдерді 2020 жылдың 15 мамырынан 15 қарашасына ауыстыру туралы шешім қабылдады.

"Мерзімнің бұлай шегерілуі бізге жағдайды теңестіруге, компанияның қаржылық тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік береді. Бір айта кетерлігі, біз жұмыс орындарын сақтап қалдық және қысқартуларға, ақысы сақталмайтын демалыстарға жол бермедік. Карантин кезеңінде және шығындарды, оның ішінде еңбекақы төлеу қорын оңтайландыру мақсатында толық емес жұмыс уақыты режимі енгізілді, қызметкерлердің жекелеген санаттары ішінара бос тұрып қалды - бір апта жұмыс істеді, бір апта бос болды. Бос тұрған күндері үшін орташа еңбекақысының 50%, ал толық жұмыс істеген күндеріне еңбекақылаын толыққанды түрде алды. Қызметкерлердің ешбірі жұмыссыз қалмады. ҚДБ төлеу мерзімін кейінге қалдырудың арқасында біз жұмыс орындарын сақтап қалдық, жалақыны төлеуге де мүмкіндігіміз бар", - деп атап өтті теңіз портының әкімшілігі.

Айта кету керек, 2018 жылдың желтоқсанында да Ақтау теңіз порты өтініш білдіргеннен кейін ҚДБ жылдық 7% сыйақы мөлшерлемесімен, қарыз төлеу мерзімін үш жылға ұзартып, валюталық қарыздарды ұлттық валютаға қайта құрылымдау шараларын жүзеге асырды.

Әлбетте, даму институттарының, атап айтқанда ҚДБ-ның қабылданып жатқан шаралары отандық кәсіпорындарды қолдау мен оларды қажетті деңгейде ұстап тұруға бағытталған, бұл   қазіргі жағдайда әсіресе маңызды. Біз Ақтау теңіз порты порт қызметі саласындағы флагман болып қала беретініне сенеміз.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79