• kz

Абай Сарқұлов: ҚДБ ҚАРЫЗ АЛУШЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ ҮШІН ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ ЖОСПАРДЫ ҮНЕМІ ӨЗЕКТЕНДІРІП ОТЫРАДЫ

PAI_8523-Edit.jpg

- Сіздерге даму институтында жаңа жағдайларға бейімделуге бағытталған соңғы өзгерістерді, сондай-ақ банктің алдағы жоспарларын талқылауға мүмкіндік бергендеріңіз алғысымызды білдіреміз. Абай Серікұлы, бұған дейін ҚДБ дағдарысқа қарсы жоспар аясында қарыз алушылардың кредиттері қайта құрылымдалуда деп хабарланған болатын. Қайта құрылымдау қандай сомаға жоспарлануда?

- Пандемиямен байланысты, сондай-ақ біздің кейбір қарыз алушыларымызға да әсерін тигізген басқа да өзгерістер аясында ҚДБ қарыз алушыларды және Банктің қаржылық тұрақтылығын қолдау мақсатында дағдарысқа қарсы жоспар әзірледі, ол болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, жүйелі түрде өзектендіріліп отырады.

Мысалы, жоспарға қарыз алушылардың валюталық кредиттерін қайта құрылымдау сияқты іс-шаралар енгізілген, олар тиісті жеңілдікті қорландырудың ұлттық валютада болуына және түсіміне байланысты жүргізіледі.

Банк клиенттерінің берешегін айырбастауға арналған жұмысты жалғастыру үшін қажетті жалпы сома, шамамен 114,2 млрд теңгені құрайды, бұл Банктің кредиттік портфелінің 6% - ын құрайды (1,911 трлн теңге).

Валюталық берешекті айырбастаудан басқа, Банк қарыз алушыларға негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды ұсынады, қаржылық және қаржылық емес міндеттемелерді уақтылы орындамағаны үшін айыппұл санкцияларын болдырмауда.

- Сіздің еншілес ұйымыңыз "ҚДБ-Лизинг" аграрияға отандық ауыл шаруашылығы техникасын бастапқы жарнасыз сатып алуға мүмкіндік берді. ҚДБ-Лизинг желісі бойынша дағдарысқа қарсы тағы қандай шаралар жүзеге асырылуда?

- Бүгінгі таңда "ҚДБ-Лизинг" АҚ лизинг алушылардың өтініштеріне сәйкес лизинг төлемдерінің мерзімін кейінге қалдыру мәселесін жеке тәртіпте қарастыруда. Сондай-ақ, "ҚДБ-Лизинг" АҚ Басқармасының шешімімен жасалған мәмілелердің шарттарына сәйкес контрагенттердің "ҚДБ-Лизинг" АҚ алдындағы қаржылық және (немесе) қаржылық емес міндеттемелерін орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін 2020 жылдың 15 наурызынан 2020 жылдың 31 мамырына дейінгі кезеңде айыппұл алмау туралы шешім қабылданды.

- Жасыл экономикада қандай ірі жобалар жүзеге асырылмақ? Олардың ішіндегі ең маңыздысы туралы айтып берсеңіз.

- Қазақстан қазір жаңартылатын энергия көздеріне әлемдік сұраныстың трендінде (ЖЭК). Бұл туралы қазіргі кезде отандық және шетелдік инвесторлардың қатысуымен іске қосылған 90 электр станциясы куәландырады. Осы жобалардың ішінде ҚДБ қатысуымен жобалар да бар, мысалы: бүгінгі күні күн энергетикасының екі жобасы және бір жел паркі қаржыландырылды және пайдалануға берілді, бұл:

1. Түркістан облысындағы қуаты 20 МВт "Жылға" фотовольталық электр станциясы, "EcoProTech-Astana" ЖШС. Банк тарапынан қаржыландыру 9 млрд теңгені құрады.

 2. Алматы облысының Қапшағай қаласы ауданында 100 МВт күн электр станциясы, қарыз алушы "ENEVERSE KUNKUAT" ЖШС болып табылады. Банк 10,8 млрд теңге көлемінде қаржы берді.

Екі жоба да "ҚР жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы" заң шеңберінде жобалық қаржыландыру тәсілімен қаржыландырылды. Сондай-ақ, осы екі жобаны жүзеге асыруға Universal Energy халықаралық компаниялары өздерінің Eneverse Kunkuat жобалау компаниясы тұлғасында қатысып отырғандығын атап өткім келеді, ал "Жылга" СЭС жобасының инвесторы болып Dera GmbH неміс компаниясы әрекет етеді. ҚДБ портфелінде осы жобалардың болуы "жасыл энергетикаға" шетелдік инвесторлар үшін позитивті белгі болып табылады, Банк олар үшін тәжірибелі және сенімді әріптес бола алады.

3. Ақмола облысындағы "Астана EXPO-2017", 100 МВт " жел электр станциясы, қарыз алушы - "ЦАТЭК Green Energy"ЖШС. Бастапқыда Банк 1-кезектегі іске қосу кешенін салуға 30,5 млрд.теңге көлемінде қаржы берді, ол өткен жылы пайдалануға берілді, кейіннен 9,8 млрд. теңге мөлшерінде ЖЭС 2 іске қосу кешеніне қосымша қаржыландыру мақұлданды. Бұл жобада қазіргі таңда ең ірі әлемдік өндіруші, осы саладағы көшбасшы – Вестас (Дания) компаниясынан ең үздік турбиналардың бірі қолданылады.

4. Сондай-ақ Банк "Алматы облысында шағын ГЭС құрылысы" жобасын қаржыландыруды мақұлдады, қарыз алушы ретінде "Baskan Power"ЖШС әрекет етеді. Жобаның құны 10,4 млрд теңге, Банктің қаржыландыру сомасы 7 млрд теңге.

Егер қарастырылып жатқан жобалар туралы айтатын болсақ, қазіргі уақытта "жасыл энергетика" саласында Банктің пайплайнында күн энергетикасы бойынша, сондай-ақ биоэлектростанциялардың құрылысы бойынша да бірқатар әлеуетті жобалар бар.

Банк 2015 жылдан бастап ҚР Үкіметі алғаш рет ұзақ мерзімді тіркелген тарифтерді орнатқаннан кейін, ЖЭК түрлі объектілерінен электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуды енгізгенін және бастамашылардан бірінші PPA алғаннан кейін ЖЭК жобаларын қарастыра бастағанын айта кету керек.

Қазақстанда ЖЭК дамуына байланысты Банк клиенттермен бірге өз құзыретін де өсірді. Заңнаманы зерделеп, қандай да бір станцияның ерекшеліктерін, генерация көзіне байланысты техникалық нюанстарды, пайдаланылатын жабдықтардың орналасқан жерін түсіне бастады және әлемдік тәжірибемен салыстырды.

- Қазақстандықтардың отандық өндірістің автомобильдерін сатып алуына кредит беру жалғаса ма? Осы бағдарламаға ағымдағы жылы қанша қаражат қарастырылған? 

- Жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасы қазақстандықтар арасында үлкен сұранысқа ие. Банк жалпы сомасы 82 млрд теңгеге 6 транш бөлді. Сонымен қоса, Ұлттық Банк басқармасының 2019 жылғы 31 мамырдағы № 79 қаулысына сәйкес Бағдарлама бойынша алдағы үш жылға (2023 жылға дейін) жыл сайын 20 млрд теңгеден , жалпы сомасы 60 млрд теңге қаражат бөлу қарастырылған. Бағдарлама бойынша кредит беру револьверлік сипатқа ие: қолданыстағы кредиттерді өтеуден түсетін төлемдер жаңа қарыз беруге бағытталады. Осындай қайта игерудің арқасында қазақстандықтар жеңілдікті шарттармен жалпы сомасы 98 219 млн теңгеге 20 629 отандық автокөлікті сатып алды.

- ҚДБ ағымдағы жылы экспорттық операцияларды қаржыландыруға қанша қаражат жұмсауды жоспарлап отыр? 1 млрд. теңге қарыздың ең төменгі сомасы немесе қаржыландыру мөлшерлемесін қайта қарау жоспары бар ма? 

– Экспорттық қаржыландыруға бөлінген қаражат шеңберінде (65 млрд теңге – Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты және 30 млрд теңге-сыйақының нарықтық мөлшерлемесі бойынша ҚДБ тартқан қаражат) ҚДБ жыл сайын 95 млрд теңгеден кем емес сомаға экспорттық операцияларды қаржыландыруды жүзеге асырады, бұны биылғы жылы жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Экспорттық операциялар шеңберінде қарыздың ең төменгі сомасы төмендету ҚДБ-ны екінші деңгейдегі банктердің қаржы құралдарымен бәсекелесуіне әкеледі, бұл ҚДБ мемлекеттік бағдарламалардың операторы ретінде әрекет ететіндіктен шын бәсекелестік болып саналмайды. Сонымен қоса, Бәйтерек жүйесінде екінші деңгейдегі банктерде арзан қаражатты шартты түрде орналастыру және сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жолымен шикізаттық емес өнімнің отандық экспортын қолдайтын "KazakhExport"ЭСК" АҚ және "Даму" КДҚ" АҚ сияқты еншілес ұйымдар бар. Қарыздың минималды сомасын төмендету нәтижесінде белгілі бір бағыттағы субъектілердің пайдасына мемлекеттік қаржылық қолдау салынуы ықтимал.

Отандық экспортты қолдау үшін сыйақы мөлшерлемесінің ықтимал төмендеуіне қатысты мөлшерлеме мемлекеттік көздерден алынған ақша қаражатын және нарықта тартылған қаражаттан микширлеуге сүйене отырып қалыптастырылған. Соңғыларының құны төмендеген жағдайда ҚДБ, әрине, отандық экспортты қолдау үшін сыйақы мөлшерлемесін төмендетуге мәжбүр болады.

- Бұдан бұрын Банк өңдеу өндірісін дамытуға 430,9 млрд теңгеге дейін жұмсайды деп айтылған болатын. Өңдеу секторында пайдалануға беруге қандай жобалар жоспарланып отыр?

Даму Банкі өңдеу өнеркәсібі мен өндірістік инфрақұрылым жобаларына кредит беру серпіні бойынша оң трендті ұстап тұр. 2019 жылдың қорытындысы бойынша ҚДБ кредиттік портфелінің көлемі 32,9 млрд теңгеге немесе 2018 жылмен салыстырғанда 1,9% - ға ұлғайып, 1 729 млрд теңгеге жетті. 2019 жылы сегіз жоба пайдалануға беріліп, онда1 763 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл Қазақстан экономикасының саласына мультипликативті әсері бар, капиталды қажет ететін жобалар, мысалы, Қарағандыдағы ферросилиций өндіретін жоғары технологиялық зауыты, "Сарыарқа" магистральдық газ құбыры, Атырау мұнай өңдеу зауытында мұнайды терең өңдеу кешені, Қапшағай қаласындағы "Nurgisa" күн электр станциясы,Түркістан облысындағы "Жылға" күн электр станциясы, Ақмола облысындағы "Астана EXPO-2017"1- кезектегі жел электр станциясы және басқа жобалар.

2020 жылға қатысты, әрине, коронавирус инфекцияның пандемиясы жобалар бойынша инвестициялық фазаларды аяқтау бойынша жоспарларға өз түзетулерін енгізді. Бірақ, ТЖ режимі мен жабық шекараларға қарамастан, біздің қарыз алушылар шешім тауып, құрылыс жұмыстарын белсенді қарқынмен жалғастырып келеді. Қазір жұмыс 14 құрылыс алаңында жүргізілуде, онда 6 278 адам жұмыс істейді,әрине, коронавирус инфекциядан қорғаудың барлық түрлері қолданылады. Егер экономика секторлары бойынша айтатын болсақ, бұл ИИДМБ бағдарламасы аясындағы өңдеуші өнеркәсіп пен инфрақұрылымдық жобалар, Нұрлы Жол экспорттық операциялары, МБК отандық автоөндірушілерді қолдау.

Ағымдағы жылы "ҚР Ақмола облысы Бұланды ауданында бройлерлер өсіру бойынша құс фабрикасының екінші кезектегі құрылысы", "Мұнай машина жасау зауытын дамыту", "Астана EXPO-2017" 50 МВт жел электр станциясының екінші іске қосу кешені сияқты және басқа да жобалар бойынша өндірістік қуатты пайдалануға беру жоспарлануда.

- 2019 жылы ҚДБ таза пайданы 3,4 есеге, 10,9 млрд теңгеге дейін арттырды. 2020 жылғы түсім болжамы қандай? Ол ағымдағы экономикалық жағдайларда төмендеу жағына қарай қайта қаралған жоқ па?

2019 жылға арналған таза пайданың жоспарлы мәні 4 млрд теңге деңгейінде болды, ал жыл қорытындысы бойынша Банк кредит портфелінің сапасын жақсарту және өтімділікті тиімді басқару есебінен 10,9 млрд теңге мөлшерінде пайда алды. Алайда, Банк даму институты болып табылатынын және Банктің басты стратегиялық рөлдерінің бірі тәуекел дәрежесі жоғары өнеркәсіп және өнеркәсіптік инфрақұрылым саласындағы ұзақ мерзімді ірі ауқымды жобаларды қаржыландыру болып табылатынын атап өткім келеді. ҚДБ өзнің алдына түсімді барынша арттыру міндетін қоймады, соған қарамастан, біздің міндеттеріміздің бірі Банктің шығынсыз қызметін қамтамасыз ету болып табылады.

Банктің бекітілген даму жоспары аясында 2020 жылдың қорытындысы бойынша таза пайда көрсеткішінің жоспарлы мәні шамамен +4,6 млрд теңгені құрайды. Алайда, қалыптасқан факторлар жағдайында (коронавирустың таралуы және ұлттық валюта бағамының әлсіреуі нәтижесінде Банк қарыз алушыларының кредиттік тәуекелінің ұлғаюы) Банктің 2020 жылға арналған Даму жоспарының болжамды көрсеткіштерінің мәні, оның ішінде таза пайда көрсеткішін Банк қайта қарауы мүмкін екенін ескеру қажет. Бұл ретте, қазіргі уақытта нақты мәндер туралы айту әлі ерте, өйткені жалпы пандемияның Банк қарыз алушыларына ықпалының экономикалық тиімділігін және қаржылық көрсеткіштерді 2020 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша ғана алдын ала бағалауға болады.

- Сұқбат үшін рахмет!


АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79