Банк развития Казахстана
  • kz

ҚДБ пандемия аясында жаңа стратегиялық бастамаларды қарастырды.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ, «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) өкілдері COVID -19 пандемиясы салдарынан туындаған қатаң дағдарыс жағдайындағы қаржы институты мен оның еншілес құрылымдарының болашағына арналған онлайн кездесу өткізді. Кездесу Банктің Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің, жалғыз акционер өкілдерінің, сондай-ақ еншілес ұйымдардың, атап айтқанда «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-тың қатысуымен онлайн дөңгелек үстел форматында өтті.

20201117_134228.jpg

Коронавирус пандемиясы және оның Қазақстан экономикасына келтіретін залалдары ҚДБ-ны елдің ірі қаржы институты және ірі инфрақұрылымдық және индустриялық жобаларды бағалау мен құрылымдау бойынша жетекші операторы ретіндегі дәрежесін сақтап қалу үшін ұзақ мерзімді даму стратегиясын және ағымдағы бизнес-процестерді қайта қарауға себепші болды. Осылайша, кездесуге қатысушылар алдағы жылдары белсенді дамытуды қажет ететін 5 негізгі бағытты анықтап, талқылады.

Біріншіден, тұрақты даму бағытын сақтай отырып, квазимемлекеттік сектор жобаларын қаржыландыру үлесін азайту және жеке кәсіпкерлікті қолдауды ұлғайту. Кездесуге қатысушылардың пікірінше, мұндай қадам Банкке капиталды бөлу тиімділігін оңтайландыруға, тәуекелдіктерді әртараптандыруға және оның тұрақтылығын нығайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жергілікті дарындар мен жергілікті зияткерлік ресурстарды пайдалану және дамыту арқылы капиталды сапалы бөлуге және адам ресурстарды оңтайландыруға мүмкіндік беретін «тұрақты дамудың бағалау картасын» пайдалану бойынша бастама қолдау тапты. Дағдарыс электрондық денсаулық сақтау, e-коммерция сияқты тиімді жобаларды дамыту, сондай-ақ кепілдіктерді бағалау тәсілін қайта қарау қажеттілігін көрсетті.

«Бүгінгі кездесу – Директорлар кеңесінің мүшелері менеджментке де, еншілес құрылымдарға да ақпаратты жеткізу мүмкіндігіне ие болатын ең үздік корпоративтік тәжірибенің мысалы. Қазақстанның Даму Банкі экономиканы әртараптандырудың тиімді құралы болып табылады. Егер өткен жылдары біз инфрақұрылымдық өзгерістермен айналысқан болсақ, атап айтқанда, отын-энергетика секторымен үлкен проблемалар болған болса, бүгінде мұндай қиындықтар жоқ –мұнай бойынша меншікті әлеуетіміз жеткілікті және серіктестерімізбен бірге елді ақшыл мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз еттік. Біз жаңа стратегия шеңберінде жүзеге асыруды жоспарлап отырған келесі қадам – бұл тұрақты дамуға, ЖЭК-ті қолдауға баса назар аудара отырып, жеке секторды белсенді қаржыландыру. Және бізде осы бағытта ұнамды және табысты кейстер де бар. Сонымен қатар, біз мемлекет басшысының waste to energy бағытын дамыту жөніндегі тапсырмасын назарға алдық және қоқысты қайта өңдеуді қаржыландыру құрылымын пысықтап жатырмыз. Бүгінгі күні АХҚО, Kazakh Invest, ЖАК және Тікелей инвестициялар қоры сияқты құрылымдармен белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді ҚДБ Басқарма төрағасы Абай Сарқұлов.

АС.jpg

Күн тәртібіндегі екінші негізгі бағыт, тұрақты даму шеңберінде тек ерлер ғана емес, әйелдер де, түрлі нәсіл, жас пен физикалық мүмкіндіктер өкілдерін де кіретін таланттардың кең пулын тарту болды. Дөңгелек үстелге қатысушылардың пікірінше, талантты тарту қабілеті – тұрақты дамудың кілті. ҚДБ бұл бағытта үлкен жетістіктерге жетіп, белгілі бір мағынада қалғандары үшін үлгі бола білді, алайда болашақта Банк мұндай инклюзивті күш-жігерді бұрынғыдан да көбірек ілгерілетуі қажет, өйткені олар тұтастай алғанда ҚДБ қызметіне, сондай-ақ атап айтқанда оның халықаралық кредиттік рейтингіне оң әсерін тигізеді. Мысалы, ҚДБ Тәуелсіз директоры Марсия Элизабет Фаваленің мәліметінше, әлемдегі ең ірі инвестициялық банктердің бірі – Goldman Sachs, Директорлар кеңесінде әйелдер жоқ компанияларды IPO-ға қабылдаудан бас тартқан. Осылайша, мұндай күш-жігер «Тұрақты даму бағалау картасының» бір бөлігі болуы тиіс, бұл өз кезегінде шетелдік әріптестермен бірлескен инвестициялар үшін есік ашары хақ.

Үшіншіден, дөңгелек үстелге қатысушылары Қазақстан шынайылығында Банк қызметін жақсарту үшін озық халықаралық тәжірибені және өзекті үздік практикаларды пайдалану қажеттілігін талқылады. Бұл ретте қатысушылар оларды көшірмелеуге болмайды, мұның орнына ҚДБ-ға бейімдей және оларды пәрменді құралдарға аудара отырып, халықаралық озық практиканың, салыстырмалы даму институттары мен халықаралық ұйымдардың саясаттары мен құралдарының каталогын тұрақты және жүйелі негізде жаңартып отыру қажет деген пікірге келді.

стратег сессия 2.png

Цифрландыру мәселесі кездесу аясындағы талқылаудың төртінші тармағына айналды. Қатысушылар бүгінгі күні IT-технологияларды дамыту мәселесі тек сән емес, аса өзекті қажеттілік деген пікірмен бірауыздан келісті. Пандемия, мықты цифрлық мәдениеті бар компаниялар қызметкерлердің өнімділігі мен белсенділігі бойынша айтарлықтай үлкен көрсеткіштерге ие екенін көрсетті, бұл ұжымдық микроөнімді ортаны құруға ықпал ете отырып, сәтсіздіктерді азайтады. Заманауи технологиялар, әсіресе машиналық оқыту қосымшалары ҚДБ-ның жаңартылған стратегиясының бір бөлігі болуы тиіс, өйткені технологиялар – бұл жай ғана тәуекелдіктерді басқарудан да жоғары. Сондай-ақ, Банк бұл идеяны өзінің еншілес ұйымдары арасында, атап айтқанда Өнеркәсіпті дамыту қорында да ілгерілетуі қажет. Бұл ретте коммуникациялық тиімділікті, сондай-ақ өнімділікті оңтайландыруды арттыратын технологияларға ерекше назар аудару керек.

Талқылаудың соңғы тармағы институционалдық білімді және қосылған құнды құру тізбегіне әсер етуді күшейту тетіктерін дамыту қажеттілігі болды. Басқаша айтқанда, қатысушылар қызметкерлерді стратегиялық жалдаудың, институционалдық білімді сақтаудың, сондай-ақ құнды құру тізбегін оқытудың маңыздылығын – осының барлығы Банктің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Осылайша, дөңгелек үстел қатысушылары Банктің 2023 жылға дейінгі жаңартылған мақсаттарының негізіне енгізілетін жаңа стратегиялық бастамалар жобасын әзірледі.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79