• kz

Пандемия кедергі емес. AsiaTrafo Тәжікстан нарығына шығады

photo5372957723580280940.jpg

Коронавирустық пандемияға байланысты елде және әлемде болып жатқан оқиғаларға қарамастан, зауыттың өнімдері тек ішкі нарықта ғана емес, сонымен қатар шетелде де сұранысқа ие. Шығарылатын трансформаторлар жоғары кернеуді 35 кВ-қа дейін, содан кейін 6 немесе 10 кВ-қа дейін және одан әрі тұтынушыға таныс 220 В-қа дейін төмендетеді. Осы кезеңде зауыт Қазақстанның ішкі нарығына 60 дана трансформатор дайындады. Зауыт өнімдері Түркістан облысында, сондай-ақ Шымкент, Павлодар, Өскемен, Қарағанды, Атырау және Нұр-сұлтан қалаларында орнатылған.

«Asia Trafo» ЖШС-тің бас компаниясы «Alageum Electric» МК жылдан жылға өнімнің 40% - ын немесе қоса алғанда110 кВ дейінгі трансформаторлық жабдықтың 15 000 данасын ТМД нарығына, соның ішінде Тәжікстанға тұрақты түрде жеткізіп келеді. «Asia Trafo» ЖШС – жылына 120 жоғары қуатты трансформатор шығаруға қабілетті Орта Азиядағы ең ірі трансформатор зауыты. Республика үшін бірегей зауыттың құрылысы 2017 жылы басталып, 2019 жылы жергілікті халықты 220 адамға арналған жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін зауыт іске қосылды.

рабочие 1.jpg

Трансформатор зауыты «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-тың («Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы, бұдан әрі – ҚДБ) қаржылық қолдауымен салынды. ҚДБ зауыт салу үшін «Asia Trafo» ЖШС-қа кредит желісін ашты, ал ҚДБ-ның еншілес ұйымы «ҚДБ-Лизинг» АҚ заманауи технологиялық жабдықтарды сатып алуды қаржыландырды. Жобаның жалпы құны 19,1 млрд теңгені, ҚДБ-ның қатысуы – 8,6 млрд теңгені, «ҚДБ – Лизинг» АҚ-тың қатысуы – 4,7 млрд теңгені құрады. Жоба Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылуда.

Зауыттың негізгі шығарылатын өнімдері – қуаттылығы 500 МВА дейінгі 110, 220, 500, 750 кВ кернеулі класты қуаттық майлы трансформаторлар мен автотрансформаторлар, сондай-ақ реакторлар болып табылады. Кәсіпорынның өнімдері өзінің бірегей патенттелген технологиялары бойынша шығарылады.

Қазіргі уақытта ТМД-ның басқа елдеріне экспорт үлесін арттыру бойынша жеткізу мәселесі пысықталуда. Тәжікстанға трансформаторды ағымдағы жылдың қазан айында жөнелту жоспарланған.

кккк.jpg

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79