• kz

«АГРОМАШХОЛДИНГKZ» А/Ш ТЕХНИКАҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БОЙЫНША СЕРВИСТІК ОРТАЛЫҚТАР ЖЕЛІСІН КЕҢЕЙТУДЕ

агромашхолдинг2.JPG

Бүгінде «Агромашхолдинг KZ» ауыл шаруашылығы техникасының кең желісін - «Есіл» маркалы комбайндарды, «Lovоl» тракторларын – 35-тен 135 ат күшіне дейін, энергияға қаныққан «Кировец» тракторларын шығарады, олардың қуаты 350-ден 420 ат күшіне дейін болады. Бұдан басқа, өндірістік алаңда дестелегіштерді, жинағыштар мен сепкіштерді шығару жолға қойылған.

Мәліметтерге сәйкес, «Есіл» комбайндары нарық үлесінің 50%-ын, «Кировец» тракторлары өз сегментіндегі нарықтың 90%-дан астамын алады. Сонымен қатар, «Lovоl» маркалы тракторларға сұраныс жоспарлы түрде артып келеді. Егер шығарылған сәттен бастап бірінші жылы 136 машина сатылса, осы жылдың алты айында үш жүзден астам бірлік сатылды.

Осымен Қостанай зауыты тоқтамайды және қазірдің өзінде шығарылатын өнімді оқшаулау бойынша цехтарды салумен айналысуда.

«Қазір біз бірегей жобаны жүзеге асыру – зауыт аумағында Оқшаулау орталығын орналастыру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бұл ауқымды кластер, онда ауыл шаруашылығы техникалары мен автомобильдерге арналған компоненттердің кең палитрасы шығарылады», - деп атап өтті «Агромашхолдинг KZ» бірінші вице-президенті Динара Шукижанова.

IMG_4105.jpg

Сонымен қатар, зауытта атап өткендей, тек техниканы өндіру жеткіліксіз, оны уақытында жеткізу, фермерлерге сапалы қызмет көрсету және қосалқы бөлшектердің болуын қамтамасыз ету маңызды.

Осыған байланысты, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы), «АгромашХолдинг» АҚ қолдауымен Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын сату және қызмет көрсету бойынша жеке сервистік орталықтарды кеңейтіп, жетілдірді.

«Машина жасау саласы, оның ішінде отандық ауыл шаруашылығы техникасын өндіру ҚДБ үшін басым салалардың бірі болып табылады, себебі бұл еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің дамуына, оның ішінде азық-түлік қауіпсіздігіне де айтарлықтай әсер етеді. АгромашХолдинг техникасы отандық фермерлердің сұраныстары мен үміттеріне сәйкес келетіні қуантады», - деп атап өтті Қазақстанның Даму Банкі Басқармасының төрағасы Абай Сарқұлов.

photo5406974251111656589.jpg

Қазіргі уақытта филиалдық желі елдің сегіз өңірінде ұсынылған, олар сатумен, техниканы клиентке беруге дайындаумен, техникалық және кепілдік қызмет көрсетумен, қосалқы бөлшектерді сатумен айналысады. Биыл Түркістан және Ақтөбе облыстарында тағы екі орталық ашу жоспарлануда.

«Қазақстанның түрлі облыстарындағы өкілдіктердің болуының біздің клиенттеріміз үшін маңызы зор. Егер техника сынып қалса, фермерлердің жөндеу жұмыстарына уақыты жоқ - егін егу және жинау мерзімі өте тығыз. Біздің сервистік орталықтарының мамандары жер-жерге шығып, бір тәулік ішінде кез-келген ақауларды жояды», - деп атап өтті қостанайлық ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші.

LOVOL (1).jpg

Қазақстанның Даму Банкі мен «АгромашХолдинг» арасындағы ынтымақтастық 2008 жылы басталған. Содан бері ол бірнеше ірі бірлесе іске асырылған жобаларға айналды. Сондай-ақ, зауыт Қазақстанның Даму Банкінің «ҚДБ-Лизинг» АҚ еншілес құрылымының белсенді клиенті болып табылады.

Коронавирустың пандемиясы кезінде ҚДБ-Лизинг дағдарысқа қарсы бағдарламаны жеңілдікті шарттармен іске қосты – ол фермерлерге 7 жыл мерзімге 6% жылдық бастапқы жарнамен лизингке техниканы сатып алуға мүмкіндік береді. Динара Шукижанова атап өткендей, бұл Қазақстандағы теңдесі жоқ жоба, бірде-бір лизингтік компания осындай шарттарды ұсынбайды. Осыған байланысты техниканы сатып алушылардың арасында дүрлікпе байқалады - фермерлер бағдарламаны пайдаланып, «ҚДБ-Лизинг» желісі бойынша техниканы лизингке алуға үлгергісі келеді.

КИРОВЕЦ 1 (1).JPG

Қазақстандық агротехниканың қолжетімділігі мен сапасын аграрий Татьяна Пфунт растап отыр:

«Қазақстандық техниканы артық көреміз, себебі бағасы бойынша қол жетімді және инвестициялық субсидиялауға кіреді. Отандық техника мен қосалқы бөлшектер қолжетімді, сондай-ақ қызмет көрсету мен сервис те ыңғайлы. Бұл біз үшін қолайлы.

Жеке ауыл шаруашылық машиналарын жасау ел үшін үлкен маңызға ие. Оның дамуы қазақстандық фермерлердің ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңартуға елеулі әсер етеді.

ESSIL (4).jpeg

«Ауыл шаруашылығының даму үшін әлеуеті зор. Дегенмен, а/ш техника паркінің тозуы 54% құрайды. Біздің фермерлеріміз паркті сапалы жаңартуды қажет етеді. Қазіргі уақытта техника сатып алуға субсидия, оның құнына қарамастан, 25% құрайды. Мысалы, Қазақстанда құрастырылған комбайн 50 млн теңгеге жуық, импорттық комбайн - 150 млн теңгеге жуық тұрады. Тиісінше, импорттық техника ақшалай түрде субсидияланатын қаражаттан көбірек алады. Бізге - қазақстандық техника өндірушілері ретінде субсидия шеңберінде бөлінетін қаражат мөлшерінің тең болуы әділ болып көрінеді», - деп атап өтті компанияның бірінші вице-президенті.

Айта кету керек, ТЖ мен карантин кезінде зауыт басшылығы жұмысты тоқтатудың қажеті жоқ екеніне өз-өзіне есеп беріп отыр – егіс мерзімі жақындап, келісім-шарттар жасалды және фермерлерді қиын жағдайда қалдыруға болмайды. Компанияда және өндірісте барлық үй-жайларды қатаң санитарлық өңдеу ережесі, міндетті түрде бетперде тағу, қызметкерлерді тұрақты медициналық тексеруден өткізу енгізілді. Процестерді қайта құру үшін шамамен үш апта кетті. Қазіргі уақытта зауыт барлық эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, екі ауысымда жұмыс істеп жатыр.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79