• kz

Баспасөз хабарламалары

KAZ Minerals Aktogay жылы лебізі: Мемлекеттің рөлі мен ҚДБ-ның мемлекеттік бағдарламаларды қолдауын асыра бағалау қиын

Банктің мерейтойына арналған біздің #РақметҚДБ атты жаңа айдарымызда біз табыс тарихымызбен бөлісуші, еліміздің басты даму институтымен ынтымақтастықтың әсерін бағалаушы, сондай-ақ бізді 20 жылдық мерейтойымызбен құттықтаушы қарыз алушыларымыздың пікірлерін жариялайтын боламыз!

KAZ Minerals тобы мен Қазақстанның Даму Банкі (ҚДБ) ынтымақтастығы 2016 жылғы желтоқсаннан басталды. Сол кезде ҚДБ Ақтоғай тау-кен байыту кешенінің (ТБК) негізгі сульфидті байыту фабрикасының құрылысын аяқтауды қаржыландыру үшін топқа көлемі $300 млн кредит желісін берді. Кредит желісінің қолданыс мерзімі – 8,5 жыл.

Филип Уелтен.jpg

Екі жарым жылдан кейін, 2019 жылғы маусымда біз ҚДБ-мен көлемі $600 млн жаңа кредит желісін беру туралы келісімге қол қойдық, бұл қадам қазіргі уақытта құрылыстың аяқталу сатысында тұрған Ақтоғай ТБК кеңейту жобасын қаржыландыру үшін жасалды. Ақтоғайдың өңдеу қуатын екі есеге – 25-тен 50 млн тоннаға дейін арттыруға арналған жобаны Директорлар кеңесі 2017 жылғы желтоқсанда мақұлдады. Құрылыс 2021 жылдың соңында аяқталады. Кредит желісінің қолданыс мерзімі – 2034 жылы түпкілікті өтегенге дейін 15 жыл.

Пресс брифинг

Топтың трансформациялық жобалары аясында ҚДБ-мен ынтымақтасу – бұл тек қаржылық қатынастар ғана емес, сондай-ақ берік әріптестік байланыс, қазақстандық компаниялардың ел ішінде сенімді пікірлестері болуы мүмкін екендігінің дәлелі.

Kaz Minerals тобының Ақтоғай және Бозшакөл жобалары – соңғы онжылдықтар аясында бірегей. Мұндай кеніштер ТМД аумағында Кеңес заманынан бері салынбаған. Ақтоғайда геологиялық барлау 1956-59 жылдары жүргізілген. Мыстың жалпы қоры 5 млн тоннадан асады екен. Бірақ мұндағы кен өте кедей ғана емес, сонымен қатар кен орнының жоғарғы бөлігінде тотыққан болып келеді, яғни байытылуы қиын.

Казминералс

Ақтоғай кен орнын игерудің алғашқы жобасын 1970 жылдары мәскеулік «Гипроцветмет» институты әзірлеген. Жоба өте қымбат болды және КСРО Түсті металлургия министрлігі оған қаражат таба алмады. Құрылысты бастау туралы шешім тек 2005 жылдың мамыр айында қабылданды. Содан кейін карьер АҚШ-тағы Bingham Canyon әлемдік алпауытына, сондай-ақ Индонезиядағы (Grasberg) және Чилидегі (Escondida) ең үлкен карьерлерге ұқсас болады деп айтылды. Қазақстан үшін бұл жаңа жұмыс орындары және ел үшін экспорттан түсетін қосымша табыс болады деп ұйғарылды. Әлемдегі ең ірі диірмендер мен ұсатқыштарды орнатуды, ең заманауи технологиялар мен ең жаңа тау-кен техникасын пайдалануды жоспарладық. Мұның бәрін KAZ Minerals өз уақытында және бюджет аясында жүзеге асырды, бұл Қазақстанның инновациялық дамуына жаңа серпін берді.

Құрылыс 2013 жылдың алғашқы айларында басталды. Қазақмыс компаниясы қайта құрылғаннан кейін 2014 жылы бұл жұмысты Kaz Minerals тобы жалғастырды.

Оксидті кеннен катодты мыс өндіру Ақтоғайда 2015 жылғы желтоқсанда, сульфидті кеннен мыс концентратын өндіру 2017 жылғы ақпанда басталды. Сульфидті кенді өңдейтін бір фабриканың жылдық қуаттылығы – 25 млн тонна. Екінші фабрикада 25 млн тоннамен құрылыс аяқталады деп күтілуде.

Ақтоғай ТБК құрылысының бюджеті – $2,1 млрд. Кеңейту жобасының құны $1,2 млрд. құрады.

Казминералс

Мемлекеттің рөлін және ҚДБ-ның мемлекеттік бағдарламаларды қолдауын асыра бағалау қиын. Қазақстандағы ең ірі мыс кеніштері, соның ішінде Қазақстанның инновациялық даму бағдарламасының арқасында салынды. Біздің жобалар басқа да осындай ауқымды құрылыстармен қатар республиканың Индустрияландыру картасына енгізілген.

Ақтоғай ТБК құрылысы Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының бірқатар әлеуметтік мәселелерін шешуге үлес қосты, біз жұмыс орындарын құрдық, ауданның әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуға инвестициялар бағыттадық.

Көптеген адамдар біздің осындай өршіл жобаларды жеңе алатынымызға күмәнмен қарады, бірақ он жылдан кейін компанияның, оның ішінде ҚДБ қолдауының арқасында аяғына нық тұрды. Ақтоғай кен орнының операциялық шығындары халықаралық мыс өндіретін кәсіпорындармен бәсекелесе алады.

Казминералс

2020 жылы Ақтоғай 120-130 мың тонна жылдық диапазоннан асып, 131 мың тонна мыс өндірді. Өндірістің жылдық көлемі 2022 жылдан 2027 жылға дейін өндірісті екінші БФ іске қосқаннан кейін 170 мың тоннаға дейін ұлғаяды. Оксидті кеннен мыс өндіру 2024 жылға дейін жылына шамамен 20 мың тоннаны құрайды.

Нарықтағы мыстың болжамы оң болып қалатындықтан, бұл қарқынмен даму Ақтоғайға, яғни KAZ Minerals тобына да жоғары сұраныс нарығы жағдайында өсу стратегиясын жалғастыруға көмектеседі. Бұл өңір экономикасының неғұрлым қарқынды дамуына қосымша серпін береді, таяу болашақта өңірлік және республикалық бюджеттер үшін елеулі экономикалық пайданы қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, ұлттық кадрларды оқыту және олардың біліктілігін арттыру саясаты жалғастырылатын болады.

Мерейтойға орай біз Қазақстанның Даму Банкіне ұзақ мерзімді перспективалық тұрақтылықты, одан әрі қарай жоғарылауды және сенімді серіктестердің болуын тілейміз.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79