• kz

«Проммашкомплект» жүз мыңдық тарих доңғалағы

Өз саласында озық болу әрқашан құрметті және қазақстандық зауыттың жаһандық ауқымда технологиялық көшбасшы болуы сирек жағдай. Бұл жобаны жүзеге асыру ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауымен ИИДМБ-2 форматында теңдессіз мемлекеттік қолдаудың арқасында мүмкін болды.

Өндіріс пен маркетингтің қыр-сыры туралы біз оның Бас директоры Игорь Голтвенкомен әңгіме жүргіземіз.

- Игорь Васильевич, жоба – барлық үлгідегі теміржол дөңгелектерін шығару кешенін құрудың - Орталық Азияда баламасы жоқ. Сату көлемінің динамикасы қандай, елдің ішкі қажеттіліктерін толығымен жабасыздар ма? Өнім экспортының үлесі артып келе ме, біздің нарықтағы географиясы қандай?

- Маңызды нақтылау: біздің жобамыздың өңірде ғана емес, әлемде де баламасы жоқ. Бізде болаттың бір бөлігінің жоғары технологиялық өнімге, яғни доңғалаққа айналдыру процесінің барлық параметрлерін онлайн режимінде бақылауға мүмкіндік беретін кешенді автоматтандыру жүйесі бар. Біз олардың әрқайсысы өңдеудің қандай кезеңдерінен өткенін секундтық дәлдікпен айта аламыз. Сондай-ақ, бұл ақпарат 20 жыл сақталатын болады. Бұл не үшін қажет? Біз доңғалақтың сапасына және жұмыс істеу кезіндегі оның бүкіл қауіпсіздігіне жауап береміз. Сонымен қатар, зауыттың өндірістік желісі ерекше және мұндай жүйе өндіріс процесінде жұмыс барысын бақылауға және технологияны жетілдіруге мүмкіндік береді.

Жобаның техникалық деңгейіне келетін болсақ, бұл жобаның әлемде баламасы жоқ, өйткені оны іске асыру кезінде «Проммашкомплект» ЖШС техникалық мамандарының жұмыс тобы ең заманауи жабдықтар мен технологияларды пайдаланды. Кеше 100 мыңшы дөңгелек шығарылды - бұл маңызды асу.

Жобаның қуаттылығы – бірінші кезеңде – жылына 200 мың доңғалақ, екінші кезеңде ол 300 мыңға жетеді.

Бүгінгі таңда бізде өнімдерді сатуға арналған келісімшарттар портфелі бар, оның 70%-ы экспорт, ресейлік тұтынушылар, және шамамен 50 мың дөңгелекті «ҚТЖ» ҰК» АҚ, Транском, Қамқор, Петролеум және т.б. ҚР тұтынушыларына сатамыз. Қазақстанда 2020 жыл отандық өндірісті қолдау жылы деп жарияланды және бүгінде «Самұрық-Қазына» холдингі құрамына кіретін, біздің өнімдеріміздіің тұтынушылармен ұзақ мерзімді шарттарды келісу және оларға қол қою бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде.

- Яғни сіз біздің республикамыздың нарығын толығымен жабуға дайынсыз ба?

- Әрине, біздің болжамымыз бойынша, ҚР ТЖ доңғалақтарының нарығы жылына шамамен 70 мыңды құрайды, ал жылына орташа қажеттілік - 40 мыңды құрайды. Үш жыл ішінде біз ішкі нарыққа бар-жоғы 15 мың дөңгелек шығардық, ал зауыттың қуаттылығы, жоғарыда айтқанымдай, 200 мың.

- Бұл шамамен 5 Қазақстанға жететіндей өнім.

- Иә, бірақ жоба бастапқыда әлемдік нарыққа бағдарланған болатын. Біздің өндірісіміздің шығынсыздық шегі жылына 150-170 мың бұйымды құрайды. Ең жоғары жобалық қуаттылық 300 мың, біз осы жылы қол жеткізуге тиіс едік. Бірақ бізде барлық жабдықтар еуропалық, ал Еуропа наурыз айында карантинге жабылып, мерзімі шамамен алты айға шегерілді. Біз 2021 жылы жаңа жабдықты орнатып бітіруді, өз бағдарламаларымызды қайта қарауды және өндірісті 300 мыңға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Іргетасы мен жаңа жабдыққа арналған басқа да инфрақұрылым қазіргі уақытта дайын.

- Алайда, зауыт өндірісінің өсуі жеткізушілерге ғана байланысты емес. Қазір пандемия әлемдік дағдарысқа алып келді, 2020 жылы жаһандық ЖІӨ 5% - ға, тіпті 7% - ға дейін төмендейді деп күтілуде. Тиісінше, тасымалдау аз, доңғалақтардың тозуы аз, тапсырыс аз?

- Әбден, дұрыс. Біздің негізгі тапсырыс берушілеріміз - бұл жөндеу кәсіпорындары мен тасымалдаушылар. Әзірге машина жасауға аз ғана бөлігі жұмсалып жатыр. Мысалы, біздің екібастұздық әріптсіміз «RWS Wheelset» ЖШС біздің өнімді пайдалана отырып, доңғалақ жұптарын дайындайды.

- Әзірше таяу аймақ – Орта Азия мемлекеттері сіздің сатып алушыларыңызға айналған жоқ – бірақ сапаны айтпағанның өзінде, бұл баға мен логистика тиімді…

- Біз бүгін Өзбекстан, Беларусь, Украина, Әзірбайжан және алыс шетел: Болгария және Чехияның Ұлттық тасымалдаушыларымен келіссөздер жасаудың белсенді кезеңінде тұрмыз.

Бірақ біз үшін нағыз серпіліс - әлемдегі ең ірі Еуропа нарығына шығу. Алайда, бұл үшін Еуроодақтың аса талапшыл өлшемшарттары сәйкестігіне сертификаттаудан өту қажет. Бұл процеспен біз бүгін белсенді айналысудамыз. Біздің өнімдеріміз ең үздік әлемдік стандарттарға сәйкес келетініне қарамастан, бұл процесс уақыт жағынан өте ұзақ. Сынақтардан өту керек және т.б., тек міндетті процедуралар бір жылдан астам уақытты алады. Біз қазір оларды іске қосып жатырмыз. Еуропалықтар өздерінің зертханаларына ғана сенетіні белгілі.

- 500 миллион халқы бар Еуроодақ, АҚШ-тан кейінгі екінші тартымды нарық екені түсінікті. Американы «ашуға» ниеттісіздер ме?

- Әрине, бұдан әрі жоспарланған «таңқалдыру»- Солтүстік және Оңтүстік Америка. Бірақ әрбір жаңа нарыққа кіру тиісті дайындықты талап етеді, әр елдің сертификаттау бойынша өз талаптары бар. Сондықтан біз кезең-кезеңмен көшуді жоспарлап отырмыз.

- Бүгінгі таңда сіздің өніміңіз әлемдік нарықта баға - сапа қатынасы бойынша бәсекеге қабілетті болып табылатынын нақтылайық?

- Бүгінгі күні біздің өнімнің өзіндік құны оның жоғары сапасына қарамастан, әлемдегі ең төменгі бағалардың бірі болып табылады. Бұл әзірше Қазақстанда беріктілігі мен тозуға төзімділігі бойынша ерекше талаптарды қанағаттандыратын болат өндірушіні таппадық. Қазіргі уақытта біз арнайы болаттарды Ресейден сатып алып жатырмыз. Ол үшін рұқсат беру рәсімдері дайын өнім сияқты - әрбір сатып алушы біздің дөңгелектеріміздің сенімді материалдан жасалғанына сенімді болғысы келеді.

- Ұлттық валюта девальвациясы мен пандемия жағдайында жобаны іске асыруда компания тағы қандай қиындықтарға тап болды?

- Мен бұл жерде екі тармақты бөліп көрсетер едім. Біріншісі - жобаның өзін жүзеге асыру. Біздің әріптесіміз сенімді – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің құрылымы), 2016 жылы доллардың бағамы күрт өскенде теңгенің айтарлықтай құнсыздануына байланысты біз банкпен бірлесіп жағдайды бағалап, жобаға қатысуды тепе-тең ұлғайттық, бұл зауыттың құрылысын аяқтауға және оны пайдалануға беруге мүмкіндік берді. Сонымен бірге, біз тұрақты жұмыс істейтін негізгі валюталар -теңге мен рубль бағамының арақатынасының динамикасы - тұрақты , сыртқы нарықтардағы сату валюталық түсім береді, бұл біздің қаржылық жағдайымызды тұрақтандырады.

- Осылайша, сіз өнім сапасына, жобаны дамыту перспективаларына, сату нарығын кеңейтуге сенімдісіз және негізгі проблема қазір пандемиямен байланысты ма?

- Иә. Бұл проблема кешенді. Біз қызметкерлерді демалысқа жібермедік, барынша қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстырдық. Сонымен бірге, еліміз карантинге шыққанда, бейнеконференцияларға арналған бағдарламалар әлі танымал болмай тұрған кезде, біз оны меңгердік. Екінші мәселе - КВИ-мен ауырған адамдар сирек кездесті,   негізінен жалпы депрессиялық жағдай аясында ЖРВИ мен ауырғандар. Зауытта біз адамдарды санитарлық шаралардан бастап жеке қорғану құралдарына дейін қауіпсіздендіру   шараларын барынша қолданамыз. Ағымдағы жылдың алты айының қорытындысы бойынша біз 87 мың доңғалақ шығардық.

- Бұған дейін сіздің өнімдеріңізге атақты америкалық General Electris корпорациясының қызығушылық танытқаны туралы айтылды. Оларды не қызықтырады – қолайлы баға немесе әлі де сапа? GE-мен ынтымақтастықтың болашағы қандай?

- General Electric компаниясын Астанадағы локомотивтер өндірісіне арналып шығарылатын дөңгелектер қызықтырады. Біз олармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз, бірақ пандемия жағдайында бұл тез нәтиже бермейді.

- General Electris компаниясының ҚР-да өндіріс көлемі шағын, сіздер үшін бұл имидждік жоба ғой?

- Жоқ, біз үшін General Electriс-пен ынтымақтастық, керісінше, жаңа, технологиялық тұрғыдан неғұрлым күрделі өнім – локомотивтерге арналған дөңгелектер шығаруды игеру мүмкіндігі. Поездың вагондарына қарағанда, оның қозғаушы күшіне қойылатын талаптар жоғары. Бұл жоғары сегмент. Бұл сертификаттаудың барлық проблемалары, өйткені АҚШ-та, ЕО-да, оның қауіпсіздік талаптары мен міндетті рәсімдері бар. Мұның бәрі, жоғарыда айтқанымдай, ұзақ уақытты – біздің еркімізде болғанмен, кем дегенде бір жыл уақытты қажет етеді.

Мен мұны мысал ретінде түсіндіремін - біз наурыз айында локомотивтерге арналған тегершікті доңғалақтардың тәжірибелік партиясын жасадық, дайындамалар әзірледік, әріптес Компания біз үшін тегершіктер жасады. Енді олар 9 ай бойы сынақтан өтеді, содан кейін ведомствоаралық комиссияның отырысы болады, соңында сертификат аламыз.

- Біз талқылағанымыздай, «Проммашкомплект» ЖШС-нің ҚДБ-мен ынтымақтастығы бірінші жыл емес, өз жобаларын қаржыландыруға неге дәл осы банк таңдалды?

- Сұраққа ең қарапайым жауап -ал қайсысын таңдауымыз керек еді? ҚДБ мемлекеттік құрылымдарға терең интеграцияланған. Осы банктің көмегімен біз төмен пайызбен кредиттер алып қана қоймай, өз ақшамызды нақты өндірісті дамытуға жұмсайтын отандық компания ретінде мемлекеттен түрлі жеңілдіктер аламыз. Біздің цифрландыру, өнім сапасын бақылауға арналған жабдық және т. б. сияқты бірқатар шығыстарымызға ішінара немесе толық өтемақы төлейді. Яғни, біз өз саламызға қатысты барлық мемлекеттік бағдарламаларға қатысамыз. Бұған ҚДБ бізге көп көмектеседі, бұл сомалар өте маңызды, олар түпкілікті өнімнің өзіндік құнына айтарлықтай әсер етеді.

Жобаны жүзеге асыру кезеңінде жаңа сыртқы жағдайларға байланысты қандай коммерциялық банк кредит желісінің мөлшерін қайта қарауға қабілетті? Ешқандай! Комбанктардың басты мақсаты - қысқа мерзімде барынша пайда алу. ҚДБ мақсаты өзгеше - өз клиентін ұзақ мерзімді дамыту.

- Инновация - бұл экономикалық тұрғыдан іске асырылған жоғары табысты ғылыми немесе бизнес-идея. Сіздің өндірісіңізді инновациялық деп атауға бола ма?

- Өнімнің өзін, яғни доңғалақты инновациялық деп айта алмаймыз. Бірақ қолданылатын технологиялар тек инновациялық қана емес, серпінді. Олар жоғары сапаны қамтамасыз етеді және өнімнің өзіндік құнын төмендетеді. Екінші жағынана - олар өндірісті жастар үшін барынша зияткерлік және тартымды етуге мүмкіндік береді. Компьютердің көмегімен өндірістік процестерді басқару, машинада тұрып басарудан гөрі әлдеқайда қызықты. Бізде адам металға қатысты процестің үш кезеңіне ғана қатысады – бұл дайындаманың міндеті, екіншісі – салқындағаннан кейін-кранмен әрі қарай өңдеуге жібереді. Үшіншісі - біз дайын өнімді тапсырған кезде араласамыз. Қалғанының бәрін роботтар жасайды. Біздің зауытта орташа жас - 29 жас. Осындай қуаттылықтағы ұқсас өндірістерде тек цехтардың өзінде 2-2,5 мың адам жұмыс істейді. Бізде техникалық персоналды қоса алғанда, тек 700 адам істейді.

- Игорь Васильевич, сіздің зауытыңыздың тек жетістіктерін ғана баяндаймыз деп үміттенемін.

- Миллионшы доңғалақтың шығарылымында кездесейік!

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79