• kz

Баспасөз хабарламалары

#РахметҚДБ: «Қазфосфат» ЖШС

Мукаш ИСКАНДИРОВ
Дәл сол уақытта АҚШ-тағы ипотекалық дағдарыстан дүниежүзілік экономикалық дағдарыс тарады. Қазақстан дүниежүзілік экономикалық қоғамдастыққа интеграцияланғандықтан дағдарыстың әсері бізді де айналып өтпеді. Алға қойылған мақсаттарға жету үшін «Қазфосфат» ЖШС-қа қолжетімді қаржыландыру қажет болды. Және сол бір қиын шақта
ҚДБ бізге 50 млн доллар мөлшеріндегі кредиттік желіні мақұлдап, қолдау көрсетті. Біз өндіріс және сатылым көлемдерін арттыруға мүмкіндік берген сол қолдауды ризашылықпен еске аламыз.

Кезекті дүниежүзілік дағдарыс тағы да біздің қызметімізге әсер еткен 2015 жылы компанияның экономикалық тұрақтылығын сақтауда банк үлкен рөл атқарды. Сатылым көлемдерінің азаюының объективті себептерінен 2014 жылдың көрсеткіштерін сақтап қалу қиынға соқты. Компанияны қолдау үшін 2015 жылғы 17 тамызда ҚДБ бізге экспорт алды операция үшін шикізаттарды, материалдарды және қызметтерді сатып алуға 3 млрд теңгеге кредиттік лимит ашып берді. Кейін желіні жеті миллиард теңгеге дейін арттырдық. Нәтижесінде біз өндірісті арттырып қана қоймай, мемлекеттік бюджетке салық аударымдарын 2014 жылғы 6 689 млн теңгеден 2020 жылы 20 615 млн теңгеге дейін көбейттік.
Казфосфат_цех 2.jpg
Сондай-ақ, 2015–2019 жылдарға арналған ҮИИДМБ аясында Халық Банкі мен ҚДБ-ның қаржылық қолдауымен біз «Қазфосфат» ЖШС Тараз филиалының «Минералдық тыңайтқыштар» зауытының ЭФК-1 технологиялық жүйесін қалпына келтіру бойынша инвестициялық жобаны іске асырдық.

Бұл минералдық тыңайтқыштарды шығару көлемін жылына 130 мың тоннадан 2017 жылы 300 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Бес жылға ашылған кредиттік желінің аяқталу мерзімі пандемия кезінде 2020 жылдың тамызына сәйкес келсе де, біз оны толығымен өтедік. Ал 2020 жылдың қыркүйегінде біз ҚДБ-мен жеті миллиард теңгелік лимитпен 3 жылға желі ашу туралы жаңа келісімді жасастық.
Казфосфат
Бүгінгі таңда «Қазфосфат» ЖШС Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының аумағында жұмыс істеп жатыр. Біз алты қала және қала маңынан келетін 6 300 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырмыз. Компанияның айналасында «Қазфосфат» ЖШС
өндірістік қызметіне қызмет көрсетуге және тауар жеткізуге бағытталған 40 дейін ШОБ субъектісі құрылған. 2020 жылдың ішінде бұл қызметтер мен тауарларға бөлінген қаржы
9 млрд теңгеден асты.

Даму банкімен қаржылық серіктестіктің және жалпы – бизнесті мемлекеттік қолдаудың арқасында қолжеткізуге мүмкіндік туған мультипликативті әсердің болғаны анық. Сондықтан біз қазақстандық компаниялардың қызметінде банктің рөлі орасан зор деп есептейміз. ҚДБ оларға өндіріс көлемдерін сақтап, арттыруға ғана емес, сонымен қатар бизнесте тың бағыттарды, жаңа нарықтарды ашуға көмектеседі. Атап айтқанда, «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында ҚДБ бізге экспорттық қаржыландыруды ұсынды. Бұл компанияға фосфордың және құрамында фосфоры бар өнімдердің аса ірі экспорттаушысы болуға мүмкіндік берді: 2020 жылдың өзінде сатылымдар көлемі 137,6 млрд теңгені құрады.
Казфосфат
Қазақстанның Даму банкі – бизнесімізге алғашқылардың бірі болып қолдау көрсеткен және әлі де көрсетіп келе жатқан біз үшін маңызды серіктес. Экономиканың үздіксіз өзгеріп, қарқынды даму жағдайларында оның 20-жылдығы – кредиттік ұйым үшін елеулі
күн. Осы жылдардың ішінде жинақталған тәжірибе банктің маңызды бәсекелестік артықшылығы болып табылады, оған қазіргі заманның кез келген талаптарына орай жылдам әрі икемді түрде әрекет етуге, Қазақстанның бизнес-қоғамдастығының өмірінде ай-
тарлықтай рөл атқаруға мүмкіндік береді.

«Қазфосфат» ЖШС-тің алты мыңдық ұжымының атынан банктің мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз. Осы айтулы күн жаңа шыңдарды еңсерудің және әлеуетті арттырудың бастауы болсын. ҚДБ-ға табысты жобаларды, алға қойылған мақсаттардың
барлығына жетуді, тұрақтылық пен өркендеуді тілейміз. Пандемия сияқты күтпеген жағдайлар да жоспарларыңызды бұзбасын. Әрбір қызметкерлеріңізге денсаулық, бақыт және сарқылмас қайрат тілейміз.
АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79