• kz

Баспасөз хабарламалары

ЖЭК - Сovid-19 кейін әлемдік экономиканы қалпына келтіру қозғалтқышы

2020 жылы пайда болған коронавирустық инфекция әлемдік жаһандануға, өндірістік белсенділіктің төмендеуіне, сондай-ақ бірқатар елдердің экономикасын дүр сілкіндірген және қаржы нарықтарына нақты қауіп төндіретін «коронакризистің» дамуына ықпал етті. Ауыр эпидемиологиялық жағдай әлемдік қоғамдастықтың санасында адамзат енді «Сovid-19-ға дейін» күйіне орала алмайды, жаңа қағидаттар бойынша өмір сүру керек деген түсінік қалыптастырды. Мысалы, қоғам қоршаған ортаға, климаттық жағдайға, сондай-ақ тұрақты даму мәселелеріне деген өз көзқарасын қайта қарауға шақырады. Ресурстарды экология және адами капиталды дамыту жағына қайта бөлу - жаһандық тренд. Дәл осы себептен сарапшылар атап өткендей, бүгінгі таңда ЖЭК-ті жылжытудың барлық түрлері тұрақты экономиканы қалпына келтірудің, жаңа, қауіпсіз жұмыс орындарын құрудың және адамзаттың болашақтағы өркендеуіне инвестициялардың қуатты қозғалтқышы бола алады.

фото СЭС.jpg

ЖЭК құнын едәуір төмендетуге мүмкіндік беретін заманауи технологиялардың дамуы арқасында мұндай перспектива шынайы болып көрінеді. Осылайша, ресми мәліметтерге сәйкес, 2010 жылдан 2017 жылға дейінгі кезеңде күн энергиясын өндіру құны 73% – ға, жел энергиясы 23% - ға төмендеді. Сонымен қатар, жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттіктің (IRENA) болжамдары бойынша жел мен күн энергиясының орташа құны 2025 жылға қарай тағы 40% - ға қысқарады. Егер үкіметтер ЖЭК-тің құлдырайтын бағаларын пайдаланып, дағдарысқа қарсы жоспарларының негізіне таза энергия салса, әлемдік қауымдастық салауатты табиғатқа – жаһандық пандемияға қарсы ең жақсы сақтандыру полисіне үлкен қадам жасайды.

Қазақстанда ЖЭК-ке деген қызығушылық соңғы жылдары көп жағдайда үкіметтің күш-жігерінің және мемлекет тарапынан қолдаудың арқасында өсті. Қазіргі уақытта республикада белгіленген қуаты 1685 МВт болатын 116 ЖЭК объектісі жұмыс істейді. 2020 жылдың қорытындысы бойынша жасыл энергетика өндірісі 3,24 млрд кВтс құрады. Жалпы, 2020 жылдың бірінші тоқсанында ЖЭК 596,2 млн кВтс өндірді, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 88% - ға артық. Мысалы, пайдалануға берілген соңғы «жасыл» жобалардың бірі Алматы облысы Іле ауданы Жетіген ауылдық округінде қуаты 50 МВт «Қаскелең 50 МВт» жаңа күн электр станциясын (КЭС) іске қосу болып табылады. Бүгінгі күні құрылыс толығымен аяқталды, СЭС 2020 жылы пайдалануға берілді және электр тапшылығын азайтуға, органикалық отынды үнемдеуді жүзеге асыруға, сондай-ақ өңірде бар күн әлеуетін игеру арқылы парниктік газдар шығарындыларын азайтуға мүмкіндік береді. Жоспарлы көрсеткіштерге сәйкес, «Қаскелең 50 МВт» КЭС өнімділігі деградацияны есептемегенде жылына 66 884 мың кВт сағат электр энергиясын құрайды.

СЭС.jpg

«Біз республиканың оңтүстік өңірін ең жақсы күн ресурстары есебінен жобаны іске асыру орны ретінде таңдадық. Біздің талдауымызға сәйкес, Алматы облысында күн сәулесінің ұзақтығы жазда шамамен 14 сағатты құрайды - 7 сағаттан 21 сағатқа дейін, ал қыста шамамен 9 сағат - 9 сағаттан 18 сағатқа дейін. Құрылысқа тәжірибелі шетелдік серіктестер, сондай-ақ жоғары білікті инженерлік-техникалық персонал қатысты. Сонымен қатар, «Қаскелең 50 МВт» станциясына арналған жабдықты жеткізушілер ЖЭК бойынша әлемдегі ең ірі, алдыңғы қатарлы жабдықты өндірушілердің топ-10 құрамына кіреді, бұл жиынтығында бізге айтарлықтай бәсекелестік артықшылықты қамтамасыз етеді», - деп атап өтті «Mistral Energy» ЖШС өкілі Алмас Қарабеков.

«Қаскелең 50 МВт» станциясындағы электр энергиясы тұрақты ток жағында жиынтық қуаты 50 МВт поликристалды кремнийлі күн панельдерін пайдалана отырып, күн энергиясын электр энергиясына түрлендірудің фотовольталық әдісімен жүргізіледі. Ауданы 140 га КЭС учаскесінде шамамен 140 мың бірлік осындай панельдер бар.

Жобаның жалпы құны 13,37 млрд теңгені құрады, оның 80% - ын «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ мемлекеттік даму институты (ҚДБ, «Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы) қарыз түрінде ұсынған, қалған 20% - ын «Mistral Energy» ЖШС жобаны іске асырушының өз қаражаты.

«ЖЭК дамытудың маңыздылығын түсіне отырып, бүгінде ҚДБ ЖЭК жобаларына кредит беру үлесін едәуір дәрежеде ұлғайтады және оларға жіті назар аударады. «Қаскелең 50 МВт» КЭС 6 Банк үшін «жасыл» жобаға айналды және біз оны іске қосу ЖЭК-ті елдің жалпы энергия балансына тартуға, «жасыл экономикаға» белсенді көшуге, сондай-ақ қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға ықпал етеді деп сенеміз», - деп атап өтті ҚДБ клиенттермен жұмыс жөніндегі дирекциясының аға банкирінің міндетін атқарушы Бауыржан Аманбеков.

Аманбеков Бауыржан.jpg

Қазіргі уақытта, «Қаскелең 50 МВт» КЭС басқа, Даму банкі жобаларының қоржынында 2 күн электр станциясы бар: Қапшағай қаласының маңында қуаты 100 МВт Nurgisa КЭС, сондай-ақ Түркістан облысында қуаты 20 МВт «Жылға» фотовольтаикалық электр станциясы.


АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79