Банк развития Казахстана
  • kz

Қостанай облысының ең шалғай ауданында жоғары жылдамдықты интернет өткізілді

Солтүстік өңірлік телекоммуникация дирекциясы Қостанай облысының ең шалғай - Жангелді ауданында талшықты-оптикалық байланыс желілерінің (ТОБЖ) құрылысын аяқтады. Облыс басшысы Архимед Мұхамбетов желілік-техникалық цехын барып көрді.

Солтүстік ӨТД Бас директоры Ерсайын Дүйсенәлиевтің айтуынша, бүгінгі таңда аудан тұрғындары, яғни 23 елдімекеннің 11 мың тұрғыны телефон қызметімен толық қамтылған. Мобильді байланыс 9 ауылдық елдімекенде қолжетімді. «Қазақтелеком» АҚ тарататын ғаламторды 7 ауылдың тұрғындары пайдалана алады.

20200616_134515.jpg

МЖӘ жобасы шеңберінде «Қазақтелеком» АҚ-ның Солтүстік филиалы Жангелдин ауданының 7 ауылдық елдімекеніне дейін ТОБЖ -ны өткізу құрылысын аяқтады. Ауданда Қаламқарасу, Сужарған, Ақшығанақ, Көкалат, Аралбай, Торғай, Тауыш елдімекендеріне дейін барлығы 240 км-ден астам оптикалық желі салынды. Кеңжолақты интернет желісіне қолжетімділік қызметіне 24 мемлекеттік мекемені қосу жоспарлануда. Олар білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, жергілікті әкімдіктер, полиция пункттері және т.б. Бүгінгі күні 7 мекеме қосылды. Жергілікті тұрғындар бұл жаңалықтарға өздерінің ризашылықтарын білдірді.

Қостанай облысы бойынша жоспарланған 33 АЕМ-нің 29-на ұзындығы 800 км-ге жуық ТОБЖ өткізілді. Жоғары жылдамдықты интернетке 75 мемлекеттік мекеме қосылды. Жобаны іске асыру жылдың соңына қарай аяқталады. Сол уақытта 133 мемлекеттік мекеме мен бюджеттік ұйым кеңжолақты интернетке қолжетімділік қызметіне қосылады. Нәтижесінде облыс бойынша АЕМ-ді ТОБЖ-мен қамту пайызы 14% - дан 24% - ға дейін артады.

20200616_134546.jpg

«250-ден астам тұрғыны бар ауылдарды мобильді байланыспен қамтамасыз ету үшін желі құрылысы бойынша бірлескен жобаны іске асыру аясында Ақкөл, Ақшығанақ, Көкалат, Аралбай, Тауыш, Сага, шил ауылдарында және Ахмет Байтұрсынов ауылында ұялы байланыс операторларының базалық станцияларын орнату жоспарлануда», - деді Солтүстік ӨТД Бас директоры Ерсайн Дүйсемалиев.

Облыс әкімі «Қазақтелеком» АҚ-ның жұмысына оң баға берді. Ол АЕМ аумағындағы ТОБЖ құрылысы бойынша жобаларды іске асыру және тұрғындарды ұялы байланыспен қамтамасыз ету ауданның тіршілік әрекетінің барлық салаларын цифрландыруға қомақты үлес қосатынын атап өтті.

«Қазақтелеком» компаниясы ауқымды жұмыс жүргізді. ТОБЖ құрылысы нәтижесінде әлеуметтік нысандар мен басқа да мемлекеттік мекемелерде пайда болған жоғары жылдамдықты интернет олардың жұмысын жетілдіруге мүмкіндік береді. Халықты мобильді байланыспен қамтамасыз ету тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді онлайн режимде қолдануға мүмкіндік береді», - деді Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов.

20200616_134317.jpg

Естеріңізге сала кетейік, Жоба «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-ның қатысуымен жүзеге асырылып жатқанын естеріңізге сала кетеміз, өткен жылдың қазан айында шалғайдағы ауылдарды кеңжолақты интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз ету жобасын қаржыландыру үшін Қазақстан Даму Банкі мен «Қазақтелеком» АҚ арасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасы бойынша кредит желісін ашу туралы келісімге қол қойылды. ҚДБ 13 жылға дейінгі мерзіммен, 26,7 млрд теңге сомасында қарыз берді. Банк ұсынған қаржыландыру Жобаны барынша тиімді тәсілмен іске асыруға мүмкіндік береді және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға елеулі үлес қосады деп күтілуде.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79