• kz

Баспасөз хабарламалары

Химия өнеркәсібі – мемлекетіміздің ғылыми-техникалық прогресінің индикаторы

Алайда, бұл ретте химөнеркәсібінің өзіндік ерекшелігі бар: әлемдік экономикада кезеңмен орын алатын дағдарыстық толқулар химиялық кәсіпорындардың одан да қарқынды дамуын ынталандырады. Шынымен де, ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, өткен жылдың 11 айында қазақстандық экономиканың көптеген салалары пандемия жағдайында қаржылық қиындықтарға тап болған кезде химиялық өндіріс көлемі, керісінше, өсіп, құны 427,2 млрд теңгеге жеткен.

Биыл Қазақстанның Даму Банкіне (ҚДБ, «Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы) 20 жыл, бұл ретте Банктің химия саласындағы қандай жобаларды қолдағаны, химия өнеркәсібін дамытудың циклдік сипаты, оның ерекшеліктері мен перспективалары, сондай-ақ оның шаруашылықтың аса маңызды салаларының бірі болып саналатыны турасында ҚДБ Клиенттермен жұмыс істеу жөніндегі дирекцияның бас банкирі Анна Ярошенко айтады.

ярошенко а..jpg

Коронавирустық пандемия бүкіл әлемге химия саласы негізгі салалардың бірі екенін айқын көрсетті, өйткені ол экономиканың басқа да көптеген негізгі салаларымен тығыз байланыста. Алайда, егер COVID-19 туралы айтатын болсақ, бірқатар ірі химиялық компаниялар «коронадағдарыс» салдарымен күресу үшін қуатын медицинаға бағыттады.

Келісемін, химия өнеркәсібінің экономикадағы және адам өміріндегі рөлін бағаламау қиын. Химия бізбен бірге, химия біздің айналамызда дейді емес пе. Химия өнеркәсібі – экономиканың маңызды секторларының бірі, елдің ғылыми-техникалық прогресінің өзіндік индикаторы. Химия кәсіпорындары металлургия, машина жасау, құрылыс, ауыл шаруашылығы сияқты салаларды шикізат пен материалдармен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар заманауи адамның күнделікті өмірін елестету қиынға соғатын өнімдер шығарады. Химия өнеркәсібінсіз қазіргі заманғы денсаулық сақтаудың барлық құрылымы, сондай-ақ фармацевтика саласы пайдасыз болар еді. Біз Қазақстанда коронавирус пандемиясы аясында жеке қорғаныс құралдарының, оның ішінде антисептикалық және дезинфекциялық құралдардың тапшылығы қалай туындағанын сездік. Антисептиктерге, дезинфекция құралдарына қажеттілік артты. Көптеген компаниялар қайта құрылып, антисептикалық өнімдер шығара бастады.

ҚДБ-ның химия саласындағы барлық жобалары Сіздің тікелей жетекшілігіңізде екенін ескере отырып, өз сарапшылық пікіріңізбен бөліссеңіз. Еліміздің және жалпы әлемнің химия саласы қазіргі уақытта қандай қиындықтарға тап болуда?

2020 жылы химия саласы covid-19 пандемиясына байланысты дүниежүзілік дағдарыстан тыс қалмады. Пандемияның салдарын гигиеналық және антисептикалық өнімдер мен ауылшаруашылығына арналған химиялық өнімдерді шығарумен байланысты секторларды қоспағанда, химия өнеркәсібінің барлық сегменттері сезінді. Осыған байланысты химия өнеркәсібінің бір ерекшелігі пайда болды – әлемдік экономикада кезеңмен орын алатын дағдарыс химиялық кәсіпорындардың қарқынды дамуына түрткі болды. Қазақстандық химия нарығы да пандемияның салдарын сезінді, бірақ дағдарысқа қарамастан, сала сенімді өсімді көрсетті. Осылайша, өткен жылдың 7 айында азот және фосфор тыңайтқыштарының өндірісі ең үлкен серпінді көрсетті. Банк өз кезегінде жобаларға тұрақты негізде мониторинг жүргізеді, қиындықтар туындаған жағдайда қолдау көрсету мүмкіндіктерін қарастырады және бүгінгі күні біз барлық кәсіпорындар карантиндік шектеулерді сәтті еңсеріп, өндірістің бұрынғы көлемдерін өсіріп жатыр деп қуана айта аламыз.

Даму Банкі қаржыландыратын жобалар химия саласының қандай өнімдерін шығарады?

Химия өнеркәсібі Банктің кредит портфелінің құрылымындағы жалпы үлестің 3% - ын алады, бұл мұнай секторына, өнеркәсіптік өндіріске, энергетика мен ақпаратқа қарағанда төмен, бірақ бұл ауылшаруашылық тұтынушыларын тыңайтқыштармен қамтамасыз етуге бағытталған өнімдерді, сондай-ақ басқа салаларда қолданылатын өнімдерді шығаратын осы индустрияның ірі алыптары. Мысалы, Банк Маңғыстау облысындағы «ҚазАзот» АҚ минералды тыңайтқыштар өндіру зауытын, Павлодар облысындағы каустикалық сода, Жамбыл облысындағы натрий цианидін өндіру зауытын жаңғыртуды қаржыландыруға қатысады. Химия өнеркәсібінің тағы бір флагманы «Қазфосфат» ЖШС экспорттық қаржыландыру бөлігінде Банктен қолдау алады.

«ҚазАзот» АҚ қуаты Қазақстанның ауыл шаруашылығының аммиак селитрасына қажеттілігін толығымен жабатынын атап өту қажет, өз кезегінде аммиакты қазақстандық химиялық компаниялар кеңінен пайдаланады. Қазіргі уақытта ішкі нарыққа өнімнің 60% - ға жуығы жеткізіледі, қалған көлемі жақын және алыс шетелдерге өткізіледі. Каустикалық сода өнеркәсіптің барлық салалары: қара және түсті металлургияда, жеңіл, тамақ өнеркәсібінде, энергетика кәсіпорындарында қолданылып, су дайындау жүйелерінде алмастырылмайтын реагент болып табылады. «Talas Investment Company» ЖШС натрий цианидін қазақстандық алтын өндіруші компаниялар қолданады, ал натрий цианидімен бірге өндірілетін аммоний сульфаты жоғары тиімді минералды тыңайтқыш болып табылады. «Қазфосфат» ЖШС компаниясының өнімдері әртүрлі салаларда: сары фосфор және оны қайта өңдеу өнімдері өсімдіктерді қорғау құралдарын, инсектицидтерді, өрт сөндіру құралдарын, пластификаторларды, металл беттерін және жартылай өткізгіштерді өңдеуге арналған құралдарды өндіруде кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, өнімдер тағамдық қоспаларда (фосфор қышқылының тұздары), жуғыш заттар мен жеке гигиена құралдарында, ауыл шаруашылығындағы тыңайтқыштарда, жануарлар мен құс шаруашылығындағы жемшөп фосфаттарында қолданылады. Аталған кәсіпорындарда жаңа жобалардың арқасында 1 040 жұмыс орны құрылды.

ҚДБ өтелімділігі жоғары және жылдам ROI жобаларына қарағанда ұзағырақ болуы мүмкін салаларды қаржыландыратыны белгілі. Химия саласындағы жобаның инвестициялық тартымдылығын қалай анықтайсыздар?

Қазақстанның жалпы экономикасындағы химия өнеркәсібінің үлесі өте аз, құндық мәнде шамамен 1,5% - ды құрайды және біздің міндетіміз ҚДБ кредиттік қоржынындағы химиялық жобалардың санын ұлғайта отырып, осы үлестің ұлғаюына жәрдемдесу. Химия өнеркәсібі капиталды көп қажет ететін салалардың бірі, сондықтан ірі кәсіпорындар үшін төмен пайыздық мөлшерлемелермен ұзақ мерзімді кредиттеу қажет. Даму банкінің тауашасы Екінші деңгейдегі банктердің тауашасынан өзгеше. ҚДБ инвестициялардың өтелімділігінің ұзақ мерзімі 20 жылға дейінгі жобаларды қаржыландырады, біз «нөлден бастап» жүзеге асырылатын ұзақ мерзімді жобаларды ғана емес, сондай-ақ үлкен әлеуметтік-экономикалық әсері бар жобаларды да қаржыландыруға маманданамыз. Даму банкі ел үшін қажетті жобаларды, оның ішінде мемлекеттік индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде қаржыландыруға барлық күш-жігерін жұмсайды. Бұл ретте банктік сараптама сатысында Банк сарапшылары жоба бойынша барлық тәуекелдерді бағалайды және мәмілені құрылымдау кезінде қандай да бір тәуекелді болдырмауға немесе азайтуға мүмкіндік беретін шарттар енгізіледі.

5-10 жыл бұрын банктер бірінші кезекте кепілмен қамтамасыз ету мен тәуекелдерге назар аударған, алайда бүгінгі күні осы базалық талаптардан басқа, қаржы институттары ESG стандарттарына сәйкес келетін жобаларға назар аударады. ҚДБ болашақ қарыз алушыларына жобаларды тиімді басқаруда экологиялылық, әлеуметтілік және сәйкестік бөлігінде қойылатын талаптар бар ма?

Банк уақыт талабына бағынады, ал уақыт өз ережелерін белгілейді. Және ESG стандарттары (environmental, social и governance) немесе жауапты қаржыландыру стандарттары енді опция емес, қоршаған орта факторларын, әлеуметтік факторларды және басқару факторларын ескеруге тырысатын инвестициялаудың жаңа тәсілі.

ҚДБ қаржыландыратын химия өнеркәсібі кәсіпорындары тұрақты негізде халықаралық көрсеткіштер мен сапа стандарттарына мониторинг жүргізеді, өндірістің жоғары тиімділігін қамтамасыз ету және экологиялық қауіпсіздік деңгейінің қазіргі заманғы талаптарына сәйкестік үшін жабдықтарды жаңғыртады.

Сонымен қатар, Банк өз қызметінің экологиялық және әлеуметтік көрсеткіштері туралы ақпаратты толық ашатын Серіктестерді ынталандырады.

Химиялық жобаларға келгенде, экологиялық мәселе де өткір болатыны белгілі. Химиялық өнімдерді өндіру кезінде антропогендік және техногендік апаттардың алдын алу үшін қазіргі шындықта экологиялық компонентті ескеру қажет.

Экологиялық кодекске сәйкес ҚДБ-да жобаларды оң экологиялық қорытындысыз қаржыландыруға жол берілмейді. Бизнес-жоспарларда әлеуетті қарыз алушылар барлық экологиялық аспектілерді толық көлемде көрсетеді.

Жобалардың әлеуметтік жағы экологиялық мәселелердің маңыздылығынан кем емес. Өйткені инвестициялаудың басты мақсаттарының бірі жаңа жұмыс орындарын құру және халықтың әл-ауқатын жақсарту болып табылады, ал жобаларды сапалы басқару – бұл қарыз алушылар мен банк менеджментінің тиімді өзара іс-қимылының кепілі. Өз бизнесін жауапкершілікпен жүргізетін және ұзақ мерзімді дамуға бағытталған Компания инвестициялар үшін сенімді объект болып табылады.

Химия өнеркәсібінде жобаны қарастыру және құрылымдау кезінде не нәрсеге назар аудару қажет?

Жалпы, іріктеу критерийлері Банктің барлық инвестициялық жобаларына ұқсас, бірақ химиялық жобаларды қарау және құрылымдау кезінде маңызды салалық ерекшеліктер бар. Ең алдымен, жобаны іске асыру орнын талдаймыз. Химия өнеркәсібі шикізатқа қатысты сыйымды сала болғандықтан, химиялық компоненттерді өндіру зауыттары, әдетте, шикізатты өндіру орындарында орналасады. Шикізаттың құндылығына байланысты оған жұмсалатын шығындар өнімнің өзіндік құнының 40-нан 90%-на дейін құрайды. Бұдан басқа, сала су және энергия ресурстарының көп мөлшерін пайдаланады, мұнда да жоба бойынша ресурстық жеткіліктілікті бағалау қажет. Тұтынушылық фактор үлкен әсер етеді. Осылайша, ыңғайлылық пен үнемділік үшін кейбір химиялық өндірістер тікелей басқа өнеркәсіптік кәсіпорынның аумағында орналасады.

Химиялық өндірістердің тағы бір ерекшелігі – оларда негізгі қорлардың физикалық тозуы тез жүреді, бұл химиялық процестердің ерекшелігіне және жабдықтың жұмыс режиміне байланысты. Химиялық өндірістер еңбек құралдары жұмыс істейтін ортаның жоғары агрессивтілігімен, сондай-ақ температура, қысым, катализатор, қышқылдар және т.б. сияқты әртүрлі жүктемелердің күрделі әсерімен және көбінесе жабдықтың үздіксіз жұмыс режимімен сипатталады. Демек, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту отандық химия өнеркәсібі кәсіпорындарының кірістілігін арттырудың қажетті факторы болып табылады және негізінен жабдықтарды жаңартуға және өнім көлемін ұлғайтуға бағытталған. Химиялық өнімдер нарығындағы бәсекелестік осы өнім өндірілетін жабдықтың сапасына тікелей байланысты.

Сондай-ақ, ұзақ мерзімді жоспарлау кезінде өнімді сатуды дамыту, өнімді сатуға кепілдік беретін оффтейк-келісімшарттардың немесе контрагенттермен басқа келісімшарттардың болуы маңызды аспект болып табылады.

Сонымен қатар, жобаның бастамашысы тарапынан білікті кадрларды даярлау мәселесін пысықтау назар аударуды қажет ететін маңызды фактор болып табылады. Нақты, инженерлік және жаратылыстану ғылымдары саласындағы, атап айтқанда химия саласында талап етілетін мамандардың жетіспеушілігі жобаның бастамашысы жобалық құжаттаманы әзірлеу сатысында пысықтауы тиіс өзекті мәселе болып табылады.

Химия өнеркәсібінде қандай жобалар жетіспейді?

Қазақстанға химия импорты қазір негізінен Қытай мен Ресейден келеді. Өзінің аз тонналы химиясының болмауы фармацевтика сияқты басқа салалардың дамуына кедергі келтіреді. Инвесторларға жоғары қайта бөлу өнімдерін шығаратын аз тонналы химияға назар аудару тиімді болмақ.

Ішкі нарықтағы химиялық өнімге сұраныс жылына шамамен 3,5 млрд. долларды құрайды, оның ішінде қазір 2,4-2,8 млрд АҚШ доллары импортқа тиесілі. Импортты алмастыруға бағытталған химиялық жобалар - инвесторлар үшін жақын арадағы перспективаға бағыт.

Инвесторлар келесі салаларға да назар аударуы керек:

- калийи тыңайтқыштары, өйткені, айтарлықтай шикізат базасын (мамандардың деректері бойынша, еліміздің батыс өңірінде 6 млрд тоннаға жуық калий тұзының қоры бар), ауыл шаруашылығы тарапынан жоғары сұранысты және тұтынудың өсу әлеуетін ескере отырып, калий тыңайтқыштарын өндіру басым бағыт қана емес, сондай-ақ инвестициялаудың тартымды бағыты болып қала береді;

- азот тыңайтқыштарының ең танымал қатты түрі болып табылатын карбамид, бұл ретте Қазақстанда ғана емес, жақын және алыс шетелдерде де тұтынудың сенімді өсуін көрсетеді;

- түйіршіктелген каустикалық сода, Қазақстанда түйіршікті каустиктің тұрақты тұтынушылары бар болғандықтан, бұл тауаша инвестициялау үшін еркін және перспективалы болып табылады;

- қолданыстағы және перспективалы ірі химиялық кәсіпорындарды ескере отырып, ішкі нарықта тұтынудың өсуі таяудағы 5 жылда 450-500 мың тонна деңгейінде болжанатын кальцийлендірілген сода;

- аммоний сульфаты оны өндірудің өнеркәсіптік ауқымының болмауына, импортқа тәуелділіктің жоғары болуына және жеткілікті шикізат компоненттерінің болуына байланысты инвесторлар тарапынан қаражат салу үшін перспективалы бағыт болып табылады.

Қазақстанның Даму Банкі еліміздің химия саласын трансформациялауға, оны цифрландырудың заманауи мүмкіндіктеріне сәйкес дамытуға және ESG-стандарттарын енгізуге мүдделі. Осыған байланысты Банктің серіктестері – химия кәсіпорындары индустриядағы қалған компаниялар үшін өсу драйвері немесе бенчмарк бола алады, ал ҚДБ ұсынатын қаржыландыру құралдары – химия өнеркәсібінің қазақстандық экономиканың жалпы мәніндегі үлесін ұлғайтудың ауқымды жоспарын іске асырудың кілті. ҚДБ мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, жобалық қаржыландыру форматында, қаржы ұйымдарымен бірлесіп синдикатталған қаржыландыру бөлігінде төмен пайыздық мөлшерлемемен қаржыландырудың үздік шарттарын ұсына отырып, бизнеспен бірлесіп химия саласындағы жаңа өндірістерді дамытуға, сондай-ақ кепілдіктер беруге дайын.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79