• kz

Электрондық кезек арқылы автокредиттеу

Жеңілдікпен автокредит берудің мемлекеттік бағдарламасы қазақстандықтар арасында үлкен сұранысқа ие. Жыл сайын «темір тұлпарды» төмен пайыздық мөлшерлемемен алғысы келетіндердің саны артуда. Мемлекеттік бағдарламаның негізгі операторы - Қазақстанның Даму Банкінің (ҚДБ, «Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы) өкілдері хабарлағандай, егер 2019 жылғы наурызда 13 мыңнан астам қазақстандық жалпы сомасы 57,4 млрд теңгеге автокредиттер алса, 2020 жылғы сәуірде олардың саны 20 мыңнан астам адамды құрады, кредиттердің жалпы сомасы 98,05 млрд теңгеге жетті. Ағымдағы жылдың 28 қаңтарындағы жағдай бойынша алты Екінші деңгейдегі банк жалпы сомасы 135,8 млрд теңгеге отандық автоөндірушілердің автокөлігін сатып алу үшін 26 958 кредит ұсынған. Автокредит алу процедурасының қарапайым болуына, бағдарламаны қаржыландыруға жыл сайын көбірек қаржы бөлінуіне қарамастан, өтінімдер саны көп, сол себепті қазақстандықтар бірнеше ай бойы өз кезегін күтуге мәжбүр. Енді, өтінімдердің мәртебесін тексеру бойынша online қызметті іске қосқаннан кейін, автокредит алу процесі одан әрі ашық бола түсті.

Қазақстанның Даму Банкі жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасы 2015 жылы іске қосылған сәттен бастап оның операторы болып табылады. ҚДБ Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатынан Екінші деңгейдегі банктерден келіп түскен өтінімдерді түпкілікті қарыз алушыларды қаржыландырудың үш шартына: автомобильдің 1 бірлігінің ең жоғары құнына, сыйақы мөлшерлемесіне және кредит беру мерзіміне сәйкестігі мәніне тексеру жолымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі Екінші деңгейдегі банктердің арнайы шоттарынан қаражатты есептен шығаруды келіседі. Төлем қабілеттілігін қараумен, тексерумен және қарыздарды мақұлдаумен серіктес-банктер айналысады. Екінші деңгейдегі банктердің өтінімдерді қараудың ең ұзақ мерзімі 3 жұмыс күнін құрайды. Республикалық бюджет және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражатынан қаржыландырылатын бағдарламалар бойынша Екінші деңгейдегі банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі арнайы шотынан қаражатты есептен шығаруды келісу жүзеге асырылмайды.

Кредит алуға өтініш берген жеңілдікті автокредиттеу бағдарламасының қатысушыларына өтінімнің мәртебесін тексеру үшін тиісті банктің ресми веб-сайтына өтіп, «автокезек» немесе «автокредиттеу» бөліміне өз жеке деректерін (ЖСН немесе шешім нөмірін) енгізу қажет. Сбербанк https://www.sberbank.kz/ru/autoreg, Forte Bank https://bank.forte.kz/credits/carloans, Қазақстан Халық Банкі https://halykbank.kz/credit/lgotnoe-avtokreditovanie, ВТБ Қазақстан Банкі https://www.vtb-bank.kz/individuals/kreditovanie/avtokreditovanie/.

очередь рус.png

ҚДБ Жеңілдікті автокредиттеу бағдарламасын қаржыландыруға жалпы сомасы 82 млрд теңге болатын алты транш қаражат бағыттаған. Атап айтқанда, Ұлттық қордан 2015-2016 жылдары жалпы сомасы 26 млрд теңге 2 транш, Республикалық бюджеттен 2018-2019 жылдары жалпы сомасы 16 млрд теңге 2 транш, сондай-ақ ҚДБ облигациялар шығару жолымен «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ-тан 40 млрд теңгеге 2 қарыз алуды жүзеге асырды. Жеңілдікті автокредиттеу бағдарламасы бойынша кредит беру жаңартпалы сипатқа ие: қолданыстағы кредиттерді өтеуден түскен төлемдер жаңа қарыздарды беруге жұмсалады. Осындай қаражатты қайта игерудің арқасында қазақстандықтар жалпы сомасы 135,8 млрд теңге қарыз алып, отандық құрастырылған 26 958 автомобильді жеңілдікті шарттармен сатып алған.

1 каз.png2 каз.png3 каз.png

Автомобиль өнеркәсібі елдегі шикізаттық емес секторды дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылады, осыған байланысты жеңілдетілген автокредиттеу бағдарламасы тұтастай қазақстандық машина жасау, атап айтқанда, отандық автоөнеркәсіп үшін қуатты қолдау болып табылады. Өндіріс қарқыны артып, жергілікті құрастырылған автокөліктердің сапасы өсіп келеді, бұл сөзсіз қуантады. Егер сандар туралы айтатын болсақ, өткен жылдың алғашқы 6 айындағы жағдай бойынша жеңілдетілген автокредиттеу үлесі жалпы өндіріс көлемінің 17% - ын құрады.

ҚДБ өкілдерінің деректері бойынша, бүгінде қазақстандықтар үшін мемлекеттік бағдарлама бойынша ең сұранысқа ие автокөліктер Kia Sportage (1791 дана), Lada Vesta (1725 дана), Hyundai Tucson (3025 дана) және Hyundai Elantra (2593 дана) модельдері болып табылады. Сонымен қатар, Нұр-сұлтан және Алматы қалаларының тұрғындары мемлекеттік бағдарламаның белсенді қатысушыларының тізімін бастап, берілген автокредиттердің ең көп саны сәйкесінше, 5036 және 5278 межесінде тіркелген.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79