Банк развития Казахстана
  • kz

ҚДБ аналитиктері қалай жұмыс істейді

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-та (ҚДБ, «Бәйтерек»холдингінің еншілес құрылымы) қарыз беру жүйесінің қызметі тыңғылықты талдау жұмыстарын талап етеді. Бұл ҚДБ қаржыландыратын жобалардың өте жоғары күрделілігіне байланысты. Даму институтының мамандандырылған бөлімшелері жобаның техникалық бөлігін, маркетингті зерттейді, қаржылық болжамдар жасайды, стресс-тестілеу жүргізеді. Аталған процестің қалай жүргізілетіні және клиенттер мен қаржы секторын күтетін жаңалықтар турасында Қазақстанның Даму Банкінің аналитика блогында 17 жылдық тәжірибесі бар ҚДБ Кредиттік талдау және мәмілелерді құрылымдау департаментінің директоры Жанат Аңсағанова «Курсив» басылымына берген сұхбатында сөз етті.

IMG_5088.jpg

- Отандық негізгі даму институттарының бірі – Қазақстанның Даму Банкінің талдау жұмысы қалай жүргізіледі? ҚДБ-ның қандай маңызды ашқан жаңалықтары, зерттеулері мен ұсыныстары Банк ішіндегі, сондай-ақ елдің қаржы саласындағы бизнес-процестерді өзгертті?

- Банктің бизнес-процестеріне айтарлықтай әсер еткен зерттеу жұмысы емес екенін пайымдаймын. Банк үшін мұндай «жаңалық ашу» ретінде, егер оны бизнес-процестерге, нормативтік актілерге әсер еткен деп атауға болатын болса, әлемдегі және әлемдік экономиканың бір бөлігі ретінде Қазақстандағы нақты экономикалық жағдайды айтуға болады.

Даму банкі өзінің 20 жылға толарлық қызметінде мемлекетпен бірге бірқатар экономикалық дағдарысты өткерді. Бұл 2009 және 2015 жылдардағы дағдарыс, коронавирустық пандемияға және басқа да факторларға байланысты өндірістік және маркетингтік тізбектердің бұзылуынан және сұраныстың төмендеуінен туындаған қазіргі дағдарыс. Алайда, жинақталған күрделі тәжірибе қазір ҚДБ-ға сыртқы ортаның сын-қатерлеріне тез әрекет етуге, қалыптасқан экономикалық жағдайды ескере отырып, екі тарап үшін де қолайлы кредиттік жағдайлар жасауға, сондай-ақ жобалардың проблемаларын және әкімшілік және қаржылық ынталандырудың қажетті шараларын ел үкіметінің деңгейіне жеткізе отырып, өз қарыз алушыларын қолдауға мүмкіндік береді.

- Жобаларды талдау барысында кездескен қызықты мәмілелер туралы айтып берсеңіз?

- Мен үшін мәмілелердің әрқайсысы өзінше қызықты. Кейде мәмілені құрылымдау неғұрлым қиын болса, соғұрлым қызықты болады. Маған соңғы уақытта банк портфелінде «жасыл» технологиялар деп аталатын жаңартылатын энергия көздері объектілерін салу жобалары пайда болғаны ұнайды. Бұл жобаларда кредиттік тәуекелдікті жабу көзі тек болашақ ақша ағындары болып табылатын ҚДБ-ның «жобалық қаржыландыру» құралы қолданылады. Сондай-ақ, біз қазір Bank & Bank 2 Client деп аталатын жаңа қаржы құралын енгізуді жоспарлап отырмыз. Яғни біздің Даму банкі Екінші деңгейдегі банктермен (ЕДБ) бірлесіп жобаны қаржыландырады немесе ЕДБ-ға жоба бойынша кепілдік береді. Осылайша ҚДБ инвестициялық жобаларды ЕДБ тарапынан ұзақ мерзімді қаржыландыруды дамытуды ынталандырады, олар үшін – құрылысты аяқтау және жоспарлы өндірістік көрсеткіштерге шығу сәтіне дейінгі тәуекелдікті барынша азайтады.

- Жобаны талдау кезінде қандай қиындықтарға тап болуыңыз мүмкін, өйткені Даму банкінің жобалары күрделі және капиталды қажет етеді және жобаның көптеген параметрлерін ескеру қажет: зауыт салу мен білікті жұмысшыларды жалдаудан бастап өнімді сатуға дейін?

- Шынында да, Банктің ерекшелігі оның қатысуымен қаржыландырылатын жобалардың күрделілігі өте жоғары болуында. Инвестициялық жобаларды талдау – бұл талдаудан, жоба менеджментінен, техникалық бөлімінен, маркетингтен, клиенттің алдыңғы қызметінің тәжірибесінен және жобаның қаржылық болжамынан тұратын күрделі процесс. Сондықтан Даму банкі аталған процесті бір-бірімен тығыз өзара әрекеттесетін үш мамандандырылған бөлімше құрып, құрылымдады. Бұлар техникалық талдау жөніндегі және жобалар бойынша сатып алу мамандары, салалық талдау мамандары және кредиттік аналитиктер. Соңғылары жобаның барлық ақпараттық көріністі біріктіреді, жоба бойынша ақша ағындарын модельдейді, стресс-тестілеуді жүзеге асырады, нәтижесінде қаржыландыру талаптарын және мәміле бойынша басқа да талаптарды қалыптастырады.

Бұл ретте ҚДБ аналитиктерінің саны өте шектеулі, ал жобалар бойынша қызмет түрлері – алуан түрлі. Ааналитиктер олардың барлығында кәсіби білікті бола алмайды. Сондықтан, жобаны қараудың соңғы кезеңінде клиент талдау үшін өте маңызды екі құжатты әкелуі тиіс: жобаның техникалық және маркетингтік дамуы бойынша тәуелсіз сарапшылардың бағалауы. Қажетті салада мамандандырылған тәуелсіз сарапшылардың міндеті – клиент өз жобасының тиімділігін негіздейтін барлық деректерге объективті баға беру болып табылады, ал бұл өз кезегінде, Банкке түпкілікті қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

2019042920082962218_aziya-trafo-prezentatsiya1.jpg

- Күнделікті жұмысыңызда қандай қазақстандық және шетелдік ресурстарды пайдаланасыз? Қызметін жаңа бастаған аналитиктерге не ұсынар едіңіз?

- Мен 2003 жылы Даму банкіне келген кезде Банк құрылғаннан бері тек 2 жыл өткен және біз әдіснаманы қалыптастыру кезеңінде болдық. Сол жылдары мен, қаржы талдаушылары үшін белгілі бір есептеулер жүргізуге мүмкіндік беретін кең көлемді пайдалы мәліметтер қорын жүргізген және қазір де жүргізетін, оқыту материалдарын, талдау құралдарын жазатын америкалық профессор Асват Дамодаранның сайтын өте белсенді қолдандым. Мен осы ресурсты қызметін жаңа бастаған аналитиктерге ұсынар едім.

Бүгінгі таңда Банкте кредиттік талдау әдіснамасы мен ішкі нормативтік актілердің даму деңгейі өте жоғары, сонымен бірге ол үнемі жетілдіріліп отырады, және аналитикке өте сапалы сараптама жүргізу үшін тек ішкі актілерді басшылыққа алу жеткілікті. Сондай-ақ, Даму банкінде барлық әлемдік биржалардағы және көптеген биржадан тыс нарықтағы ағымдағы және тарихи бағалар бойынша деректермен, жаңалықтар желісімен, әлемдік деңгейдегі листинг компаниялары бойынша экономикалық деректермен, облигациялардың және басқа да бағалы қағаздардың электрондық сауда жүйелерімен деректермен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін Bloomberg ақпараттық жүйесіне қолжетімділік бар.

Сонымен қатар, аналитикке кейде қысқа мерзім ішінде клиент қызметінің немесе оның болашақ жобасының бұрын зерттелмеген ерекшелігін түсіну қажет болған жағдайда әртүрлі сенімді мамандандырылған салалық дереккөздер пайдалы болуы мүмкін. Мысалы, Fitch Solutions Group Limited, ARGUS, metalexpert, chem-courier және басқа да ақпараттық платформалар.

- Жобаларды талдау кезінде қандай қиындықтар туындауы мүмкін?

-Көп жылдық тәжірибемде, Банктің жобаларын қарау үшін қажет етілетін кешенді терең талдаумен үлкен көлемдегі ақпаратты зерттеуге және құрылымдауға бейім және, әдетте, қызметтің осы түрін жақсы көретін немесе, кем дегенде, басқа қызмет түрлерінен артық көретін адамдар ғана айналыса алатынын байқадым. Сондықтан, жоба бойынша көлемді материал ұсынылса да, бұл ҚДБ аналитигі үшін қиындық тудырмайды.

Қиындықтар жоба бойынша шектеулі ақпарат болған кезде немесе ақпаратта қарама-қайшы мәліметтер болған кезде орын алады. Ақпараттың шектеулі болуы жағдайында аналитик жоба бойынша консервативтік жорамалдар жасайды және нәтижесінде жобаның бастамашысына мәміле құрылымы бойынша тиімсіз шарттар ұсынылуы мүмкін.

Сондықтан Даму Банкіне жүгінуді жоспарлап отырған жоба бастамашыларына, жобаны мұқият пысықтау, клиенттің Банкпен ынтымақтастық пен өзара іс-қимылға ашықтығы, сондай-ақ жоба бойынша ҚДБ мәселелерін жедел пысықтауға дайындығы жобаны жүзеге асыру үшін барынша оңтайлы шарттармен қаржыландыру туралы оң шешім алудың кепілі болып табылатынын айтқым келеді.

- ҚДБ-ның уақыт ағымына сай және халықаралық компаниялардың стандарттарына сәйкес келе жатқаны қуантады. Әріптестеріңіздің кәсіби және тұлғалық өсуін қалай ынталандырасыз? Қандай іс-шараларға жиі қатысасыз және қандай ұйымдармен тығыз жұмыс жасайсыздар?

-Ең алдымен, адамның өзі кәсіби және тұлғалық өсуге мүдделі болуы керек деп есептеймін. Ұмтылыс болса, Банкте мұндай мамандардың дамуына мүмкіндік зор. Жақсы дағдылар алған білімнің үнемі іс жүзінде қолданыуы нәтижесінде қалыптасатыны көптеп дәлелденген. Біз командамызға экономика және қаржы, қаржылық модельдеу саласында жақсы іргелі білімі бар кәсіби және тұлғалық өсуге ынталы қызметкерлерді таңдаймыз. Біздің командада «Болашақ» бағдарламасының түлектері көп, Қазақстан Президентінің кадрлық резервінің мамандары да бар. Даму банкінің жобаларын қарау тәжірибесінен олар болашақта үлкен сұранысқа ие болуы мүмкін бірегей тәжірибеге ие болады. Біздің мамандар еңбек нарығында жақсы сұранысқа ие екенін атап өткен жөн. Сондай-ақ, қызметкерлерді дамыту үшін бізде білім беруге арналған оқыту бағдарламалары ұйымдастырылады. Банк жауапты және прогрессивті жұмыс беруші ретінде біздің сұраныстарымыз бойынша корпоративтік оқытуды ұйымдастыра отырып, өз кадрларын кәсіби дамытуға үлесін қосады.

Сыртқы іс-шараларға қатысты ҚДБ аналитиктері, әдетте, мүмкіндігінше мамандандырылған салалық конференцияларға, сондай-ақ даму институттарының іс-шараларына және іскерлік форумдарға қатысады.

- ҚДБ-ның жақын болашақтағы дамуын қалай көресіз? Банк қандай жаңа қызметтерді дамытатын болады? Мәселен, халықаралық даму банктері жобаларды қаржыландыру бойынша негізгі қызметін жалғастыра отырып, ақылы кеңес беру қызметтерін көрсетеді. ҚДБ даму институты ретінде қосымша консалтингтік қызметтерді ұсынуы мүмкін бе?

-Банктің басқа қызметтері ретінде консалтингтік және білім беру қызметтері ұсынылуы мүмкін. Даму банкінде ұзақ мерзімді жобалар қаржыландырылған жылдар үшін табысты жобалары бойынша да, іске асырылған тәуекелдері бар жобалары бойынша да жоба бастамашыларымен бөлісе алатын айтарлықтай тәжірибе жинақталған. Көрсетілген қызмет түрлерін нақты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Банк қызметінің түрлерін кеңейту бойынша ұсыныстар енгізілген.

Талдау бөлімшесінің әзірлемесінде «бастапқы кеңесші» деп аталатын тұжырымдама бар, ол ҚДБ қарауына келіп түсетін құжаттаманы жобалау алдындағы дайындауға және нығайтуға бағытталған. Аталған тұжырымдаманы жүзеге асыру үшін пысықталуы қажет белгілі бір ресурстық және басқа да шектеулер бар.

Бұл ретте, бүгінгі күні Қазақстанда, соның ішінде біздің Банк бастамашылық еткен сұраныс есебінен қалыптасқан консалтингтік қызметтер нарығы айтарлықтай дамыған. Жобаларды қарау кезінде техникалық және маркетингтік зерттеулерге мамандандырылған тәуелсіз сарапшылардың бағалауын ұсыну қажеттілігі туралы жоғарыда айтқан болатынмын. Біз бұдан әрі де осындай тәуелсіз мамандандырылған сарапшылардың пікірін алуды жалғастырғымыз келеді. Және "бастапқы кеңесші" тұжырымдамамыз мамандандырылған консалтингтік компаниялармен одан әрі өзара іс-қимылды көздейді.

Мен, Даму банкін ұзақ мерзімді жобаларға бағытталған, және осындай жобаларды құрылымдауда тәжірибесі бар бизнес-қауымдастық үшін ашық қаржы институты ретінде көремін. Банктің әрекет етуші және әлеуетті клиенттеріне арналған жалпы іс-шара аясында жобаларды талдау тәсілдерін және жобаның пысықталу деңгейінің қаржыландырудың соңғы шарттарына әсерін түсіндіретін мастер-класс өткізу жоспарымызда бар.

- Сіздің ойыңызша, бүгінгі таңда консалтинг және нарықты талдау индустриясы қалай өзгеруде? Отандық консалтингтік индустрияның шетелдік нарыққа шығуға және халықаралық компаниялармен бәсекелесуге мүмкіндігі бар ма? Мысалы, елімізде McKinsey, BCG, үлкен төрттік, халықаралық ұйымдар, сондай-ақ қазақстандық жеке консалтингтік компаниялар жұмыс істейді. Мемлекетімізде талдау қызметтерін экспорттау перспективалары бар ма?

- Қазақстандағы консалтинг және нарықты талдау индустриясы соңғы жылдары біраз нығайды деуге болады. Егер бұрын үлкен төрттіктің компаниялары мен халықаралық компаниялар өкілдіктерінің консалтингтік қызметтер көрсетуі басым болса, қазір үздік әлемдік стандарттарға негізделген әдістемесі бар, тәуелсіз сараптаманың тексерілген сапасы бар отандық консалтингтік компаниялардың қызметтеріне сұраныс артып келеді. Алайда, менің ойымша, отандық компаниялар халықаралық компаниялармен тең дәрежеде бәсекелеседі деп айтуға ерте. Баға саясаты бойынша, әрине, отандық компаниялардың артықшылығы басым. Бұл ретте халықаралық беделдің, халықаралық тәжірибені консалтингтік қызметтер көрсету мәніне ауыстыру мүмкіндігінің жоқтығынан таңдау олардың пайдасына болмауы мүмкін. Дегенмен, отандық компаниялардың консалтингтік қызметтерінің бірлі-жарым экспорты қазірдің өзінде мүмкін деп есептеймін, бірақ тар шеңберде мамандандырылған инжинирингтік қызметтер үшін ғана. Біздің Банктің кредит портфелінде тау-кен байыту кешені кәсіпорындарын жобалау мен салуда, JORK стандарттары бойынша қорларды есептеуде және т.б. құзыреттерге ие осындай қызмет түрлерін экспорттауды табысты жүзеге асыратын компания бар.

- Қазіргі уақытта нарықта консалтингтік компаниялар өте көп. Көптеген ұйымдарда талдаумен айналысатын құрылымдық бөлімшелер жоқ. ҚДБ-да әрдайым нарықты талдайтын, жобаларды бақылайтын және трендтерді болжайтын бөлімшелер болған. Консалтинг және зерттеу саласындағы сарапшылардың болуы қаншалықты маңызды?

- ҚДБ-да арнайы талдау бөлімшелерінің болуы – оның негізгі қызметінің ерекшелігі – жобаларды қаржыландыру үшін сөзсіз қажеттілік. Жобаны қаржыландыру туралы шешім қабылдаған кезде нақты жобаның, байланысты болуы мүмкін салаларды жүзеге асыру саласының ұзақ мерзімді трендтері мен даму тенденцияларын түсіну маңызды. Бұл үшін, атап өткенімдей, біз қолжетімді немесе мамандандырылған ақпарат көздерін, сондай-ақ Банктің қарауына келіп түсетін жобалар бойынша тәуелсіз мамандандырылған консалтингтік компаниялардың сараптамалық пікірлерін пайдаланамыз. Олардың негізінде Банк қызметкерлері өздерінің аналитикалық құзыреттерін қолдана отырып, Банкке шешім қабылдауға, мәмілелер құрылымының шарттарына негізі болып табылатын пайымдаулар мен тұжырымдар жасайды. Яғни, жобаларды жан-жақты талдауды жүзеге асыра отырып және жобалық тәуекелдерді азайту тәсілдері бар жобаны іске асырудың өз шарттарын ұсына отырып, біз іс жүзінде зерттеу жұмыстарын, сондай-ақ біздің клиенттеріміз үшін қандай да бір дәрежеде консалтингтік жұмыстар жүргіземіз. Сондықтан бізге үлкен көлемдегі деректермен жұмыс істей алатын және зерттеу периметрі бойынша көзқарас қалыптастыра алатын аналитиктер командасының болуы өте маңызды. Құзыретімізді, жобаларды талдау және құрылымдау тәжірибемізді инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы саланы дамытуға мүдделі барлық іскерлік қауымдастыққа таратуды қалаймыз және мақсат етеміз.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79