• kz

Баспасөз хабарламалары

ҚДБ-ның сенімді бағдары

DSC_7555.JPG

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы, бұдан әрі – ҚДБ,) мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыратын даму институты ретінде экономиканың шикізаттық емес салаларын қолдауға бағытталған капиталды қажет ететін жобаларды қаржыландырады. Қазақстанның ірі бизнесіне ұзақ мерзімге арзан қаржыландыру қажет және осындай қорландыруды Қазақстанның Даму Банкі ұсына алады. Ұлттық даму институтының арсеналында «бастапқы кезеңнен бастап» жобалық қаржыландыруды қоса алғанда, орта және ұзақ мерзімді қарыз беруден бастап дайын өнім экспортын кредиттеуге дейінгі тиісті қаржы құралдарының кең жиынтығы бар. Инфрақұрылымдық және инновациялық жобаларды қаржыландыру үшін ҚДБ сыртқы және де ішкі нарықтан қаржы қаражатын тартады.

Ағымдағы жылдың 28 шілдесінде ҚДБ кезекті рет жылдық 11,8% купондық мөлшерлемесімен және айналым мерзімі 5 жыл номиналды көлемі 50 млрд теңгеге облигацияларды шығару және орналастыру арқылы қаржы қаражатын тартты. Мамандандырылған сауда-саттыққа 9 институционалдық инвестор қатысқанын атап өткен жөн. Сұраныс көлемі ұсыныс деңгейінен 1,4 есеге асып, 71 млрд теңгені құрады. Бұл ретте тарту көлемі бойынша 68%-ды коммерциялық банктер, 20,1%-ды брокерлік-дилерлік ұйымдар және 11,9%-ды өзге институционалдық инвесторлар сатып алды.

Даму институты ретінде ҚДБ-ның қарызды қаржыландыруға арналған құралдары бар. Бұл жағдайда облигациялар түріндегі борыштық бағалы қағаздар ақша тартудың кең таралған құралдарының бірі болып табылады. Капиталдың ішкі және сыртқы нарықтарында ҚДБ орналастыратын облигациялар, өтімділікті толықтыру және экономиканы кредиттеу көлемін ұлғайту үшін ұзақ мерзімді қарыз алудың аса тиімді құралдарының бірі болып табылады.

ҚДБ ағымдағы жылдың ақпан айында 62,5 млрд теңге көлемінде теңгеге деноминацияланған еурооблигациялардың үшінші шығарылымын жүзеге асырғанын атап өткен жөн. Бағалы қағаздардың айналым мерзімі жылдық 10,75% купондық мөлшерлемесімен 5 жылды құрады. Үшінші шығарылымның еурооблигациялары Reg S Ережесіне сәйкес еуропалық және азиялық инвесторлар арасында орналастырылған болатын.

IMG_0835-Edit.jpg

Бүгінгі күні Қазақстанның Даму Банкі шетелдік инвесторлардың көзқарасы бойынша Қазақстанның неғұрлым кредитке қабілетті қаржы институттарының бірі болып табылады. Осындай бедел бірінші кезекте ҚДБ-ның Қазақстан экономикасында атқаратын стратегиялық рөлінің негізінде қалыптасқан. Бұл ҚДБ-ның қарыз алушы ретінде жоғары сапасын білдіретін «инвестициялық» деңгейде тұрған ҚДБ-ның тұрақты кредиттік рейтингтерінде көрініс табады. Жақында S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі ҚДБ эмитентінің шетел және ұлттық валютадағы міндеттемелері бойынша ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерін «BB+/B» деңгейінде, болжам — «Тұрақты» және эмитентінің ұлттық шкаласы бойынша «kzAA+» деңгейінде растады. Сондай-ақ, Moody ' s Investors Service өз шолуында мемлекет пен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ тарапынан қолдаудың жоғары деңгейін атап өтіп, эмитентінің жергілікті және шетел валютасындағы ұзақ мерзімді рейтингтерін «Baa3» деңгейінде растады.

Инвесторлардың сенімі сонымен қатар ҚДБ-ның қаржылық есептілігінің халықаралық стандарттарға сәйкес шығарылатындығына негізделген. ҚДБ-ның Қазақстанда алғашқылардың бірі болып 9-ХҚЕС стандарты бойынша қаржылық есептілік жүйесін енгізгені маңызды фактор болып табылады.

Сондай-ақ ҚДБ корпоративтік басқарудың озық стандарттарын, тәуекелдік-менеджмент жүйесін жылдар бойы құрған Директорлар кеңесі мен тәуелсіз директорлардың айтарлықтай құзыретті құрамына ие. Және мемлекет тарапынан ҚДБ-ға көрсетілетін үздіксіз қолдауды атап өткен жөн.

Бұл ретте, Covid19-ға байланысты індет салдарынан туындаған жалпы тұрақсыздық кезінде ҚДБ шетелдік және қазақстандық инвесторлар арасындағы оған деген сеніммен көрініс тапқан және ҚДБ-ның елдің ұлттық экономикасын тұрақты дамыту және күшейту жолында алған бағытын жалғастыруға ықпал ететін өзінің берік ұстанымдарын тағы да танытты.

Осылайша, қазіргі таңда ҚДБ жарты жылдықтың қорытындысы бойынша 176,3 млрд теңге көлеміндегі кредит қаражатын Шымкент қаласында МТБЭ өндіру зауытын салу («Шымкент химия компаниясы» ЖШС), Шымкент қаласында күштік трансформаторлар шығару зауытын салу («Asia Trafo» ЖШС), Қарағанды қаласында ферросилиция өндіру зауытын салу («YDD Corporation» ЖШС), ҚР ауылдық елді мекендерін ТОБЖ технологиясы бойынша кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету («SilkNetCom» ЖШС және «Қазақтелеком» АҚ), ШҚО-да Ақтоғай тау-кен байыту комбинатын салу (50 млн.тоннаға дейін арттыру), «Астана EXPO-2017» жел электр станциясының 50 МВт екінші іске қосу кешенін салу («ЦАТЭК Green Energy»ЖШС), Ақмола облысында өнімділігі жылына тірі салмақта 60 мың тонна бройлерлер өсіру бойынша құс фабрикасынының екінші кезегін салу («Макинск құс фабрикасы» ЖШС), Нұр-Сұлтан қаласындағы көлік-логистикалық орталықты жаңарту («Continental Logistic» ЖШС) және т.б. сияқты Қазақстан экономикасы үшін ірі және маңызды жобаларды қаржыландыруға бағыттады. ҚДБ сондай-ақ отандық экспорттаушыларды да белсенді түрде қолдайды, ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында ҚДБ 40,3 миллиард теңгеге тоғыз жоба бойынша экспорт алдындағы қаржыландыруды жүзеге асырды. Атап айтқанда, «Баян-Сұлу», «Қазцинк», «Қазфосфат», «Шымкентмай», «Молпродукт» және т.б. секілді компаниялардың жобалары. Соның ішінде отандық экспорттаушыларды осындай қаржылай қолдау есебінен қазақстандық өнімнің 30-дан астам түрі 15-тен астам жақын және алыс шет мемлекеттеріне экспортталады.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79