• kz

Марсия Элизабет Фавале: Корпоративтік сектордағы қазақстандық әйелдің рөлі

Марсия Элизабет Фавале: Корпоративтік сектордағы қазақстандық әйелдің рөлі

Сыртқы сарапшы және Қазақстанда көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар әйел ретінде Сіздің корпоративтік сектордағы әйелдің рөлі туралы пікіріңіз бен түсінігіңіз қалыптасқан болуы керек. Тәжірибеңіз және түйгендеріңіз жөнінде айтып берсеңіз?

- Мен көп жылдар бойы таныс болған барлық қазақстандық әйелдер білімді, өз ісіне адал және кәсіпқой. Жұмыс беруші мен адами капитал тұрғысынан алғанда, қоғамның ерлерге қатысты көзқарасы сияықты, қазақстандық әйелдерді жұмысқа алуда және олардың өсуін тәлімгерлік пен мүмкіндіктер арқылы қолдау қажеттілігінде күмән болмауы тиіс. Әйелдерге қатысты кертартпа пікірлер бар екенін білемін, өйткені кейбір жұмыс берушілер неке мен балаларға байланысты әйелдерді қызметке алу дұрыс емес таңдау болуы мүмкін деп санайды. Әйелдер жоғары басшылық лауазымдарға ие болмауы керек деп санайтын жұмыс берушілер, зерттеулер компаниядағы гендерлік әртүрлілік оның өнімділігі мен кірісін арттыратынын дәлелдегенін білгені жөн. Мен жалпы мемлекет және барлық аймақтар бойынша баға бере алмаймын, бірақ Даму банкіндегі көрініс мені қатты қуантады. Біз әйелдерді насихаттаймыз және гендерге тәуелсіз, қызметкердің мансаптық өсуін қолдауды жалғастырамыз. Мен ҚДБ-да жұмыс істеген барлық басқарма төрағалары – Болат Жәмішев мырза мен Абай Сарқұлов мырза басшылықта әйелдерді қолдайды. Бәйтерек холдингінің бұрынғы басшысы Ерболат Досаев мырза мен қазіргі Айдар Арифханов мырза да әйелдерді қолдайды. Жұмыс күшінің көп бөлігін әйелдердің құрайтындығы туралы статистикалық мәліметтерді көрсету жеткіліксіз. Көптеген компаниялар өз қызметкерлерінің 50 пайыздан астамы әйелдер деп айта алады, бірақ олардың қаншасы іс жүзінде билікке ие және іс жүзінде шешім қабылдайды? Мен, білікті әйелдерді жоғары лауазымдарға жылжыту туралы өзімнің ұсыныстарыма және басқа тәуелсіз директорлардың ұсыныстарына ешқашан кедергі жасамайтын мекемеде жұмыс істеймін деп толық сеніммен айта аламын. ҚДБ Директорлар кеңесіндегі жұмысым кезінде біз, комплаенс қызметінің басшысы етіп – Алма Аймурзинаны тағайындадық, ол тікелей Кеңеске және комитеттерге есеп береді. Аудит қызметінің бастығы – тікелей Кеңеске және басқа комитеттерге есеп беретін – Бақыт Жүсіпбекова, Басқарма төрағасының тәуекелдіктер жөніндегі орынбасары – Сандуғаш Кенжебаева, ал тәуекелдіктер банкті басқарудың өте маңызды бөлігі болып табылады, Ботагөз Әбішева – инвестицияларды тартуға жауапты және табысты халықаралық эталон жасай отырып, Банк облигацияларының табысты шығарылымына басшылық еткен Басқарушы директор болып табылады. Банктің корпоративтік хатшысы да әйел қызметкер – Айман Қасенова. Бұл әйелдер тек әйел қызметкерлер үшін ғана емес, ер қызметкерлер үшін де үлгі болып табылады. Жас және тәжірибелі ер адамдардың басшылық лауазымдардағы әйел қызметкерлермен жұмыс істеуге дағдылануы маңызды.

WomenEmpowerment: The Role of Kazakh Woman in Corporate World

HR-департаментінің ақпараты бойынша, бүгінде ҚДБ- да 223 адам жұмыс істейді, оның 52%- ы- әйел қызметкерлер. Егер гендерлік тұрғыдан қарайтын болсақ, онда басшылық лауазымдардың жалпы санының 58%-ын әйелдер алады. Яғни, басқармалар, департаменттер басшыларынан бастап басқарма мен Директорлар кеңесіне дейінгі лауазымдарда – Банктің әрбір деңгейінде 38 басшы әйел жұмыс істейді. Сондықтан, ҚДБ бұл мәселеде айтарлықтай көрсеткіш және үлгі аларлық мысал деп есептеймін. Жақында кадрлар бөлімі, кадрларды әрбір іріктеу кезінде мамандануына қарамастан әйелдерді кандидаттар тізіміне қосуға міндетті. Бұл жағдайда біз дұрыс шешім қабылдау үшін таңдауымыз бар екенін түсінеміз. Сондай-ақ қазақстандық әйелдерді атап өткім келеді, олар ерекше жұмыс стиліне және өзіндік көшбасшылық қасиеттеріне ие. Табанды және ниеттері берік, және бұл ретте ерлердің мінез-құлықтарын қайталамайды. Сондай-ақ, мен әйелдерді ер адамдар сияқты кәсіби бағалау керек деген мифтен арылғым келеді. Әйелдер мінез-құлқымен және мәнерлерімен әр түрлі болуы мүмкін немесе өзгеше жұмыс стилі мен көшбасшылық қасиеттеріне ие болуы мүмкін. Оксфорд университетінде көшбасшылық бойынша онлайн-курс бар, онда мен, ерлерге және әйелдерге әйелдердің шынайы көшбасшылығының маңыздылығы туралы айтамын. Әйелдер әйелдер сияқты әрекет етуі керек және оларды ерлердің әдеттеріне еліктеуге мәжбүрлеуге болмайды. Әйел ер адамға еруі керек немесе ер адам әйелдің ер адамға еліктемеуінен оны жұмыстан шығаруы керек деген идеяның ескіргені қашан.

Сіз өзіңіз кәсіпкер болып табыласыз, кадрларды әртараптандыру компанияның өнімділігіне қалай әсер етеді?

- Кадрларды әртараптандыру кезінде өнімділіктің артатындығы бірнеше рет ғылыми дәлелденген. Егер сіз өзіңіз сияқты ойлайтын адамдарды жұмысқа алсаңыз, онда сіздің көзқарасыныңыз өте шектеулі. Басшылықтағы адамдар неғұрлым әртүрлі және көшбасшы болуға дайын адамдар көп болса, дағдылар жиынтығы соғұрлым алуан, өнімділік жоғарырақ және нәтижелер тұрақты болады. Пандемия барлығы бейнеконференция арқылы өте жақсы жұмыс істейтінін көрсетті. Әйел қызметкерге жұмыс істеуіне балалары және отбасына қамқорлығы кедергі келтіреді деген ескі пікірлерге негіз жоқ. Тағы бір мәселе бар, әйелдерге де, ерлерге де сенімділік жетіспейді. Менің ойымша, мектепте, университетте және отбасында есті тәуекелшіл болудың маңыздылығы туралы айту керек. Адамдарға, егер олар жүз пайыз сенімді болмаса да, әрекет етуге мүмкіндік беру маңызды. Компания қызметкерлердің дамуына қолдау танытқан кезде және адамдар бір нәрсені дұрыс істеп жатқанын ұғынғанда, олар жетістіктерімен шектелмей, тек алға ұмтылатын болады. Бұл адамдардың санасын өзгертеді.

Сіз, бұл пандемия топ-менеджмент пен олардың қызметкерлері арасындағы ынтымақтастық пен қарым-қатынас тәсілдерін өзгертеді деп ойлайсыз ба?

- ҚДБ-мен қашықтан жұмыс істей отырып, мен кәсібиліктің жоғары стандарттарын көріп отырмын. Қызметкерлер де дайын және ынталы, ақпарат пен пікірталастар терең, аналитика мен сауалнамалар жеке кездесулердегідей. Егер біз бір мәселемен келісетін болсақ немесе келіспейтін болсақ та, кәсібилік деңгейі өте жоғары. Алқалылық керемет. Біз өз жұмысымызды тиісінше жалғастыра береміз деп сенеміз. Бұл жерде сенім мәселесі маңызды. Қол астындағыларды тек техникалық тапсырмаларды орындау үшін қажет роботтар деп санайтын менеджер мен өз қызметкерлерінде кәсіби мамандарды көретін жұмыс беруші арасында айырмашылық бар. Егер сіз кәсіпқой болсаңыз және сіздің командаңыз кәсіби болса және табысқа ұмтылысы үшін ынталандырылса, сізге микроменеджмент қажет емес. Егер сіз жұмысқа кәсіби емес қызметкерді қабылдасаңыз, ол жұмысын атқара алмайды. Егер басшы өз командасын қызметінде кәсіпкер ретінде ойлауға және ұжымдасып әрекет етуге баулыса, онда сізге тиімсіз басқарумен жұмыс істеу қажет болмайды.

Сіздің ойыңызша, қашықтан жұмыс істеу ортасы адамдардың жұмыс сапасына қалай әсер етеді?

- Біз қазір пандемиялық және психологиялық қысымның ортасындамыз. Біреудің жақындары ауырып қалуы мүмкін, бұның эмоционалды жағы бар, сондықтан босаңсу өте қиын. Басшылар мұны түсінуі керек. Қызметкер қашықтан жұмыс істеу ортасында офистегі сияқты жауапкершілікпен және адал әрекет етеді. Кәсіби маман жағдайға қарамастан кәсіби. Мақсатқа ұмтылған адам оны әрдайым орындайды. Бұл жағдайға қыңжылған адамдар бар, ал пандемиямен берілген мүмкіндікті пайдаланып, онлайн курстар арқылы дағдыларын жетілдіріп, өз мүмкіндіктерін арттырғандар да бар. Мүмкіндік – бұл контекстке қарамастан, ақыл-ой және таңдау жайы. Көптеген адамдар, соның ішінде мен де онлайн курстарға қатысып, әлі де дағдыларды дамытуға тырысып жатырмыз, ал кейбіреулері керісінше. Менеджментке келетін болсақ, компаниялар, мекемелер мен менеджерлер үшін психологиялық тұрғыдан қауіпсіз орта құру өте маңызды. Менің ойымша, өз қызметкерлерін бағыныштылар ретінде емес, ең алдымен адам ретінде қарастыру керек. Сонымен қатар, олар үшін психотерапевт болуға тырыспау керек. Психологиялық қауіпсіздік – бұл адамдар өздерін жайлы сезінетін, идеялар ұсына алатын орта құру. Егер сіздің лауазымыңыз төмен бола тұра сізде керемет идея болса, бұл идеяны есту үшін менеджер қолжетімді болуы керек, әйтпесе менеджер өз ұйымын басқара алмайды және менеджер ретінде сәтсіздікке ұшырайды. Керемет идея кез-келген жерден және кез-келген адамнан келуі мүмкін. Бұл өте маңызды. Әлем бір орында тұрмайды, гендерлік аспектілерге, қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы өзара қарым-қатынастарға қатысты барлық стереотиптер мен көзқарастар әлеммен бірге шапшаң өзгеруде. Пандемия және оның салдары бұл процесті тездетеді. Мен, баласы және тізесінде ноутбугі бар әйел сіздің компанияңызды былғары орындықта отырған галстуктегі ер адамнан кем емес жетістікке жеткізе алатынын сенімен айта аламын.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79