• kz

Баспасөз хабарламалары

«Көлік, логистика және байланыс — экспортқа бағдарланған кәсіпорындардың «қолы мен аяғы»

Көбінесе, бұл саладағы жобалар маржиналдылықтың төмендігімен, кепілдіктердің болмауымен және капиталды көп қажет ететіндігімен ерекшеленеді – бұл оларды көптеген қаржы ұйымдары мен екінші деңгейдегі банктер үшін үлкен қызығушылық тудырмайтын әлеуметтік бағыттағы жобалар ретінде автоматты түрде жіктейді. Демек, мұндай инфрақұрылымдық жобаларды іске қосу үшін мемлекеттік қолдау және «арзан, ұзақ» қаржыландыру қажет. Ұлттық даму институтының отандық көлік-логистикалық кешенді қалай қолдайтыны туралы «DBK Talk» айдарында ҚДБ Клиенттермен жұмыс істеу дирекциясының аға банкирі Әсем Шакенова әңгімелейді.

Асем Шакенова.JPG

Көлік-логистикалық кешен Қазақстан үшін ерекше маңызды. Сіз елдегі осы саланың дамуын қалай бағалайсыз?

Сіз дұрыс айтасыз, дамыған көлік-логистикалық инфрақұрылым – кез келген елдің, әсіресе, бір-бірінен шалғай орналасқан елді мекендері бар үлкен аумақты және өңірдегі жаңа көлік бағыттарының қалыптасуымен байланысты болатын қолайлы географиялық жағдайды ескеретін болсақ, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өсуінің негізгі факторы. Соңғы жылдары Қазақстанда саладағы жағдайдың жақсаруы үшін көп жұмыс жасалды, мысалы, саланы қолдауға қаржы бөлінуде, жаңа инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда. Алайда, мұнымен тоқтап қалмау керек, себебі қарқынды технологиялық прогресс пен цифрландырудың салдарынан мұнда тектоникалық өзгерістер орын алуда.

Бүгінгі таңда Қазақстандағы көлік инфрақұрылымының, логистиканың және байланыстың дамуына қандай трендтер әсер етеді?

Егер техникалық трендтер туралы айтатын болсақ, онда көлік, логистика және байланыс салалары, экономиканың басқа секторлары сияқты, цифрлық трансформация жолымен жүріп жатыр, IT шешімдер белсенді енгізілуде, цифрлық қызметтер нарығы дамуда. Саладағы техникалық прогрестің даму қарқыны өте жоғары, егер бізде бар нәрсені 6 жыл бұрынғы кезеңмен салыстырсақ, барлығы дерлік өзгерді. Мысалы, 2014 жылы біз Қазақстанның Даму Банкінің қатысуымен «Алтел» ЖШС (қазір «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС) төртінші буындағы (4G) сымсыз байланыс желісін құрып жатқанын мақтанышпен жарияладық, бірнеше жыл өтті және енді 5G-ге дейін жаңарту қажеттілігі туындауда.

Инвестициялық трендтерге қатысты айтатын болсақ, қазір салада инфрақұрылымдық жобалар жобалық қаржыландыру және мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) құралдары арқылы іске асырылуда. ҚДБ-да МЖӘ форматындағы алғашқы жоба 2019 жылы іске асырылды – бүкіл ел бойынша ауылдық елді мекендерді ғаламтордың кеңжолақты қолжетімділігімен қамтамасыз ету жөніндегі инвестициялық жобаны қаржыландыру еді. Сол кездегі қарыз алушылар – «SilkNetCom» ЖШС және «Қазақтелеком» АҚ.

Общее фото.JPG
«SilkNetCom» ЖШС несиелік желі ашу 

ҚДБ портфелінде көлік, логистика және байланыс саласындағы қанша жоба бар? Мұндай жобаларды бағалау мен құрылымдаудың басқалардан түбегейлі айырмашылығы бар ма?

Айырмашылықтар әрқашан бола береді, бұл әр түрлі салалардағы жобаларға ғана емес, сонымен қатар бір портфельдің ішіндегі жобаларға да қатысты болады. Бұл Банктің барлық жобаларының ауқымы, өрісі және әлеуметтік-экономикалық, стратегиялық маңызы жағынан бірегей болуына байланысты болуы мүмкін.

Соған қарамастан, көлік, логистика және байланыс саласындағы жобалар қолдаудың ерекше тәсілдерін талап ететін белгілі бір түбегейлі айырмашылықтарға ие, себебі бұл бағытты дамыту бизнеске емес, мемлекетке қажет. Мәселе мынада, мұндай жобалар жоғары капиталды қажет етеді, маржиналдылығы төмен және кепілдік болмайды. Демек, ЕДБ және көптеген қаржы компаниялары үшін олар қауіпті және тиімсіз, шамамен айтқанда, олар бір-екі жылға төленбейді, мұнда есеп ондаған жылдарға созылады. Тағы бір ерекшелігі – мұндай жобалардың шиеленіскен әлеуметтік бағыты. Тағы да, осындай инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін теңгемен «арзан» және «ұзақ» қаржыландыру қажет. Соңында көлік, логистика және байланыс — бұл экспортқа бағдарланған кәсіпорындардың «қолы мен аяғы» екенін ұмытпаған жөн, оларсыз өндірістік инфрақұрылымды, өңдеуші өнеркәсіпті дамыту және «Made in KZ» өнімінің экспортын ұлғайту туралы сөз бола алмайды.

Ұлттық валютада ең үздік қаржыландыруды ұсынатын басты даму институты ретінде ҚДБ үшін, керісінше, мұндай жобалар мандатқа кіреді. Сондықтан біз өзіміздің кредиттік портфеліміздегі олардың санын көбейтуге тырысамыз, бүгінгі таңда көлік, логистика және байланыс саласы бойынша бізде жұмыс істеп тұрған 14 жоба бар.

газопровод Сарыарка.JPG

Атап айтқанда, бұл – «Вагонсервис» АҚ жолаушылар вагондары мен электр пойыздарын сатып алу, «АстанаГаз ҚМГ» АҚ «Сарыарқа» магистральдық газ құбырын салу, Шымкентте көлік-логистика орталығын салу және Нұр-Сұлтандағы «Continental Logistics» ЖШС КЛО жаңғырту, LTE/GSM/UMTS желілерін енгізу және еліміздің ауылдық елді мекендерін кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету және басқа да жобалар.

ТЛЦ Шымкент

Сіз жаңа қарыз алушыларды қалай қызықтырасыз, саланың дамуын ынталандыру үшін кредиттеудің ерекше шарттары қандай?

ҚДБ-ның елдің шикізаттық емес секторына инвестицияларды жүзеге асыру жолымен, оның ішінде ірі инфрақұрылымдық және индустриялық жобаларды құрылымдау арқылы ұлттық экономиканың орнықты дамуына жәрдемдесу миссиясын назарға алсақ, өңірдегі аздаған қаржы ұйымдары ғана бізбен бәсекелестік жасай алады. Бұл ретте біз өз алдымызға пайданы барынша көбейту жөніндегі мақсаттарды қоймаймыз, әлеуметтік маңызы бар жобаларды әрқашан басымдықта ұстаймыз, біз әлеуетті өтінім берушілерге қойылатын икемді талаптарға иеміз, кепілмен қамтамасыз ету бойынша бейілді саясатты ұстанамыз, сондай-ақ құралдардың кең желісін ұсынамыз. Дәл сол себепті біздің жобаларымыз, әсіресе олар жаңа пайда болған кезде, ЕДБ үшін тартымды емес. Демек, біздің қарыз алушыларымыз шарттарымызды біле отырып, бізге мақсатты түрде келеді.

ТЛЦ Нур-Султан

Көлік-логистикалық кешенді дамытуды ынталандыруға қатысты, Банктің фронт-кеңсесінің командасы салалық министрлікпен жүйелі түрде хабардар болу және халықтың әлеуметтік қажеттіліктерін қоса алғанда, елдің қажеттіліктерінен шығу үшін саланы дамыту жоспарын талқылайды. Әрі қарай біз инвесторларды немесе жобаны қаржыландырудың қолайлы көздерін іздейміз.

Пандемия мен карантин кезінде жобаларды қарастыруға деген көзқарасыңыз өзгерді ме?

Коронавирустық пандемияға байланысты біздің өміріміз түбегейлі өзгерді, сәйкесінше, мұндай жаһандық өзгерістер біздің жұмысымызды және жалпы банктің бизнес үдерістерін айналып өте алмады. Дегенмен, топ-менеджмент пен банк басшылығы тарапынан дер кезінде әрекет етудің арқасында біз жобаларды онлайн нысанға жедел түрде қайта құрып, қаржыландыруды ұйымдастыра алдық, өйткені біз жобалардың құрылысын тоқтатуға және кешіктіруге болмайтындығын түсіндік, мысалы, карантинге байланысты сыртқы әлемнен өзгеше қалуы мүмкін болатын ауылдық елді мекендерді ғаламтормен қамтамасыз ету. Біз толығымен онлайн кездесулерге көштік, тіпті қарыз алушыны «көзбе-көз» көрместен, жобаны мақұлдай алатынымыз әзілге айналды.

Бір қарағанда, көлік саласындағы жобалар пандемияның теріс әсерінен ең көп зардап шеккен сияқты, солай ма? Сіздің қазіргі қарыз алушыларыңыз дағдарысты қалай бастан кешуде?

Менің ойымша, әр банкир өзінің бағыты туралы дәл осылай айта алады, өйткені экономика пандемиядан қатты зардап шекті. Көлік саласындағы жобаларға келетін болсақ, сөзсіз, солай болды. Есіңізде болса, бизнес-белсенділік іс жүзінде нөлдік деңгейге дейін төмендеді, тауарлар қозғалысы жүзеге асырылмады, нәтижесінде көлік компанияларының кірістері күрт төмендеді.

Банк өз тарапынан стресс-тестілеу өткізді, біз әрбір жоба бойынша дағдарысқа қарсы шаралардың егжей-тегжейлі жоспарын қалыптастырдық, біздің клиенттеріміздің әрқайсысына барынша жеке көзқараспен қарадық – осының барлығы бізге және біздің қарыз алушыларымызға пандемияның алғашқы толқындарынан аман-есен өтуге көмектесті. Қазіргі уақытта байланыс саласын қоса алғанда, көліктік-логистикалық бағыттағы портфельде проблемалық жобалар жоқ.

2021 жылға арналған жаңа жобалар/жоспарлар туралы айтып берсеңіз?

Қазір біз отандық нарықты сапалы өніммен қанықтыруды қамтамасыз ететін және халық үшін азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заманауи сауда жүйесін дамыту үшін инфрақұрылым құруға бағытталған тағы бір стратегиялық маңызды жоба бойынша жұмыс істеп жатырмыз.

Жақын болашақта әрбір қазақстандықтың үйінде ғаламтор пен газдың болуы үшін, ал елдің көлік инфрақұрылымы дамыған мемлекеттер деңгейіне жетуі үшін 2021 жылы үкіметпен, қарыз алушылармен және серіктестермен ынтымақтастықты күшейту жөніндегі белсенді жұмысты жалғастырамыз.


АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79