• kz

Баспасөз хабарламалары

Қазақстан нарықтың мұнай өнімдеріне қажеттілігін толығымен қанағаттандырады

2020 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығындағы қорытындысы бойынша 7,4 млн тонна мұнай өнімдері өндірілді. Соның ішінде: автобензин өндірісі 2,8 млн тоннаны, дизель отыны - 3 млн тоннаны, авиациялық отын — 277 мың тоннаны, мазут - 1,3 млн тоннаны және битум - 675 мың тоннаны құрады. Жыл соңына дейін өндіріс көлемін 11,6 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Бүгінгі күні ішкі нарықтағы ЖЖМ-нің негізгі түрлеріне сұраныс толығымен отандық МӨЗ-дің меншікті өндірістік қуаттарымен жабылады. Соңғы жылдары ішкі нарықтағы мұнай өнімдерінің тапшылығын жою және отынның импорттық жеткізіліміне тәуелділікті төмендету мақсатында МӨЗ-ді ауқымды жаңғырту жүзеге асырылды. 2018-2019 жылдары қазақстандық үш негізгі МӨЗ-ді жаңғырту толығымен аяқталды.

Атырау, Шымкент және Павлодардағы үш салалық МӨЗ-ді жаңғырту және қайта жаңарту 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, негізінен Қазақстанның Даму Банкінің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

«Қазақстанның Даму Банкі ұлттық даму институты ретінде шикізаттық емес бағыттағы салаларды дамытуға елеулі үлес қосады, мұнай өңдеу саласы Банктің басым салаларының қатарына кіреді. Мұнай өңдеу саласындағы жобаларды қаржыландыруға Даму банкі бағыттаған кредиттік қаражаттың жиынтық көлемі шамамен 2,8 млрд АҚШ долларын құрайды.» - деп ҚДБ Клиенттермен жұмыс істеу жөніндегі дирекциясының аға банкирі Серік Ахметов атап өтті.

Ахметов Серик.jpg

Атырау мұнай өңдеу зауытын қаржыландыру өнімділікті арттыруға, сондай-ақ хош иісті көмірсутектер (бензол және параксилол) шығаратын зауыт базасында жаңа кешен салуға бағытталды.

АНПЗ.jpg

Шығарылатын өнімнің сапасын жақсарту және К4 (бензин) және К5 (дизель отыны) экологиялық сыныптамалары талаптарының деңгейіне жеткізу үшін Павлодар мұнай-химия зауытына ұзақ мерзімді кредит берілді.

24. Павлодарский нефтехимический завод 2.jpg

Шымкент МӨЗ-ді (бұдан әрі – ШМӨЗ) жаңғырту және қайта жаңарту мақсаты шикізатты қайта өңдеу бойынша зауыттың қуатын жылына 6,0 млн.тонна деңгейіне дейін және қайта өңдеу тереңдігін 90%-ға дейін ұлғайту, сондай-ақ К-4 және К-5 стандарттарына сәйкес өнім өндіру болып табылады.

52. ПетроКазахстан Ойл Продактс 3.jpg

Үш негізгі отандық МӨЗ-ден басқа, Даму банкі ашық түсті мұнай өнімдерін өндіру көлемін ұлғайту және кәсіпорын өнімдерінің ассортиментін кеңейту үшін «Конденсат» АҚ мұнай өңдеу зауытының қуатын арттыру бойынша жобаны қаржыландырды, бұл зауытқа ірі МӨЗ тізбесіне қосылуға мүмкіндік берген болатын.

26. Кондесат 3.jpg

Банктің қарауында көмірсутегі шикізатын одан әрі қайта бөлуге, елде мұнайгазхимия өндірістерін дамытуға және құруға бағытталған инвестициялық жобалар бар екенін атап өткен жөн. Осылайша, Банк «Шымкент химия компаниясы» ЖШС-тің (бұдан әрі - ШХК) Шымкент қаласында құрылысын 2021 жылдың басында аяқтау жоспарланған метил-трет-бутил эфирін өндіру зауытын салу бойынша жобасын қаржыландырды. Жобаның мақсаты мұнай-химия шикізатын (ШМӨЗ-ді жаңғырту шеңберінде ШМӨЗ-де қайта өңдеу процесінде алынатын бутан–бутилен фракциясы) қайта өңдеу тереңдігін ұлғайту есебінен Қазақстанның мұнай-химия саласын дамыту болып табылады. ШХК зауытында бутан–бутилен фракциясын одан әрі қайта өңдеу бутил эфирінің метил-трет өндірісін ұйымдастыруға мүмкіндік береді, оны ШМӨЗ К4 және К5 экологиялық сыныптамалы жоғары октанды бензиндерді өндіру үшін пайдаланатын болады.

Шымкентская химическая компания.jpg

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79