• kz

Қазақстанның Даму Банкі - өркендеу жолында 20 жыл!

Саркулов Абай.jpg

Негізгі ұлттық даму институты бола отыра, міне, жиырма жылдың ішінде республиканың барлық өңірлерінде іс жүзінде 149 инновациялық жоба іске қосылды немесе жаңғыртылды, олар 30,2 мыңнан астам жұмыс орнын құрды. «Made in Kazakhstan» қазақстандық өндірушілерінің өнімдері біздің елімізде ғана емес, шекарадан тыс жерлерде де үлкен сұранысқа ие. Бұл экологиялық талаптарды ескере отырып құрылатын және Қазақстанды индустрияландыруға, оның болашағы мен қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға елеулі үлес қосқан заманауи жоғары технологиялық өндірістер.

Барлық жоғары көрсеткіштер артында осы уақыт ішінде бізге сенім мен үміт артқан клиенттеріміз тұр. Құрметті Банктің клиенттері мен серіктестері, сіздердің бізге артқан жоғары сенімдеріңіз, көрсеткен қолдауларыңыз және бірімізге-біріміз арқа сүйеп жүріп өткен ортақ жолымыз үшін алғыс айтамын! Банктің табысы мен көрсеткіштері – бұл біздің бірлескен еңбегіміздің, жоғары мақсаттарға ортақ ұмтылысымыздың жемісі. Сіздердің қолдауларынсыз, бізге артқан сенім-үміттерінсіз біз қомақты нәтижелерге қол жеткізе алмаушы едік!

Қазақстанның Даму Банкінің барлық қызметкерлеріне ерекше алғысымды білдіремін!

20 жылдық жас өскіннің шамасына қарамастан, ҚДБ дағдарысты, оның ішінде жаһандық ауқымдағы күрделі жағдайларды еңсеріп, айтарлықтай жұмыс тәжірибесін жинақтады. Осы жолда біз жұмыла жұмыс істеудің әрбір сәтіне тамсана, сын-қателіктерден сабақ ала, қиын қыстау кезеңдерде бір-бірімізді қолдап, жеңістердің қуанышын бірге бөлістік және әрдайым ісімізді алға тарттық, жылдан жылға даму қарқынын үдемелеп жылдамдаттық!

Бүгін, Қазақстанды дамыту институтының 20 жылдық мерейтойы егемен еліміздің құрылғанына 30 жыл толуымен қатар аталып өтуде. Біз тәуелсіздігі тұғырлы елімізбен бірге дамудың жаңа кезеңіне сенімді қадам басып келеміз, сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстан сынды дамудың орасан зор келешегіне көз салып отырмыз. ҚДБ жоспарлары мен міндеттері өңдеуші өнеркәсіпке басымдық бере отырып, әртараптандырылған ауқаты қуатты экономиканың жаңа құрылымын құруға бағытталған ел басшылығының мақсаттарымен тығыз байланысты.

Бүгінде біз алған қарқынды төмендетпейміз, керісінше, алдымызға бизнес пен ел экономикасына, халқымызға пайда әкелетін өршіл міндеттерді қоямыз. Бізге жүктелген миссияның орындалатынына және Қазақстанның даму банкі қойылған міндеттерді орындайтынына нық сенімдімін.

Мерейтой құтты болсын, құрметті достар!

Ізгі тілектермен,
Басқарма төрағасы Абай Сарқұлов

20 лет

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79