• kz

ҚДБ – өркендеу жолында 20 жыл

Қазақстанның Даму Банкі туралы оның мақсаттарын, міндеттері мен мандатын айқындайтын заң 2001 жылғы 25 сәуірде қабылданды. Оған ілесе ҚР Үкіметі 2001 жылғы 18 мамырда ҚДБ құру туралы қаулы шығарды, ал 31 мамырда Банк елдің Әділет министрлігінде тіркелді. Осылайша, посткеңестік күйреудің қалпына келтіру кезеңінен қазіргі Қазақстанды толыққанды дамыту саясатына көшіруді желеу еткен Даму банкінің тарихы басталды.

Здание банка

Бүгінде ҚДБ бұрынғыдай отандық бизнес үшін ел ішінде ғана емес, сонымен қатар оның шегінен тыс жерлерде де тегеурінді жол бастап, экономикалық реформалардың бел ортасында тұр. ҚДБ қоржынында бірегей мәмілелерді ұйымдастыру, стратегиялық және инфрақұрылымдық алып жобаларды қаржыландыру, экспортқа бағдарланған кәсіпорындарды қолдау, сондай-ақ шағын және орта бизнесті, ілеспе өндірістер мен қызметтерді дамыту үшін берік қор құратын мемлекеттік бағдарламаларға қатысу бар. Мысалы, бизнес банк қаржыландырған көлік магистральдары бойында, энергетикалық нысандар – ГЭС және ЖЭК станциялары, жаңа немесе жаңғыртылған зауыттар мен фабрикалар айналасында бой көтеруде. Мұның барлығы ортақтаса қазақстандықтардың өмірін жарқын жаққа түбегейлі өзгертетін маңызды кумулятивтік әсер беруші толыққанды логистикалық және өндірістік кластерлерді қалыптастырады.

«Бір қарағанда, ҚДБ қызметінің қатардағы қазақстандықтардың өміріне тікелей әсерін есептеу қиын болып көрінуі мүмкін, алайда сандарға көз жүгіртсек, ол бірден сезілетін болады. Банк өз қызметінің басталу сәтінен экономиканың дамуына елеулі үлес қосты: қаржыландырылған жобалар мен инвестициялық бағдарламалардың жалпы көлемі 3,7 триллион теңгеден асты, бұл шамамен 149 инвестициялық жоба және 107 экспорттық операция. Республиканың барлық өңірлерінде жалпы құны 7 трлн теңгеден асатын 122 инвестициялық жоба іске қосылды немесе жаңғыртылды, 30 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Мұның бәрі ҚДБ-ның Қазақстанды индустрияландыруға, оның болашағына қосқан үлесі», - деп атап өтті ҚДБ Басқарма төрағасы Абай Сарқұлов.

ҚДБ іске асырған жобалар картасына қарасақ, Банк елдің барлық стратегиялық маңызды кәсіпорындарын іске қосуға, бейнелеп айтқанда – отандық экономиканың локомотивтеріне қатысы бар екені айдан анық көрінеді. Сөз машина жасау, мұнай-химия және тау-кен өнеркәсібі, тамақ өнімдерін өндіру, құрылыс, логистика, энергетика және ЖЭК, коммуникация және байланыс, туризм, экспорттық операциялар жобалары туралы болып отыр. Банктің әрбір жобасы бірегей, оларды іске асырудың арқасында өңірлердің бюджеті салық аударымдарымен толықтырылады, іске қосылған кәсіпорындар өңірдің іргелі жобаларына айналып, жаңа жұмыс орындарын құрады, қосылған құны жоғары әлемдік сападағы қазақстандық өнім өндіріледі.

«Жоғары қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін ҚДБ бірегей мәмілелер ұйымдастырды. Атап айтсам, KAZ Minerals, «Қазхром», «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Жәйрем тау-кен байыту комбинаты» АҚ, «Қазмырыш» ЖШС жобаларына қаржыландыру желісін аштық», – деп атап көрсетті Абай Сарқұлов.

Для статьи.jpg

Бүгінгі таңда банктің қаржыландыру желісі Ақтөбеде шығарылатын қазақстандық ұзын рельс, Проммашкомплект теміржол дөңгелектері, Asia Trafo күштік трансформаторлары, Макинск құс фабрикасының құс еті, YDD Corporation жоғары сапалы ферросилицийі, «Qaz Carbon» ЖШС көмір концентраты, Hyundai және «СарыарқаАвтоПром» жеңіл автомобильдері өндірісін жолға қоюға мүмкіндік берді. Мұнай-газ химиясы саласында ҚДБ Атырау, Шымкент және Павлодар МӨЗ, «Конденсат» МӨЗ құрылысын салуды және жаңғыртуды және «Шымкент химиялық компаниясы» ЖШС метил-трет-бутил эфирін өндіру зауытының құрылысын қаржыландырды, соның нәтижесінде ішкі нарықтағы тапшылық мәселесі шешіліп қана қоймай, халық пен бизнестің қазақстандық жоғары октанды бензинге қажеттіліктері толық қамтамасыз етілді, сонымен қатар отынды шетелге экспорттауға мүмкіндік пайда болды.

для статьи 1.jpg

Қазақстанның Даму Банкінің қатысуымен Қызылорда, Ақтөбе, Түркістан, Маңғыстау және Жамбыл облыстарының елді мекендері сәтті газдандырылып, жаңғыртылды, Сарыарқа газ құбыры салынды. ЖЭК барлық елдік көлемінің шамамен 17,5% - бұл Қазақстанның Даму банкі қаржыландырған жобалар. Сондай-ақ ауылдарға интернет өткізіліп, туристік сала даму үстінде, оның үстіне елордалық әуежайдың жолаушылар терминалы қайта жаңғыртылды және еліміздің басқа да маңызды жобалары жүзеге асырылды.

ҚДБ қандай да бір елдің экономикалық қауіпсіздігін нығайту үшін құрылатын барлық даму институттары сынды мемлекеттік реформалар мен экономикалық жоспарларды іске асыруға бағытталған. Осыған байланысты 2015-2016 жылдардағы дағдарыстан кейін Банк индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы (ИИДМБ) және «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамудың мемлекеттік бағдарламасы сияқты бірқатар мемлекеттік бағдарламалардың негізгі қаржы операторы бола отырып, отандық бизнестің бас әріптесіне және әлеуметтік маңызды жобалардың негізгі қозғалтқышына айналды. Мұндай қадам Банкке өзінің кредиттік қоржынын әртараптандыруға, Қазақстан өңірлерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға, айтарлықтай дәрежеде импортты алмастыруды дамытуға, сондай-ақ қазақстандық өнім экспортының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Жоғары халықаралық рейтингтердің арқасында Даму Банкі ұлттық бағдарламаларды іске асыру үшін мемлекеттік қаржыландыру көздерінен басқа, шетелдік нарықтардан ақшаны табысты тарта алатынын атап өту қажет. Мысалы, Индустриялық-инновациялық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Ұлттық қордан бөлінген 75 млрд теңгеге нарықтан 150 млрд теңге, ал республикалық бюджеттен бөлінген 178 млрд теңгеге 178 млрд теңге нарықтық қаражат тартылды. Тек 2020 жылдың қорытындысы бойынша Даму банкі мемлекеттік қаражаттың әрбір 1 теңгесіне қосымша 3,35 теңге нарықтық қарыз тартты. Ал ҚДБ қызметі басталғаннан бергі бұл көрсеткіш барлығы 12 326, 4 млн теңгеге тең.

«Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру үшін операторды таңдау кезінде көбінесе Даму банкі таңдалады, өйткені барлық қаржы ұйымдары мен банктер мұндай ұзақ мерзімге төмен пайызбен көп ақша бере алмайды. Дәл осы себептен жаңа ірі кәсіпорындардың құрылысына және жұмыс істеп тұрғандарының қуаттарын кеңейтуге қажетті қаражат көлемін шоғырландыруды сектордың неғұрлым ірі ойыншысы – ҚДБ-ге сеніп тапсырылды. Қазіргі таңда біз мемлекеттің жоғары сеніміне ие болып, халық арасында кеңінен танымал жеңілдікпен автокредиттеу бағдарламасының операторы болып отырмыз», - деді ҚДБ басшысы Абай Сарқұлов.

Өткен 20 жыл ішінде ҚДБ халықаралық капитал нарықтарындағы сенімді қарыз алушы және әріптес беделіне ие болып, оны нығайтты, бұл өз кезегінде оған экономикалық және эпидемиологиялық дағдарыстардың күрделі жылдарында да қаражат тартуға мүмкіндік берді. Бүгінде ҚДБ рейтингілері – ҚР квазитәуелсіз және банк секторлары компанияларының арасында ең жоғары. Халықаралық капитал нарықтарында да жоғары капиталдандырылған және оң кредиттік рейтингісі бар қазақстандық даму институты елдің бенчмаркі ретінде қабылданады.

ad72564273513a5a400d251b81bc93ab-slider.jpg

2020 жылдың қорытындысы бойынша ғана Банк өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылымға 506,2 млрд теңге инвестиция салды және еліміздің түрлі өңірлерінде әлеуметтік және экономикалық тиімділігі жоғары 33 ірі жобаны және экспорталды операцияны қаржыландырды. Жұмыс барысындағы 12 ай ішінде ҚДБ инвестициялық жобалар бойынша 10 өтінімді және экспорталды операциялар бойынша жалпы сомасы 311,9 млрд теңгеге 4 өтінімді қаржыландыруға мақұлдады. Бұл экологиялық талаптарды ескере отырып құрылатын және Қазақстанды индустрияландыруға, оның болашағы мен қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға елеулі үлес қосқан заманауи жоғары технологиялық өндірістер. «Made in Kazakhstan» қазақстандық өндірушілерінің өнімдері біздің елімізде ғана емес, оның шекарасынан тыс жерлерде де үлкен сұранысқа ие. Даму Банкінің кредиттік қоржынының көлемі 14%-ға артып, 1 970,7 млрд теңгеге жетті.

Барлық осы көрсеткіштердің артында, сөзсіз, Банк клиенттерінің, серіктестерінің және стейкхолдерлерінің үлесі бар!

Құрметті Банктің клиенттері, серіктестері мен стейкхолдерлері, сіздердің бізге артқан жоғары сенімдеріңіз, көрсеткен қолдауларыңыз және бірімізге-біріміз арқа сүйеп жүріп өткен ортақ жолымыз үшін алғыс айтамын! Банктің табысы мен көрсеткіштері – бұл біздің бірлескен еңбегіміздің, жоғары мақсаттарға ортақ ұмтылысымыздың жемісі. Сіздердің қолдауларынсыз, бізге артқан сенім-үміттерінсіз біз қомақты нәтижелерге қол жеткізе алмаушы едік!

Бүгін, Қазақстанды дамыту институтының 20 жылдық мерейтойы егемен еліміздің құрылғанына 30 жыл толуымен қатар аталып өтуде. Біз тәуелсіздігі тұғырлы елімізбен бірге дамудың жаңа кезеңіне сенімді қадам басып келеміз, сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстан сынды дамудың орасан зор келешегіне көз салып отырмыз. ҚДБ жоспарлары мен міндеттері өңдеуші өнеркәсіпке басымдық бере отырып, әртараптандырылған ауқаты қуатты экономиканың жаңа құрылымын құруға бағытталған ел басшылығының мақсаттарымен тығыз байланысты.

Бүгінде біз алған қарқынды төмендетпейміз, керісінше, алдымызға бизнес пен ел экономикасына, халқымызға пайда әкелетін өршіл міндеттерді қоямыз. Бізге жүктелген миссияның орындалатынына және Қазақстанның даму банкі қойылған міндеттерді орындайтынына нық сенімдімін.

Сіздерге одан әрі даму мен өркендеуді, нарықтағы көшбасшылық тұғырнаманы сақтауды, үлкен экономикалық жетістіктерді, негізгі көрсеткіштердің қарқынды өсуін және стратегиялық міндеттерді сәтті іске асыруды тілеймін!

_MG_2313.jpg

Ізгі тілектермен,
Басқарма төрағасы Абай Сарқұлов

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79